10. Кортеж құрылымы және қолданылуы
Жоспар
1. Кортеж құрылымы
2. Кортеж әдістері, функциясы
3. Бекіту мысалдары
Кортеж дегеніміз реттелген элементтер жиыны. Кортеж құрылымының тізімнен айырмашылығы оны өзгертуге болмайды. Кортеж tuple типіне жатады. Кортежді құруға tuple функциясы қолданылады.
a=tuple()
print(a)
b=tuple([1,2,3,4,5,40])
print(b)
c=(10,20,30,40,50)
print(c)
d=tuple("informatika")
print(d)
Кортеж элементін индексі арқылы алуға болады, қиып алуға болады, бріктіру, қайталау(*) амалдары орындалады және жиынға тиістілікті(in) тексеруге болады. Мысалы:
k = (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9)
k[0] – кортеждің бірінші элементін аламыз
k[3:6] –(4, 5, 6)
k[: :-1] – (9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1)
8 in k – True, 10 in k - False
( 1, 2, 3) * 3 - қайталау
( 1, 2, 3, 1, 2, 3, 1, 2,, 3)
(1, 2, 3) + (4, 5, 6) - біріктіру, ( 1, 2, 3, 4, 5, 6)
Кортеждің екі әдісі бар.
index () әдісі арқылы мәні бойынша элемент индексі анықталады.
k=c.index(30)
print(k)
count() әдісі арқылы белгілі мәнді элементтер саны анықталады.
l=e.count(40)
print(l)
Кортеждегі элементтер санын len() функциясы арқылы анықтаймыз.
m=len(e)
print(m)
Кортеж элементтеріне тізімдегідей қиып алу амалдарын қолдануға болады.
Мысал1. Бүтін сандардан тұратын a кортежі берілген. Кортеждің ең кіші элементін анықтаңыз.
min=e[0]
for i in range(1,11):
if min>e[i]:
min=e[i]
print("min=", min)
Мысал2. Жол берілген. Жолдағы дауысты дыбыстардың санын анықтаңыз.
s=0
st=tuple("informatika")
d=tuple("aieouy")
k=len(st)
for i in range(0,k):
if st[i] in d:
s=s+1
print("s=", s)
Матрицаны сипаттауға кортеждер тізімін қолдануға болады. Мысалы:
B=[(4,5,6),(1,2,3),(9,8,7)]
Ішкі sorted функциясы арқылы кортеж элементтерін сұрыптауға болады.
E=(11, 4, 56, 9, 8, 27, 9, 6,45, 32)
e=tuple(sorted(e))
print(e)
Бір элементтен тұратын кортеждің құрылуы:
a=(12,)
Ескерту. Бір элемент болсада үтір міндетті түрде қойылады.
Мысал3. Кортеж берілген. Кортеждегі цифрлар санын анықтайтын және оларды экранға шығаратын программа құрыңыз.
Программа коды:
# *coding utf-8*
s=0
st=tuple("2inform_6sabagi_3keremet_ura_7!!!")
d=tuple("123456789")
k=len(st)
for i in range(0,k):
if st[i] in d:
s=s+1
print(st[i],end=" ")
print("\n s=", s)
Достарыңызбен бөлісу: |