Білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін Шымкент 2019 ж



бет8/28
Дата29.03.2022
өлшемі493,91 Kb.
#137188
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
реферат
1553595160
7 дәріс. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (әрі қарай УЖМҚ) және заттар мен матиериалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (СҮМҚ)

Дәріс жоспары:


1. УЖМҚ негізгіқызметтері
2. СҮМҚ негізі қызметтері
УЖМҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады:
- техникалық құралдарды және УЖМҚ жүйелерін дамытуды және үздіксіз қызмет етуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми-техникалық қызөметті жүзеге асыру;
- уақыт пен жиілік бірліктерінің мөлшерлерін, УЖМҚ пайдаланылатын эталондардың негізінде Қазақстан Республикасындағы уақыттың ұлттық шкаласын жаңғырту және сақтау;
- Жердің айналу параметрлерін бақылау пунктерінде алынған ақпарат негізінде бүкіләлемдік уақыт пен Жер полюстерінің координаттарын анықтау және болжау;
- елдің уақыт пен жиіліктің эталондық дабылдарына, сондай-ақ байланыстың келісілген арналары бойынша жердің айналу параметрлері туралы ақпаратқа деген сұраныстарын радио және теледидар арналары, спутниктің навигациялық жүйелері, Инетернет басты желісі бойынша үздіксіз қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының аумағында техникалық құралдар және жүйелер арқылы берілетін уақыт пен жиіліктің эталондық дабылдарын метрологиялық бақылау;
- тұтынушыларды УЖМҚ ақпараттық деректерімен қамтамасыз ету;
- эталондық базаны, жердің айналу параметрлерін анықтаудың техникалық құралдарын және уақыт пен жиіліктің эталондық дабылдарын беру және қабылдау жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелі конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
уақыттың Мемлекеттік қызметінен берілетін уақыт пен жиіліктің эталондық дабылдарының, жердің айналу параметрлерінің сипаттамаларына қойлатын талаптарды және болжау;
- УЖМҚ мәселелері бойынша халықаралық ынтамақтастыққа қатысу;
- уақыттың, жиіліктің және жердің айналу параметрлерінің техникалық құралдарының түрін бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- қазақсатн Республикасының аумағында уақытты санаудың белгіленген тәртібін сақтауды бақылау.
СҮМҚ негізі қызметтері мыналар болып табылады:
- стандартты үлгілерді жасау және қолдану негізінде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету;
- СҮМҚ қызмет етуін және дамытуын қамтамасыз ету бойынша ғылыми-техникалық және практикалық қызметті жүзеге асыру;
- стандартты үлгілерді жасау және қолдану бойынша аймақ аралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
- экономиканың стандартты үлгілерге деген сұранысын анықтау және болжау;
- тұтынушылар заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерін анықтау дәлдігіне қоятын талаптарын талдау және болжау жүргізу;
- стандартты үлгілерді жасауды, өндіруді, жүзеге асыруды және қолдануды регламенттейтін нормаларды және техникалық талаптарды белгілеу;
- стандарты үлгілердің түрлерін бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарты үлгілернің бекітілген түрлері» бөлімі бойынша өлшем бірлігін қаматамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу (әрі қарай – түрі бекітілген стандартты үлгілердің Мемлекеттік тізілімі);
- тұтынушыларды СҮМҚ анықтама ақпаратымен қамтамасыз ету,
- стандартты үлгілерді жасау, стандартты үлгілерді аттестаттау құралдарын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
- СҮМҚ мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.
Бақылау сұрақтары:
УЖМҚ атқаратын негізгі қызметтері
СҮМҚ атқаратын негізі қызметтері


8 дәріс. Заттар мен материалдардың физикалық константталары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректердің мемлекеттік қызметі (САДМҚ) және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа да мемлекеттік қызметтері.

Дәріс жоспары:


1. Заттар мен материалдардың физикалық константталары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректердің мемлекеттік қызметі (САДМҚ)
2. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа да мемлекеттік қызметтері
САДМҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады:
- стандартты анықтамалы деректерді ғылымда, өндірісте және білім беруде олардың негізінде өлшем бірлігін қаматамасыз етумақсатында әзірлеу және қолдану бойынша аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
- анық стандартты анықтамалы деректерді өнеркәсіптік өндірісте, ғылыми-техникалық қызметте, метрологияда, стандарттауда, өнімнің сәйкестігін бағалауда, коммерциялық қызметте, басқармада, адамдардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметте қолдануды қамтамасыз ететін нормаларды, ережелерді және талаптарды әзірлеу;
- стандартты анықтамалы деректерге деген сұраныстарды анықтау және болжау;
- стандарты анықтамалы деректерді жасаудың бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;
- стандартты анықтамалы деректер мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;
- стандарты анықтамалы деректермен өнеркәсіптік, ғылыми мекемелерді және де басқа ұраныстарды қамтамасыз ету.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау және метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік басқарма органдары, жеке және заңды тұлғалар метрологиялық қызметтер құрады.
Мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың басшылары бекітетін Ережелердің негізінде жасалады.
Мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі қызметтері болып мыналар табылады:
- қызметті тексерілетін аясында өлшемдердің бірлігін және талап етілетін дәлдікті қаматамасыз ету ету;
- процесстер мен қызмет көрсетулерді зерттеу, әзірлеу, өндіру, сынау, пайдалануды метрологиялық қаматамсыз ету бойынша қызметтік негізгібағыттарын анықтау және жұмыстарды орындау;
- заңнамалықпен белгіленген метрологиялық нормалар мен ережелерді өз уақытында енгізу және сақтау;
- қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және жөндеудіұйымдастыру және жүргізу;
- өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу;
- нормативтік және техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау;
- метрологиялық бақылауды жүзеге асыру.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етусаласындағы сарапшы-аудиторлар қызметтің мынабағыттары бойынша жұмыстарды жүзеге асырады:
- лицензилау кезінде біліктілік талаптарына сәйкестікке жеке және заңды тұлғаларға тәуелсіз сараптама бағалау жүргізу;
- заңды тұлғалардың метрологилық қызметтерін өлшем құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) құқығына аккредиттеу кезінде техникалық зерттеу жүргізу;
- заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау құқығына аккредиттеу кезінде техникалық зерттеу жүргізу;
- өлшеу, аналитикалық зертханаларды аккредиттеу кезінде техникалық зерттеу жүргізу;
- өлшем құралдарына сынақтар жүргізу;
- сынау жабдығына аттестаттау жүргізу;
- өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау;
- техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау жүргізу;
- аналитикалық, сынау, өлшеу зертханаларында жағдайын бақылауды жүргізу.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында сарапшы-аудитор ҚР СТ 2.45 сәйке біліктілік талаптарына сәйкес келуі қажет.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызмет, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық актілерге және нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуы қажет.
Бақылау сұрақтары:
Заттар мен материалдардың физикалық константталары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректердің мемлекеттік қызметінің (САДМҚ) атқаратын негізгі жұмыстары
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа да мемлекеттік қызметтерінің атқаратын негізгі жұмыстары
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар қызметті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет