9.1.12 Тақырыбы: Химиялық тепе-теңдік
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Қайтымды, қайтымсыз реакциялар.
2. Ле-Шателье принципі.
Дәріс тезисі
Барлық химиялық реакцияларды екі топқа бөлуге болады: қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Қайтымсыз реакциялар соңына дейін жүреді- әрекеттесуші заттар толық жұмсалғанша.Қайтымды реакциялар соңына дейін жүрмейді: бірде – бір әрекеттесуші зат соңына дейін жүмсалмайды. Қайтымды реакция тура және кері бағыттарда жүре алады.
Н2(Г)+І2(Г)=2НІ(Г)
Массалардың әсер заңына сәйкес, тура реакция жылдамдығы(υ1) және кері реакция жылдамдығы (υ2) келесі теңдеумен өрнектеледі:
υ1=k1С(Н2)·С(І2) υ2=k2С2(НІ)
Тепе-тендік жағдайында тура және кері реакциялар жылдамдықтары өзара тең. Жүйеде бастапқы заттар мен өнімдердің тұрақты концентрациялары, яғни тепе-теңдік концентрациялары орнайды.Тепе-теңдік концентрацияларын квадрат жақшалар көмегімен белгілейді:
[Н2]=С(Н2) тепе-теңдік күйінде
[І2]=С(І2) тепе-теңдік күйінде
[НІ]=С(НІ) тепе-теңдік күйінде
Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары өзара тең болғандықтан келесідей жазуға болады:
k1[Н2] ·[І2]=k2[НІ]2
немесе
k1 / k2 = [НІ]2/ [Н2]·[І2]
Тура және кері реакция жылдамдықтары константаларының қатынасы да константаға тең. Ол берілген реакцияның тепе-теңдік константасы деп аталады.
k1 / k2 = К
Осыдан:
К=[НІ]2/ [Н2]·[І2]
Жалпы жағдай үшін:
аА=bВ+...=рР+qQ+...
тепе-теңдік константасы келесі теңдеумен беріледі:
К=([Р]р [Q]q...)/( [А]а[В]b...)
Әдебиет
Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет
Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір ", 2011. - 752 бет
Дәрісте сұрақ-жауап, ой қозғау әдістері қолданылады.
Бекіту сұрақтары: реакция қайтымды болған жағдайда жүйеде реакция өнімімен бірге бастапқы заттар да кездеседі, ал қайтымсыз реакцияларда қандай жағдайда жүйеде бастапқы заттар болады; бейтараптану реакциясы нәтижесінде орта бейтарап болу үшін қандай шарттар орындалу керек т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |