Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В05302 Химия Пән циклы атауы және коды



бет14/40
Дата02.01.2022
өлшемі236,26 Kb.
#107858
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
Бейорганикалық химия

9.1.20 Тақырыбы: Электролиз

Сағат саны 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1.Сулы ерітінділердің, балқыманың электролизі.

2. Фарадей заңдары

Дәріс тезисі

Электролит ерітінділері немесе балқымалары арқылы тұрақты ток өткенде электродтарда жүретін химиялық реакциялардан тұратын процестер жиынтығын электролиз дейді. Электрорлизде анод оң зарядталады, катод- теріс зарядталады. Анодта –тотығу, катодта тотықсыздану процесі жүред. Металдардың кернеулік қатардағы орнына байланысты катодтық процестер әртүрлі болады.

Электродтарда бөлінетін заттың массасы ерітінді арқылы өтетін электр тоғының шамасына пропорционал болады:

mз=Kэ∙Q =Kэ∙I∙t


mз – бөлінген зат массасы

Q –электр тогының мөлшері (Кл)

I – ток күші (А)

t – уақыт (с)

Kэ – пропорционалдық коэффициент,

электрохимиялық эквивалент деп аталады.

Kэ - ерітінді арқылы 1 Кл (1А∙с=1 Кл) электр тогы өткенде электродта бөлінетін зат массасына тең болады.

Ғ – Фарадей тұрақтысы, Ғ =96487 А∙с=26,8 А∙сағ

Фарадей тұрақтыс 1 моль электронның зарядының шамасын көрсетеді (физикалық мағынасы).

Ғ =Na∙е- = 96487 Кл/экв.

Егер электролит арқылы Фарадей тұрақтысына тең (96487 Кл) ток жіберілсе, онда 1 эквивалент зат бөлінеді.

Э= Кэ∙Ғ Э – заттың химиялық эквиваленті

Әдебиет


  1. Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет

  2. Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір ", 2011. - 752 бет



Дәрісте сұрақ-жауап, ой қозғау әдістері қолданылады.

Бекіту сұрақтары: натрий хлоридінің балқымасын электролиздегенде қандай процестер жүреді; натрий хлоридінің судағы ерітіндісін электролиздегенде қандай процестер жүреді? т. б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет