9. Жолдар
Жоспар
Жолдар және орындалатын амалдар
Функциялар
3. Бекіту мысалдары
Жол дегеніміз символдар тізбегі. Жолды енгізуге input операторы қолданылады. Кез келген объектіні str функциясы арқылы жолға айналдыруға болады.
str=input()
Операциялар:
1. Конкатенция, +
a=“Java”
b=“script”
print(a+b)
2. Қайталау
print(“ab”*3)
3. K=len(str) – жолдағы символдар санын қайтарады;
4. st[n] - жолға индексі бойынша ену, индекс 0 –ден басталады, индекс мәні теріс болса жол соңынан есептеледі;
txt=«Python программалау тілі»
\t – табуляция, бір орын тастау
\n –жаңа жолға көшу
str(i)- символға айналдыру
Жолдарға қиып алу операциялары орындалады:
txt[:6]- мәтін басынан бастап 6 символға дейін қиып алады;
txt[6:24] – 6 ..23 символдарды алады;
txt[7:] – 7 символдан бастап соңына дейін;
txt[::-1]- кері ретпен орналастырады;
txt[a:b:c]- мұнда 3 параметр қадамды көрсетеді, мысалы, с=2 болса, әр екінші символ алынады; егер қадам с=-1, cимволдар кері ретпен орналасады;
txt="Python программалау тілі"
print(txt[6:12])
print(txt[7:])
print(txt[::-1])
print(txt[0:20:2])
Әдістер
find әдісі, s.find(“t”) - берілген жолда ішкі жолдың алғашқы енуінің индексін анықтайды;
rfind әдісі, s.find(“n”) -берілген жолда ішкі жолдың соңғы енуінің индексін анықтайды;Егер ішкі жол табылмаса, индекс мәні -1 болады.
s.find(t, a, b) - ішкі жол [a:b] кесіндісінде ізделеді;
s.find(t, a) - ішкі жол [a: ] кесіндісінде ізделеді;
: s.replace(old, new) - s жолында барлық old
ішкі жолын new ішкі жолына ауыстырады;
s.count(t) - берілген жолда t ішкі жолының енуінің санын анықтайды;
s.count(t, a, b) – t ішкі жолының [a:b] кесіндісінде ену санын анықтайды;
s.index(t,[start],[end])- берілген жолда ішкі жолдың алғашқы енуінің индексін анықтайды;
s.split(t)- жолды айырғыш бойынша бөлу;
s. isdigit()- жол цифрдан тұрады ма;
s.isalpha() - жол әріптерден тұрады ма;
s.islower() - жол символдары төменгі регистр ме;
s.isupper()- жол символдары жоғарғы регистр ме;
s.upper() - жол символдарын жоғарғы регистрге ауыстырады;
s.lower() - жол символдарын төменгі регистрге ауыстырады;
s.startswith(str) – жолдың str шаблонынан басталуын тексереді;
s.endswith(str) – жолдың str шаблонымен аяқталуын тексереді;
Мысал 1. Жол берілген. Жолдағы сөздер санын анықтау және ‘a’ символын 1 цифрына ауыстыру программасын құрыңыз.
Коды:
txt="Python programmalay tili"
n=txt.count(' ')
print("goldagi sozder sani=",n+1)
tt=txt.replace('a',1')
print(tt)
Мысал 2. Мәтіндегі сөздің қаншасы берілген әріппен басталатынын анықтаңыз. Мысалы, «с» әрпі. Коды:
str=input()
words = []
words += [wr for wr in str.split() if wr.startswith('c')]
print(words)
Достарыңызбен бөлісу: |