Термохимияның негізгі заңы болып Гесс заңы саналады: термохимиялық процестердің жылу эффектісі аралық сатыларға тәуелсіз, ол тек жүйе реагенттерінің бастапқы және соңғы күйлерімен анықталады.
Реакцияның жылу эффектісі реакция өнімдерінің түзілу жылуларының қосындысынан реакцияға түскен бастапқы заттардың түзілу жылуларының қосындысын алып тастағанға тең:
ΔНо298=ΣΔHf0,298,өнім- ΣΔHf0,298,баст.заттар
Реакцияның жылу эффектісі реакцияға түскен заттардың және реакция өнімдерінің жану жылулары қосындыларының айырымына тең:
ΔН0298=ΣΔHf0,298,баст.заттар- ΣΔHf0,298,өнім
Өз еркімен жүретін химиялық реакцияның бағыты екі фактормен анықталады:
жүйенің ішкі энергия аз күйге (энтальпия азаюы) өту тенденциясы
ретті күйден реттілігі аз күйге (энтропияның артуы) өту тенденциясы .
Энтропия - жүйе ретсіздігінің сандық өлшемі.
Заттардың стандарт жағдайда анықталған энтропиясы стандарт энтропия деп аталады, белгіленуі S0298 .
Реакция энтальпиясы реакция өнімдері энтальпияларының қосындысынан бастапқы заттар энтальпияларының қосындысын (стехиометриялық коэффициенттер ескеріледі) алып тастап анықталады.
Тұрақты қысым мен температурада өтетін процестердің қозғаушы күші изобаралық-изотермиялық потенциал (Гиббс энергиясы) өзгерісімен анықталады, белгіленуі G.
ΔGреакция =∑Gреакц. өнімі -∑Gбастапқы заттар
Гиббс энергиясының энтальпия және энтропиямен байланысы келесі теңдеумен беріледі:
ΔG=ΔH-TΔS
ΔH<0 және ΔS>0, онда ΔG<0, жүйенің энтропиясы артқан жағдайда экзотермиялық реакция кез-келген температурада жүреді
ΔH>0 және ΔS<0, онда ΔG>0 жүйе энтропиясы азаятын, эндотермиялық реакция ешқандай температурада жүрмейді.
ΔS <0 ΔS<0 немесе ΔH>0 ΔS>0 , бұл жағдайда ΔG таңбасыΔH жәнеT ΔS қатынастарына байланысты, ΔG<0 болғанда ғана реакция жүруі мүмкін болады
Әдебиет
Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет
Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір ", 2011. - 752 бет
Дәрісте интерактивті дискуссия әдісі қолданылады.
Бекіту сұрақтары: иод молекуласы мен сутек молекуласы реакцияға түскенде Н2I2 қосылысы түзіле ме; НI молекуласы түзілген болса, бастапқы қосылыстардағы атомдар арасындағы байланыстар сақталған ба; термохимиялық теңдеулердің жай теңдеулерден айырмашылығы қандай; химиялық байланысты үзуге энергия жұмсалып, жаңа байланыстар түзілгенде энергия бөлінетін болса, реакция қандай жағдайда экзотермиялық, қандай жағдайда эндотермиялық болады; реакцияның өз еркімен жүруінің қандай шарттары бар т.б.
0>0>0>0>
Достарыңызбен бөлісу: |