9.5.4 Тақырыбы: Валенттік байланыс әдісі
СӨЖ тапсырмалары
Бақылау сұрақтары
Қандай элемент атомдарының арасында ковалентті полюссіз байланыс түзіледі?
Қандай элемент атомдарының арасында ковалентті полюсті байланыс түзіледі?
σ- және π-коваленттік байланыстар қалай түзіледі?
Элемент атомдарының валенттілік мүмкіндіктері. Жоғары коваленттілік.
Тотығу дәрежесі.
Жаттығулар
Валенттік байланыс теориясы тұрғысынан берілген молекулалардағы орталық атомның гибридтелу типін анықтап, ϭ- және π- байланыстардың түзілуін түсіндіріңдер
№
|
Молекула
|
Геометриялық формасы
|
№
|
Молекула
|
Геометриялық формасы
|
1
|
BeF2
|
Сызықты
|
8
|
AlF3
|
Жазық үшбұрыш
|
2
|
BCl3
|
Жазық үшбұрыш
|
9
|
SeF6
|
Октаэдр
|
3
|
CF4
|
Тетраэдр
|
10
|
AsBr3
|
Үшбұрышты пирамида
|
4
|
CO2
|
Сызықты
|
11
|
PF5
|
Үшбұрышты
бипирамида
|
5
|
HCN
|
Сызықты
|
12
|
WF6
|
Октаэдр
|
6
|
SCl2
|
Бұрышты
|
13
|
AlCl3
|
Жазық үшбұрыш
|
7
|
SiH4
|
Тетраэдр
|
14
|
CI4
|
Тетраэдр
|
Орындалған тапсырманы «Универ» жүйесіне файл түрінде жүктеңдер.
Әдебиет
Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет
Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір", 2011. - 752 бет
9.5.5 . Тақырыбы: Ерітінділер
СӨЖ тапсырмалары
Есептер
Массасы А грамм В% -тік натрий гидроксидінің сулы ерітіндісіне Д грамм натрий оксиді қосылды. Алынған ерітіндідегі заттың массалық үлесін есептеңдер.
№
|
NaOH
ерітіндісінің массасы, А г
|
NaOH
ерітіндісінің концентрациясы, w В (%)
|
Ерітіндіге қосылған натрий оксидінің массасы, Д г
|
1
|
150
|
6
|
20
|
2
|
180
|
4
|
30
|
3
|
200
|
10
|
10
|
4
|
210
|
6
|
28
|
5
|
220
|
4
|
30
|
6
|
230
|
6
|
32
|
7
|
280
|
8
|
24
|
8
|
300
|
8
|
16
|
9
|
320
|
4
|
36
|
10
|
350
|
5
|
32
|
Әдістемелік нұсқау
Есептерді шығару үшін келесі амалдар орындалады:
1.Ерітіндідегі натрий гидроксидінің массасы анықталады;
2. Натрий оксидінің сумен реакциясы арқылы түзілген натрий гидроксидінің массасы анықталады;
3. Қосылған натрий оксидінің массасы ескеріліп, ерітіндінің жалпы массасы анықталады;
4 Түзілген ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесі табылады.
Орындалған тапсырманы «Универ» жүйесіне файл түрінде жүктеңдер.
Әдебиет
Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет
Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір", 2011. - 752 бет
9.5.6 Тақырыбы: Координациялық қосылыстар
СӨЖ тапсырмалары
Жаттығулар
Берілген комплексті иондар мен қосылыстардағы орталық комплекстүзуші атомның гибридтелу типін анықтаңдар. Осы бөлшектердегі химиялық байланыс түзілуін сипаттаңдар.
Гибридтелу типі
|
КС
|
Комплекс геометриясы
|
Мысалдар
|
|
2
|
сызықты
|
[Ag(CN)2][Cu(NH3)2]+
|
|
3
|
үшбұрышты
|
[HgI3]
|
|
4
|
тетраэдр
|
[Be(OH)4]2[MnCl4]2
[Zn(NH3)4]2+
|
|
4
|
квадрат
|
Ni(CN)4]2[PtCl4]2
[Pt(NH3)2Cl2]0
|
|
5
|
үшбұрыштыбипирамида
|
[Fe(CO)5]
|
|
5
|
квадратты
пирамида
|
[MnCl5]3[Ni(CN)5]3
|
Әдістемелік нұсқау
Комплексті қосылыстардағы химиялық байланысты сипаттау үшін келесі амалдар орындалады:
комплекстүзуші атомның электрондық формуласы жазылады;
ионның тотығу дәрежесіне сәйкес валенттік электрондар саны жазылады;
валенттік электрондар кванттық ұяшықтарға орналастырылады;
лиганд кұшіне байланысты өзгерістер жасалады (электрондардың ығысып орналасуы немесе өзгеріссіз болуы);
бос орбитальдарға лигандтағы электрон жұптары орналастырылады;
гибридтелу типі анықталады.
Орындалған тапсырманы «Универ» жүйесіне файл түрінде жүктеңдер.
Әдебиет
Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет
Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір", 2011. - 752 бет
9.5.7 Тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану реакциялары
СӨЖ тапсырмалары
Жаттығулар
Берілген теңдеулерді ион-электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер
1
|
KMnO4 + HBr ® MnBr2 + Br2 + KBr + H2O
|
2
|
HClO3 + P + H2O ® HCl + H3PO4
|
3
|
KMnO4 + H3AsO3 + H2SO4 ® MnSO4 + H3AsO4 + K2SO4 + H2O
|
4
|
Br2 + NaCrO2 + NaOH ® NaBr + Na2CrO4 + H2O
|
5
|
Zn + HNO3 ® Zn(NO3)2 + N2O + H2O
|
6
|
KClO3 + FeSO4 + H2SO4 ® KCl + Fe2(SO4)3 + H2O
|
7
|
K2Cr2O7 + HCl ® CrCl3 + Cl2 + KCl + H2O
|
Әдістемелік нұсқау
Реакциялардағы тотығу дәрежесі өзгеріп тұрған элементтерді анықтап, ион-электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер.
Орындалған тапсырманы «Универ» жүйесіне файл түрінде жүктеңдер.
Әдебиет
Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет
Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір", 2011. - 752 бет
9.5.8 Тақырыбы: Электролиз.
Жоспар
Сулы ерітіндінің, балқыманың электролизі
Электролиз заңдары
Есептер
CuCI2 электролизінің нәтижесінде анодта 560 мл газ бөлінді (қ.ж.). Катодта бөлінген мыстың массасын анықтаңдар.
Күміс нитраты ерітіндісі арқылы 30 мин 6 А ток жібергенде катодта бөлінген күмістің массасын анықтаңдар.
2 моль суды күші 2 А токпен толық ыдырату үшін қанша уақыт қажет?
КОН сулы ерітіндісі арқылы 30минут уақытта 6 А ток жібергенде бөлінетін оттектің көлемін анықтаңдар (қ.ж.).
Н2SO4 сулы ерітіндісі арқылы 1 сағат уақытта 3 А ток жібергенде бөлінетін сутектің көлемін анықтаңдар (қ.ж.).
Cr2(SO4)3 сулы ерітіндісі арқылы 2 А ток жібергенде катод массасы 8 г артты. Электролиз қанша уақыт жүргізілген?
Әдістемелік нұсқау
Металдардың кернеулік қатарында алюминийден сутекке дейін орналасқан металл тұздарының судағы ерітінділерінің электродтар инертті болған жағдайдағы электролизіне мысалдар келтіру. Катодта, анодта қандай заттар бөлінетіндігін көрсету.
Орындалған тапсырманы «Универ» жүйесіне файл түрінде жүктеңдер.
Әдебиет
Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет
Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір", 2011. - 752 бет
10. МЕЖЕЛІК ЖӘНЕ АРАЛЫҚ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
10.1 Бірінші межелік бақылау сұрақтары
1
|
Негізгі химиялық түсініктер. Моль. Мольдік көлем.
|
2
|
Жай зат және химиялық элемент
|
3
|
Салыстырмалы атомдық масса, молекулалық масса Авогардо тұрақтысы. Көміртектік бірлік.
|
4
|
Квант сандары
|
5
|
Паули принципі. Гунд ережесі. Ең аз энергия принципі
|
6
|
Көп электронды атомдар. Клечковский ережелері
|
7
|
Электрондық формулалар
|
8
|
Атом орбитальдарының пішіндері (s-,p-,d-,f-орбитальдар) Орбитальдардағы электрондардың максимал саны.
|
9
|
Валенттік электрондар. Атом мен ионның электрондық формулаларындағы айырмашылықтар
|
10
|
Негізгі, қосымша топша элементтері. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары
|
11
|
Атом қасиеттері. Иондану энергиясы
|
12
|
Электртерістік
|
13
|
Иондану энергиясының период және топ бойынша өзгеру заңдылықтары
|
14
|
Электртерістіктің период және топ бойынша өзгеру заңдылықтары
|
15
|
Металдық және бейметалдық қасиеттердің период және топ бойынша өзгеруі
|
16
|
Электрондық қабаттар құрылымының периодтылығы.
|
17
|
Валентті байланыстар теориясы
|
18
|
Ковалентті байланыс. Полюсті, полюссіз байланыстар
|
19
|
Донорлы-акцепторлы байланыс
|
20
|
Диполь моменті. Эффективті запряд. Байланыстың иондық дәрежесі
|
21
|
Ковалентті байланыстың қанығуы, бағытталуы
|
22
|
σ-, π-, δ-байланыстар. Еселі байланыстар
|
23
|
Көпцентрлі байланыстар
|
24
|
Атом орбитальдарының гибридтелуі
|
25
|
Иондық байланыс. Тотығу дәрежесі
|
26
|
Молекулалық орбитальдар әдісі
|
27
|
Металдық байланыс
|
28
|
Термохимиялық теңдеулер. Гесс заңы
|
29
|
Химиялық реакция жылдамдығы
|
30
|
Химиялық тепе-теңдік. Ле-Шателье принципі
|
10.2 Екінші межелік бақылау сұрақтары
|
Сұрақтар мәтіні
|
1
|
Ерітінділердің анықтамасы. Физикалық, химиялық теориясы
|
2
|
Еру механизмі. Иондық, ковалентті полюсті қосылыстардың суда еруі.
|
3
|
Еру процесі кезіндегі жылулық өзгерістер
|
4
|
Жылу бөле, жылу сіңіре еритін заттарға мысал келтіру (лабораториялық жұмыс).
|
5
|
Ерігіштік. Қаныққан, аса қаныққан ерітінділер (лабораториялық жұмыс)
|
6
|
Ерітінді концентрациясы. w%, См, Сн, Смл (формула, пропорция қолданып есептер шығару)
|
7
|
Электролиттік диссоциация теориясы
|
8
|
Күшті, әлсіз электролиттер (мысалдар келтіру)
|
9
|
Диссоциация дәрежесі, константасы. Сатылы диссоциация (мысал келтіру)
|
10
|
Электролит ерітінділеріндегі реакциялар. Әлсіз электролиттер түзе жүретін реакцияларға мысалдар келтіру.
|
11
|
Сутектік көрсеткіш. Сутек иондарының концентрациясын қолданып ортаның рН-ын анықтауға мысалдар келтіру
|
12
|
Тұздар гидролизі. Ортаның қышқылдық, сілтілік, бейтарап болу жағдайларына мысалдар келтіру.
|
13
|
Комплексті қосылыстар. Комплексті ион, ішкі сфера, сыртқы сфера, комплекстүзуші, лигандтар, координациялық сан.
|
14
|
Координациялық қосылыстардың номенклатурасы.
|
15
|
Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс
|
16
|
Анионды, катионды комплексті қосылыстарға мысалдар келтіру
|
17
|
Жоғарыспинді, төменгіспинді комплексті қосылыстар. Күшті, әлсіз лигандтар.
|
18
|
Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Молекулааралық, диспропорциялану, молекулаішіндік реакцияларға мысалдар келтіру.
|
19
|
Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарға мысалдар келтіру. Тек қана тотықтырғыш, тек қана тотықсыздандырғыш, әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш болатын заттарға мысалдар келтіру.
|
20
|
Қышқылдық, сілтілік ортада жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларына мысалдар келтіріп, ион-электрондық баланс әдісімен теңестіру.
|
21
|
Электролиз. Сулы ерітіндінің, балқыманың электролизі.
|
22
|
Металдардың кернеулік қатарында литийден алюминийге дейін (алюминийді қосқанда) орналасқан металл тұздарының судағы ерітінділерінің электродтар инертті болған жағдайдағы электролизіне мысалдар келтіру. Катодта, анодта қандай заттар бөлінетіндігін көрсету.
|
23
|
Металдардың кернеулік қатарында алюминийден сутекке дейін орналасқан металл тұздарының судағы ерітінділерінің электродтар инертті болған жағдайдағы электролизіне мысалдар келтіру. Катодта, анодта қандай заттар бөлінетіндігін көрсету.
|
24
|
Металдардың кернеулік қатарында сутектен кейін орналасқан металл тұздарының судағы ерітінділерінің электродтар инертті болған жағдайдағы электролизіне мысалдар келтіру. Катодта, анодта қандай заттар бөлінетіндігін көрсету.
|
25
|
Фарадей заңдары. Электролиз нәтижесінде электродта бөлінген зат массасын анықтау.
|
26
|
Фарадей тұрақтысы. Электрохимиялық эквивалент.
|
10.3 Емтихан сұрақтары (аралық бақылау)
1-деңгей
1
|
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары (қышқылдар, негіздер, оксидтер, тұздар)
|
2
|
Квант сандары. Паули принципі. Гунд ережесі
|
3
|
Көп электронды атомдар. Клечковский ережелері
|
4
|
Атом орбитальдарының пішіндері (s-,p-,d-,f-орбитальдар) Орбитальдардағы электрондардың максимал саны.
|
5
|
Электрондық формулалар. Валенттік электрондар Атомдар мен иондардың валенттік электрондар санындағы айырмашылықтар
|
6
|
Негізгі, қосымша топша элементтері. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары
|
7
|
Атом қасиеттері. Иондану энергиясы. Электртерістік. Иондану энергиясының период және топ бойынша өзгеру заңдылықтары
|
8
|
Элемент атомдарының металдық, бейметалдық қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеру заңдылықтары
|
9
|
Ковалентті байланыстың қанығуы, бағытталуы
|
10
|
Валентті байланыстар теориясы. Ковалентті байланыс. Полюсті. полюссіз байланыстар
|
11
|
Коваленттілік. Максимал коваленттілік
|
12
|
Диполь моменті. Эффективті заряд. Байланыстың иондық дәрежесі
|
13
|
Иондық байланыс. Тотығу дәрежесі
|
14
|
Атом орбитальдарының гибридтелуі (sp, sp2, sp3, sp3d )
|
15
|
Еселі байланыстар. Көпцентрлі байланыстар
|
16
|
Донорлы-акцепторлы байланыс
|
17
|
Валенттік орбитальдар әдісінің кемшіліктері.Молекулалық орбитальдар әдісі
|
18
|
Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс. Жоғары спинді комплекстер
|
19
|
Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс. Төменгі спинді комплекстер
|
20
|
Гесс заңы, оның салдары. Энтальпия. Энтропия
|
21
|
Гиббс энергиясы. Реакция жүру бағытын анықтау
|
22
|
Химиялық реакцияның жылдамдығы. Жылдамдыққа температураның, әрекеттесуші заттар концентрацияларының әсері
|
23
|
Ерітінділердің анықтамасы. Физикалық, химиялық теориясы
|
24
|
Еру процесі кезіндегі жылулық өзгерістер
|
25
|
Ерітінді концентрациясы. w%, См, Сн, Смл
|
26
|
Электролиттік диссоциация теориясы. Күшті, әлсіз электролиттер
|
27
|
Диссоциация дәрежесі, константасы. Сатылы диссоциация
|
28
|
Электролит ерітінділеріндегі реакциялар
|
29
|
Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш.
|
30
|
Тұздар гидролизі. Гидролиз нәтижесінде реакция ортасының өзгеруі.
|
2-деңгей
Химияның негізгі түсініктері. Эквивалент. 28,5 г металл сутекпен әрекеттескенде 30 г сутектік қосылыс түзіледі. Металдың эквиваленттік массасын есептеңдер.
Химияның негізгі түсініктері. Эквивалент. 22 г металл қалыпты жағдайда қышқылмен әрекеттескенде 8,4 л сутек бөлінеді. Металдың эквиваленттік массасын есептеңдер. Металдың осы мөлшерін тотықтыруға қанша литр оттек жұмсалады?
Химияның негізгі түсініктері. Моль. 0,12 моль мыс түзілу үшін қанша грамм мыс оксидін сутекпен тотықсыздандыру керек?.
Газдардың молярлық көлемі. Газдың сутек бойынша тығыздығы 16 тең. Осы газдың 2 литрінің массасы қандай?
Заттың қарапайым формуласын табу. Зат құрамында 82,36% азот және 17,64 % сутек бар. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы 17-ге тең. Қосылыстың химиялық формуласын анықтаңдар.
Күрделі зат құрамындағы элементтің массалық үлесін есептеу.Күрделі зат құрамындағы элементтің массасын есептеу. Хром (III) оксидінің қандай массасында 22 г хром болатынын есептеңдер.
Химиялық формулалар бойынша есептеулер. Барий хлоридінің дигидратындағы ВаCI2·2Н2О кристалдық судың массалық үлесін анықтаңдар.
Реакция өнімінің шығынын анықтау. Массасы 15 г мырышты күкірт қышқылында еріткенде 4,5 л сутек алынды (қ.ж.). Мырыштың құрамындағы қоспаның массалық үлесін есептеңдер (%).
Реакция өнімінің шығымын анықтау. 2,8 л күкіртсутекті (қ.ж.) мыс (II) сульфаты ерітіндісінің артық мөлшерінен өткізгенде массасы 11,4 г тұнба түзілді. Реакция өнімінің шығымын анықтаңдар.
Термохимиялық теңдеулер. Гесс заңы. Термохимиялық теңдеулерді қолданып Fe2O3 т үзілу энтальпиясын есептеңдер
(I) 2Fe(қ) + O2(г) = 2FeO(қ); Dr HoI = - 531
(II) 4FeO(қ) + O2(г) = 2Fe2O3(қ); Dr HoII = -582
Термохимия. Термохимиялық теңдеулер.Гесс заңы. Термохимиялық теңдеулерді қолданып кальций гидроксидінің түзілу энтальпиясын есептеңдер:
Са (к) + 1/2О2, (г) = СаО (к); DH = –635,60 кДж
Н2, (г) +1/2О2 (г) = Н2О (с); DH = –285,84 кДж
СаО (к) + Н2О (с) = Са(ОН)2 (к); DH = –65,06 кДж
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Реакция жылдамдығына концентрацияның әсері. 2SО2 + О2 = 2SО3 реакциясында SО2 концентрациясын 3 есе өсіргенде тура реакция жылдамдығы қалай өзгеретінін анықтаңдар.
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Реакция жылдамдығына температураның әсері. Вант-гофф теңдеуі. Химиялық реакцияның жылдамдығы 600С температурада 6 моль/л.сек.Егер температуралық коэффициент 2 тең болса, осы реакцияның 1100С температурадағы жылдамдығы қандай (моль/л ·сек)?
Химиялық тепе-теңдік.Қайтымды реакциялар.
Н2 + І2 = 2НІ реакциясында әрекеттесуші заттардың концентрациялары мынадай болғанда тепе-теңдік орнады: [Н2 ] = 0,2 моль/л, [І2 ] = 0,06 моль/л, [НІ] = 0,4 моль/л. Иод пен сутектің бастапқы концентрацияларын анықтаңдар.
Химиялық тепе-теңдік. Қайтымды реакциялар. Берілген жүйеде 2SО2 + О2 = 2SО3 белгілі бір уақыт өткеннен кейін тепе-теңдік концентрациялар мәні: [SO2] = 0,06моль/л, [O2]=0,04 моль/л, [SO3]=0,02 моль/л болды. Күкірт /IУ/ оксиді мен оттектің бастапқы концентрациялары қандай?
Химиялық тепе-теңдік. Ле-Шателье принципі.Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына көлемнің әсері. Жүйенің 2SO2 + O2 D 2SO3 көлемін үш есе кеміткенде тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
Химиялық тепе-теңдік. Ле-Шателье принципі.Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына қысымның әсері. Жүйенің 2SO2 + O2 D 2SO3 қысымын үш есе арттырғанда тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
Химиялық тепе-теңдік. Ле-Шателье принципі.Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына температураның әсері. N2+3H2=2NH3, DH<0 реакциясының тепе – теңдігін N2 түзілу бағытына ығыстыру үшін температураны қалай өзгерту керек?
Ерітінді концентрациясы. Молярлық концентрация. 20%-тік азот қышқылы ерітіндісінің (тығыздығы 1,119 г/мл) молярлық концентрациясын анықтаңдар.
Ерітінді концентрациясы. Мольдік концентрация. 20%-тік азот қышқылы ерітіндісінің (тығыздығы 1,119 г/мл) молялдық концентрациясын анықтаңдар.
Ерітінді концентрациясы. Мольдік үлес. 20%-тік азот қышқылы ерітіндісіндегі еріткіштің (тығыздығы 1,119 г/мл) мольдік үлесін анықтаңдар.
Ерітінділерді сұйылту. 200 мл 2 М ерітіндіге 300 мл су қосып сұйылтқанда түзілген ерітіндінің молярлық концентрациясын есептеңдер.
Ерітінділерді қоюландыру. Массасы 300г массалық үлесі 5 проценттік натрий гидроксиді ерітіндісінен 100 г су буландырғанда ерітіндінің концентрациясы қандай болатынын есептеңдер.
Екі ерітіндіні араластырып жаңа ерітінді алу . 250 г 10% -тік және 750 г 15 %-тік глюкоза ерітінділері араластырылды. Алынған ерітіндідегі глюкозаның массалық үлесін есептеңдер.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру әдістері. Реакцияны аяқтап теңестіріңдер, тотықтырғышты тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
KMnO4 + Na2SO3 + H2SO4 →
Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру әдістері. Реакцияны аяқтап теңестіріңдер, тотықтырғышты тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
K2Cr2O7 + HI + H2SO4 → Cr2(SO4)3 + …
Ерітінділерді қоюландыру.Көлемі 200 г 10 %-тік NaOH ерітіндісіне 10 г натрий гидроксиді ерітілді. Түзілген ерітіндінің проценттік концентрациясын анықтаңдар.
Ерітінділерді сұйылту. 200 мл 0,5 М күкірт қышқылы ерітіндісіне 0,2 М ерітінді алу үшін қанша су қосу керек?
Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру әдістері. Реакцияны аяқтап теңестіріңдер, тотықтырғышты тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
NaNO2 + KI + H2SO4 →
Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру әдістері. Реакцияны аяқтап теңестіріңдер, тотықтырғышты тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
FeCI2 + NaNO2 + HCI →
3-деңгей
Р еакцияны аяқтап, ион-электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер, тотықтырғышты тотықсыздандырғышты көрсетіңдер. KMnO4 + Na2SO3 + H2SO4
Реакцияны аяқтап, ион-электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер, тотықтырғышты тотықсыздандырғышты көрсетіңдер. K2Cr2O7 + NaNO2 + H2SO4
Реакцияны аяқтап, ион-электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер:
F eCI2 + NaNO2 + HCI
Тотығу, тотықсыздану процестерін және тотықтырғыш, тотықсыздандырғыштарды көрсетіңдер.
Реакцияны аяқтап, ион-электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер:
K2Cr2O7 + HI + H2SO4 Cr2(SO4)3 + …
Тотығу, тотықсыздану процестерін және тотықтырғыш, тотықсыздандырғыштарды көрсетіңдер.
Реакцияны аяқтап, ион-электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер:
FeSO4 + HNO3 + H2SO4
Тотығу, тотықсыздану процестерін және тотықтырғыш, тотықсыздандырғыштарды көрсетіңдер.
Реакцияны ион-электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер:
KClO3 + FeSO4 + H2SO4®KCl + Fe2(SO4)3 + H2O
Тотығу, тотықсыздану процестерін және тотықтырғыш, тотықсыздандырғыштарды көрсетіңдер.
Реакцияны ион-электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер:
K2Cr2O7 + HCl® CrCl3 + Cl2 + KCl + H2O
Тотығу, тотықсыздану процестерін және тотықтырғыш, тотықсыздандырғыштарды көрсетіңдер.
Көлемі 500 мл 0,1м күкірт қышқылы ерітіндісін дайындау үшін 50%-тік
(тығыздығы 1,395 г/см3 ) күкірт қышқылы ерітіндісінің қандай көлемі керек?
Көлемі 250 мл 0,3 м азот қышқылы ерітіндісін дайындау үшін 50%-тік
(тығыздығы 1,31 г/см3 ) азот қышқылы ерітіндісінің қандай көлемі керек?
Көлемі 200 мл 0,15м натрий гидроксиді ерітіндісін дайындау үшін 40%-тік
(тығыздығы 1,43г/см3 ) натрий гидроксиді ерітіндісінің қандай көлемі керек?
Массасы 12 г КІ қышқылдық ортада (Н2SO4) тотықтыру үшін 0,12 М K2Cr2O7 ерітіндісінің қандай көлемі керек?
Реакцияны ион-электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер:
KMnO4 + H3AsO3 + H2SO4® MnSO4 + H3AsO4 + K2SO4 + H2O
Тотығу, тотықсыздану процестерін және тотықтырғыш, тотықсыздандырғыштарды көрсетіңдер.
[Fe(CN)6]3-комплексті ионындағы орталық атомның гибридтелу типін, ион геометриясын анықтаңдар. Кристалдық өріс теориясы тұрғысынан ион пара- немесе диамагнитті болатындығын және жоғары- немесе төменгіспинді болатындығын анықтаңдар.
[FeF6]4- комплексті ионындағы орталық атомның гибридтелу типін, ион геометриясын анықтаңдар. Кристалдық өріс теориясы тұрғысынан ион пара- немесе диамагнитті болатындығын және жоғары- немесе төменгіспинді болатындығын анықтаңдар.
[MnCl5]3комплексті ионындағы орталық атомның гибридтелу типін, ион геометриясын анықтаңдар.
Молекулалық орбитальдар тұрғысынан берілген бөлшектер қатарында байланыс энергиясы қалай өзгеретінін түсіндіріңдер. Бөлшектерді байланыс беріктігінің артуы бағытында орналастырыңдар:1) B2 , C2, N2; 2) С2+, С2 , C2-; 3)С2, N2, O2
4) О2+ , О2- , О22- .
СО2 молекуласындағы химиялық байланысты валенттік байланыс әдісімен сипаттаңдар:
орталық атомның байланысқа қатысатын дара электрондарының саны;
орталық атомның гибридтелуге қатысатын орбитальдары (неше s-, неше р-орбиталь), гибридтелу типі;
көміртек түзетін жалпы байланыс саны;
σ - , π- байланыстардың саны;
көміртектің гибридтелген және гибридтелмеген орбитальдарының оттек атомымен түзетін σ - , π- байланыстарының түзілу схемасы.
SО2 молекуласындағы химиялық байланысты валенттік байланыс әдісімен сипаттаңдар:
sp2 -гибридтелуге қатысатын күкірт атомының орбитальдары;
гибридтелуге қатысатын электрондар, гибридтелу типі;
молекулада түзілетін жалпы байланыс саны;;
σ - , π- байланыстардың саны;
донорлы-акцепторлы байланыс саны;
күкірттің гибридтелген және гибридтелмеген орбитальдарының оттек атомымен түзетін σ - , π- байланыстарының түзілу схемасы.
[BeF4]2- бөлшегіндегі химиялық байланысты валенттік байланыс әдісімен сипаттаңдар:
sp3 -гибридтелуге қатысатын бериллий атомының орбитальдары;
гибридтелуге қатысатын электрондар саны;
комплексті ионда түзілетін σ- байланыстардың жалпы саны;
донорлы-акцепторлы байланыс саны;
бериллийдің гибридтелген орбитальдарының фтор атомы және иондарымен түзетін σ – байланыстардың түзілу схемасы.
[AlH4]- бөлшегіндегі химиялық байланысты валенттік байланыс әдісімен сипаттаңдар:
sp3 -гибридтелуге қатысатын алюминий атомының орбитальдары;
гибридтелуге қатысатын электрондар саны;
комплексті ионда түзілетін σ- байланыстардың жалпы саны;
донорлы-акцепторлы байланыс саны;
алюминийдің гибридтелген орбитальдарының сутек атомы және иондарымен түзетін σ – байланыстардың түзілу схемасы.
Көлемі 200 мл 0,5 м күкірт қышқылы ерітіндісіне 0,2 м ерітінді алу үшін қанша көлем су қосу керек?
Көлемі 300 мл 0,5 м азот қышқылы ерітіндісіне 0,15 м ерітінді алу үшін қанша көлем су қосу керек?
236 г 30%-тік (тығыздығы 1,18г/см3) азот қышқылы ерітіндісіне көлемі 200 мл 1,68 м (тығыздығы 1,054 г/см3) азот қышқылы ерітіндісі қосылды. Түзілген ерітіндінің молярлық концентрациясын табыңдар.
236 г 30%-тік (тығыздығы 1,18г/см3) азот қышқылы ерітіндісіне көлемі 200 мл 1,68 м (тығыздығы 1,054 г/см3) азот қышқылы ерітіндісі қосылды. Түзілген ерітіндінің проценттік концентрациясын табыңдар.
Қанттың 5%-тік ерітіндісіне 16 г қант қосып еріткенде, оның 12%-тік ерітіндісі түзілген. Бастапқы ерітіндінің массасын табыңдар.
Қанттың 20%-тік ерітіндісінен 40 г суды буландырып жібергенде, оның 25%-тік ерітіндісі түзілген. Бастапқы ерітіндінің массасын табыңдар.
Қанттың 10%-тік ерітіндісінен 50 г суды буландырып жібергенде, оның 20%-тік ерітіндісі түзілген. Бастапқы ерітіндінің массасын табыңдар
207 г 4%-тік (тығыздығы 1,035 г/см3) калий гидроксиді ерітіндісіне көлемі 300 мл 4,24 м (тығыздығы 1,186г/см3) калий гидроксиді ерітіндісі қосылды. Түзілген ерітіндінің проценттік концентрациясын табыңдар.
207 г 4%-тік (тығыздығы 1,035 г/см3) калий гидроксиді ерітіндісіне көлемі 300 мл 4,24 м (тығыздығы 1,186г/см3) калий гидроксиді ерітіндісі қосылды. Түзілген ерітіндінің молярлық концентрациясын табыңдар.
Реакцияны ион-электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер:
KMnO4 + Cd + H2SO4® MnSO4 + CdSO4 + K2SO4 + H2O
Тотығу, тотықсыздану процестерін және тотықтырғыш, тотықсыздандырғыштарды көрсетіңдер.
КУРС БОЙЫНША ДЕРЕКТЕР МЕН РЕСУРСТАР
Негізгі әдебиеттер/ материалдар
Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет
Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. III-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. – 229 бет.
Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. II-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 156 бет.
Бейорганикалық химия : оқулық / Қ. С. Құлажанов, М. Ш. Сулейменова, Қ. И. Иманбеков. - [б. м.] : Дәуір, 2011. - 256 бет.
Түгелбаева Л.М.Жалпы химия : Оқу құралы / Л. М. Түгелбаева, Р. Г. Рысқалиева, Р. К. Ашкеева. - Алматы : Қазақ университеті, 2013. - 152 бет
Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дэу!р", 2011. - 752 бет
Ерқасов Р.Ш. Кешенді қосылыстар химиясы : Оқу құралы / Р. Ш. Ерқасов, А. Колпек, Г. Г. Абдуллина. - Алматы : Эверо, 2014. - 204 бет
Эткинс П. Физикалық химия : Оқулық. 2-бөлім. Зат құрылымы / П. Эткинс, Дж. де Паула. - Алматы : ҚР ЖОО қауымдастығы, 2013. - 944 бет
Сахы М. Бейорганикалық химияның теориялық негіздері : Оқу-әдістемелік құралы / М. Сахы, А. М. Жумадилова. - Алматы : Отан, 2015. - 178 бет
Шрайвер Д.Бейорганикалык химия : 1-том / Д. Шрайвер; Казак тіліне ауд.: Р.Г.Рыскалиева, А.И.Ниязбаева. - Алматы : КР ЖОО кауымдастыгы, 2012. - 760 бет
Жалпы химия: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.27 басылым./С.С.Бабкинаның басшылығымен редакцияланған-Techmith баспаханасы, 2018 ж.-208 бет
Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group»,2019ж.120 б https://aknurpress.kz/reader/web/12309.
