Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В05302 Химия Пән циклы атауы және коды



бет10/40
Дата02.01.2022
өлшемі236,26 Kb.
#107858
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Байланысты:
Бейорганикалық химия

9.1.13 -9.1.14 Тақырыбы: Ерітінділер

Сағат саны 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1.Еру механизмі. Ерігіштік

2. Ерітінді концентрациясы

3. Рауль заңдары

4.Ерітіндінің қайнау, қату температуралары.

Дәріс тезисі

Компоненттері бір-бірінде біркелкі таралған дисперсті жүйені ерітінді дейді.Ерітінді қатты, сұйық, газ тәрізді болады. Қатты ерітіндіге біркелкі металл құймалары жатады. Сұйық ерітінділерге бірфазалы көпкомпонентті жүйелер, газ тәрізді ерітінділерге газдан тұратын жүйелер жатады.

Дисперстік жүйе қасиеті дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемімен, олардың табиғатымен, дисперстік орта табиғатымен анықталады. Дисперстік жүйелер дисперстік фаза бөлшектерінің өлшеміне қарай ірі дисперсті жүйелер (жүзгіндер), коллоидты ерітінділер, және нағыз ерітінділер болып бөлінеді. Жүзгіндерде бөлшектер өлшемі 100 нм-ден артық болады. Агрегаттық күйіне қарай жүзгіндер суспензия ( қатты сұйықта), эмульсия (сұйық сұйықта) және көбіктер (газбен толтырылған ұяшықтар) болып бөлінеді. Суспензия мен эмульсия тұрақсыз жүйелер. Коллоидты ерітінділерде бөлшектер өлшемі 1- 100 нм аралығында, нағыз ерітінділерде 1 нм-ден төмен болады. Нағыз ерітінділер гомогенді, тұрақты. Олар молекула, ион не радикал түріндегі екі не одан көп компоненттерден тұрады.

Эксперимент нәтижесінде Д.И.Менделеев ерітіндіде еріген зат пен су молекулаларынан түзілген қосылыстар болатынын айтты, осыған байланысты ерітінділердің химиялық теориясының негізі қаланды. Физикалық теория еріткішті инертті орта ретінде, ерітіндіні механикалық қоспа түрінде қарастырады. Еріген зат пен еріткіш молекулалары әрекеттесуі нәтижесінде түзілген заттарды сольваттар дейді, еріткіш су болса гидраттар түзіледі.

CuSO4 ∙ 5Н2О (мыс купоросын) қыздырғанда ол көк түсін өзгертіп ақшыл сұр түске боялады. Соңғысын суда еріткенде көк ерітінді түзіледі.


  1. Ерітінді құрамын сандық түрде өрнектеу үшін химияда келесі физикалық шамалар қолданылады: ерітіндідегі заттың массалық w (% ) және мольдік N үлестері, молярлық концентрация См, нормалдық концентрация Сн, титр Т және ерітіндінің молялдығы Смл.

Ерітіндідегі заттың массалық үлесі еріген зат массасы ерітінді массасының қанша пайызын құрайтынын көрсетеді:

w (% )=m1 /m2 ∙ 100
m1 = еріген зат массасы;

m2 = ерітінді массасы.

100 г ерітіндідегі еріген заттың массасы проценттік концентрацияны көрсетеді.
Мольдік үлес N - еріген заттың n1 немесе еріткіштің n2 зат мөлшерінің барлық заттардың зат мөлшерлерінің қатынасына тең:
N1 =

Әдебиет


  1. Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет

  2. Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір ", 2011. - 752 бет

Дәрісте сұрақ-жауап, ой қозғау әдістері қолданылады.

Бекіту сұрақтары: стакандағы судың түбінде құм тұнбасы бар, осы жүйені ерітінді деп қарастырамыз ба; пробиркадағы суға сұйық күнбағыс майын тамызсақ, оның тамшылары су бетінде қалқып жүреді, осы жағдайда ерітінді түзіле ме; осы жүйені ерітіндіге айналдыру үшін қандай әрекет жасау керек, нәтижесінде қандай ерітінді түзіледі т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет