9.1.7-9.1.8 Тақырыбы: Молекулалық орбитальдар теориясы.
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Молекулалық орбиталдар – атом орбитальдарының сызықтық комбинациялары
2. Гомоядролы екіатомды молекулалар
3. Гетероядролы молекулалар
4. Молекулалық орбитальдардың энергетикалық диаграммалары
Дәріс тезисі
Валенттік байланыс теориясы кейбір қосылыстардағы химиялық байланысты толық түсіндіре алмайтын болғандықтан ол қосылыстардағы химиялық байланыс молекулалық орбитальдар әдісімен түсіндіріледі. Молекулалық орбитальдар атом орбитальдарының сызықтық комбинациясы нәтижесінде түзіледі, оған қанша атом орбиталі қатынасса, сонша молекулалық орбиталь түзіледі. Молекулалық орбитальдарға молекуладағы электрондар орналастырылғанда атом орбитальдарын толтыру дағы ереже, принциптер қолданылады.
Молекулалық орбитальдар теориясының негізін қысқаша былай тұжырымдауға болды:
Молекула – біртұтас жүйе, ондағы электрондар молекулаға ортақ.
Молекулада электрондар молекула құрамындағы барлық электрондар өрісінде болады.
Молекуладағы әр электронға молекулалық орбиталь сәйкес келеді.
Молекулалық орбитальдарға электрондар толтырылуы кіші энергия принципі, Паули принципі және Хунд ережесіне сәйкес өтеді.
Молекулалық орбиталь көп орталықты болғандықтан, атомдармен салыс -
тырғанда, олардың пішіндері күрделірек болады. Сондықтан жуық мөлшермен молекулалық орбиталь- атомдық орбитальдар әрекеттесуінің сызықтық кескіні.
Спектроскопиялық зерттеулер нәтижесі бойынша ІІ периодтың соңында орналасқан элементтер молекуласының молекулалық орбитальдарының энергия деңгейлері келесі тәртіппен орналасады:
δбайл1s < δбос1s < δбайл2s < δбос2s < δбайл 2pх< πбайл 2pу = πбайл 2pz< πбос 2pу =
πбос 2pz< δбос2pх
Мысалы, F2 молекуласының түзілуі МО әдісі бойынша келесі түрде беріледі:
2F [1s22s22p5] = F2 [(δбайл1s)2(δбос1s)2(δбайл2s)2(δбос2s)2(δбайл2pх)2
(πбайл2pу)2(πбайл2pz)2(πбос2pу)2(πбос2pz)2]
N2 азот молекуласы үшін МО толтыру реттілігі:
N2 [(δбайл1s)2(δбос1s)2(δбайл2s)2(δбос2s)2 (πбайл 2pу)2(πбайл 2pz)2 (δбайл 2pх)2] немесе N2[KK(δбайлs)2(δбосs)2 (πбайл у)2(πбайл z)2(δбайлх)2 ]
Әдебиет
Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет
Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір ", 2011. - 752 бет
Дәрісте интерактивті дискуссия әдісі және молекулалық орбитальдарының түзілу диаграммалары көрсетілген көрнекі құралдар қолданылады.
Бекіту сұрақтары: валенттік байланыс теориясы әр байланысты түзуге неше электрон қатынасады; ВБ теориясын қолданып бірэлектронды немесе үшэлектронды екі центрлі байланыстардың түзілуін түсіндіруге бола ма; ВБ теориясымен парамагнитті оттек молекуласындағы байланысты сипаттауға бола ма;
Достарыңызбен бөлісу: |