Ә.Шолақтегі, Ш.Жантайұлы. «Бейорганикалық химия» пәнінен білімгердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған және машықтану сабағын өткізуге арналған оқу құралы. Алматы. ЖШС. «Эверо», 2016.-186 б.
Қосымша әдебиеттер/ материалдар
Клаус Шваб.Төртінші индустриялық революция,2018ж.-200б.
Гэмбл Дж.Э.Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу:оқулық/ Дж. Э. Гэмбл, М.Питереф, А.Томпсон.-Алматы:Ұлттық аударма бюросы, 2019ж.- 536 б.
Дэйл Х.Шунк. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі: оқулық /Д.Х.Шунк. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019ж. - 608 б.
Уоллейс П.Интернет психологиясы:оқулық/П.Уоллейс.-Алматы :Ұлттық аударма бюросы, 2019ж.- 356 б.
Харари Ю. Адамзаттың қысқаша тарихы.Алматы : Ұлттық аударма б., 2018ж.-368б.
Элен Битэм, Рона Шарп. Цифрлық дәуірде педагогиканы қайта зерделеу ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны.- Ұлттық аударма бюросы, 2019ж.-328б.
Электронды ресурстар:
1..Б.Б.Шағраева Химия танымы: Оқу құралы Қарағанды, 2019 ж.-196 б.
https://aknurpress.kz/reader/web/1264
2.Ахметов Н.К. Неорганическая химия. Часть 1. Учебное пособие.-Алматы. https://aknurpress.kz/reader/web/1681
3.www.chemistry.r2.ru
4. www.chemistry.narod.ru
5. bilimland.kz
13. КУРС САЯСАТЫ
Курс саясаты әкімшілік талаптар мен академиялық адалдық принциптерінен тұрады.
пән бойынша білімді толық көлемде игеру;
ББ бойынша құзыреттіліктерді меңгеру;
оқытушыларға, қызметкерлерге және білім алушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарау;
силлабуста көрсетілген тапсырмаларды «өзбетінше» өзгертпеу және көрсетілген талаптарды сақтау;
сабақ кестесіне сәйкес онлайн және оффлайн режимдерінде оқытуға қатысу;
пән бойынша контент түрлерін тиімді қолдану, мысалы тақырыптар бойынша жазылған бейнедәрістерді YouTube каналынан тұрақты тыңдау, тапсырмалар, блиц-сауалдар және т.б.;
пәнді өткізу үшін қажетті ақпараттық (техникалық) құралдармен жұмыс жасау дағдысын меңгеру және техникалық талаптарды сақтау;
СӨЖ тапсырмаларын оқытушының жеке кестесінде көрсетілген мерзімде орындау және пән оқытушысымен кері байланыста болу;
бақылау тапсырмаларын (межелік, аралық бақылау) бекітілген мерзімде орындау ( дәлелді себептерден басқа жағдайда);
университет, кафедра мүлкіне жауапкершілікпен қарау;
университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
кафедра, факультет, университет жұмыстарына белсенді қатысу.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің
«Академиялық адалдық Кодексінен»
КӨШІРМЕ
сапалы білім алу;
онлайн режиміндегі сабаққа тұрақты қатысу және электрондық платформаларды («ZOOM» «MOODLE» және т.б.) бекітілген кестеге сәйкес қолдану;
оқытушының силлабуста көрсетілген талаптарын орындау;
тапсырманың барлық түрлерін (ОСӨЖ, диплом жобасы және т.б.) өз бетінше орындау және көрсетілген мерзімде оқытушыға ұсыну;
ағымдық, аралық, қорытынды бақылау тапсырмаларын орындау кезінде шпаргалка, ұялы телефондарды қолданбау;
оқу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде автордың атын көрсетіп түрлі деректерді пайдалану, пайдаланылған деректер тізімін жұмыс соңында көрсету;
ақпаратты шынайы және сенімді көздерден алу;
өзінің орындаған жұмысын басқа білім алушыға ұсынбау;
жеке, туыстық және қызметтік қарым-қатынастарды пайдалану арқылы оқытушыға және әкімшілікке пара ұсынбау.
ЕСКЕРТУ! Курс саясаты университет үшін ортақ.
1 Қосымша
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкіле және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
Балдар (%-тік құрамы)
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
FX
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-24
|
Тексерілді:
Кітапхана директоры _______________________ Л.У. Мазылбекова
Тексерілді:
Оқу -әдістемелік жұмыстар
және қашықтықтан білім беру
орталығының әдіскері _________________________Қ.О.Сүлейменова
«___» ___________ 2020 ж.0>
Достарыңызбен бөлісу: |