Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В05302 Химия Пән циклы атауы және коды



бет11/40
Дата02.01.2022
өлшемі236,26 Kb.
#107858
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
Байланысты:
Бейорганикалық химия
1553959345, Тал ылау Та ырыбы «Билік саяси феномен ретінде», Тал ылау Та ырыбы «Билік саяси феномен ретінде», 1553959345, Дене шынықтыру, А паратты ауіпсіздік ж не а паратты ор ау, Биология11, Ішкі энергия және энтальпия
9.1.15-9.1.16 Тақырыбы: Электролит ерітінділері

Сағат саны 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1. Электролиттік диссоциация теориясы.

2 .Электролит ерітінділеріндегі реакциялар.

3.Диссоциациялану дәрежесі, константасы. Электролит күштері.

4. Сутектік көрсеткіш

5. Тұздар гидролизі

Дәріс тезисі

  1. Электролиттер сәйкес еріткіштерде қарама-қарсы зарядталған бөлшектерге, иондарға диссоциацияланады.

H2SO4 → H+ + HSO4

HSO4→ H+ + SO42-

KOH → K+ + OH

AlOHSO4→ Al+3 + OH + SO2-4

Электролиттер иондарға ыдырау себепті бөлшектер саны көбейеді, сондықтан осмостық қысым, қайнау, қату температурасына әсер етеді.

Электролиттер ерігенде иондарға толық ыдырамайды.Бұл қасиет диссоциациялану дәрежесі α-мен сипатталады.

α = n / N = n / n + n0;

Мұндағы n- иондарға ыдыраған молекулалар, N-молекулалардың жалпы саны, n0 – бұл иондарға ыдырамаған молекулалар саны.

α = 0 болса, зат электролит емес, α ⋲ 1-ге жақын болса, күшті электролит. Диссоциацияға қабілеттілігі бойынша барлық электролиттер 3топқа бөлінеді.


  1. α > 30 % -тен жоғары болса, күшті электролиттер. Мысалы: HCl, HBr, HI, HNO3, H2SO4, HMnO4, KOH, NaOH.

  2. α = 5-30 % аралығында болса, орташа күшті электролиттер. Мысалы: әртүрлі негіздер, қышқылдар, тұздар жатады.

  3. α < 5 % -тен кем болса, әлсіз электролиттер болады. Мысалы: құмырсқа, сірке, бензой қышқылдары, HCN, H3BO3, H2CO3, H2S, NH4OH, H2O, HgCl2, т.б.

Иондардың арасында әрекеттесу күштері болмайды.Сондықтан олардың ерітінділері өздерін идеал газ жүйелері сияқты ұстайды.

Гидролиз деп заттың сумен әрекеттесуін атайды. Әрекеттесу нәтижесінде заттың құрамдас бөліктері судың құрамдас бөліктерімен қосылады. Мысалы, фосфор(ІІІ) хлоридінің сумен әрекеттесуін қарастырайық. Реакция нәтижесінде Н3РО3 фосфорлы қышқыл мен тұз қышқылы түзіледі:

РСІ3+3Н2О=Н3РО3+3НСІ.

Гидролизге әртүрлі қосылыстар ұшырайды, соның ішінде маңыздысы –тұздар гидролизі.

Гидролиз реакциясына әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің немесе әлсіз қышқыл мен күшті негіздің, немесе әлсіз негіз бен күшті қышқылдың тұздары қатысады. Күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздар гидролизге ұшырамайды.

Әдебиет


  1. Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет

  2. Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір ", 2011. - 752 бет


Дәрісте сұрақ-жауап, ой қозғау әдістері қолданылады.
Бекіту сұрақтары: дистилденген су электр тогын өткізе ме; қандай ерітінділердің идеал газдармен ұқсастығы болады; күшті қышқыл ьмен күшті сілті ерітіндісі әрекеттескенде орта бейтарап болмауы мүмкін бе т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет