Білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін Шымкент 2019 ж


дәріс. Кіріспе. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні



бет2/28
Дата29.03.2022
өлшемі493,91 Kb.
#137188
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
реферат
1553595160
1 дәріс. Кіріспе. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні.

Дәріс жоспары:



  1. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің метрологиямен, шамаларды өлшеу әдістерімен және құралдарымен байланысы.

  2. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні

  3. Метрологиялық қамтамасыз етудің қарастыратын мәселелері

Практикалық қызмет етуді бірде бір саласы жоқ, қай жерде өлшеусіз өтуге болатын, қайда өлшеуші шамамен бұл шаманың өлшеуші бірлігінің арасында байланыс бар жерде әртүрлі талдауда, болжауларда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде шикізаттың дайын өнімнің сапасы және барлық өндіріс циклының технологиялық операциялар жайлы анық ақпарат қажет.


Бұл ақпаратты әртүрлі физикалық шамаларды, көрсеткіштерді және параметрлерді көп рет өлшеу жолымен алады. Анық, қажетті дәлтікпен алынған өлшеуші ақпарат дұрыс қабылданатын шешімді қамтамасыз етеді. Анық емес ақпарат өнім сапасының төмендеуіне, аппараттарға, ғылыми зерттеулерден жалған қорытындыларға, пайдалы қазбалардың қорын қате бағалауға әкелуі мүмкін.
Өлшеулерге бірыңғай әдіс – амал өзара – түсінушілікті, ақпартты айырбастауға, өлшеу құралдарың және әдістерін стандарттауға мүмкіншілікке, халықаралық тауарайналым жүйесінде өнімді сынай және өлшеу нәтижелерін өзара мойындауға кепілдік береді. Барлығы, құм өлшейтін (техникалық құралдарды қолдану арқылы тәжірибелі жолмен өлшенетін шаманың мәнін табады) мамандарндырылған метрологтар алынған өлшеу нәтижелеріне сенгілері келеді. Алынған өлшеу нәтижелеріне тек сенім жақтар қайта өлшеуге басқа лабораторияларды, басқа мамандарды тартуға мәжбүр етеді. Көбінесе көп мәселелерді тек әртүрлі орындарда, әртүрлі уақытта, әртүрлі өлшеу құралдарын қолдануымен алынған көп санды өлшеу нәтижелер негізінде шешуге болады. Мұндай нәтижелерді тек оларды салғастыру шарттарымен қолдануға болады. Өндірісті автоматтандыруы дәлдікті жоғарлатуға, анық және салғастыру өлшеулерге мәжбүрлейді. Мәселе қиындаған сайын, метрология үлкен мәнге ие болады.
Қызмет етудің барлық түрлері өлшеусіз ойсыз. Кәсіпорынның көп саласында өлшеуге байланысты шығын көлемі – жылдық капитал кірісінің 30%-дан астам құрайды. Материалдың, энергетикалық және де басқа ресурстарды үнемдеу мәселесін шешуде метрологиялық қамтамысз ету үлкен мәнде ие болады, өйткені сандық есептеу материалдың құндылықтарды, электрлік және отын энергиясын, мұнай және мұнай өнімдерін, газды, су ресуртарын жоғалтуды азайту және үнемдеу негізі бойынша табылады.
Метрологиялық қызметтің болмауы, өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету бойынша жағдайлардың және ережелердің бұзылуы – өнім сапасын бақылаудың жүргізу өлшеулері кезінде, технологиялық процестерді реттеу кезінде, ауру-сырқаттарды емдеу және анықтау кезінде үлкеншығынға алып келеді.
Өнімді өндіру кезінде дайын өнімнің сапасын бағалауда тек өлшеу жағдайын емес және де белсенді бақылау көмегімен технологиялық процестегі сапа көрсеткіштерін бақылау мүмкіншілігіне және өлшеу жағдайына назар аудару қажет. Жаңа бұйымда ойлап табу алдында және әрбір технологиялық процесті шығаруда шығарылған және аттестатталған өлшеу және сынау құралдарын және әдістерін қолдана отырып, өндірістің метрологиялық дайындығы туралы сұрақтарды шешіп алу қажет.
Өлшеу кезіндегі қолданылатын әдістемелер метрологиялық аттестталған және тіркеуден өту керек. Аттестталған әдістеменің талабын қатаң қадағалай отырып, оператор, яғни ол алған өлшем нәтижесі, қателігі берілген шегінен шықпағаны туралы сенімді болу керек.
Қызмет берудің барлық бағыттарындағы объектілерінде метрология заңнамысының жағдайы білетін, теоретика метрология жасаудың негізін және практикада іс-жүзіне асыра білетін мамандар қажет (өлшеу жағдайына жауапты бас метрологтар, өлшеуді жүргізетін операторлар).
Метрология саласында мамандарды дайындау төрт тіректі модульдерге негізделеді: инженерлі дайындықта, экономды басқару дайындықта, ақпаратты технология саласында дайындықта, сапаны қамтамасыз ету дайындықта. Оқу процесі кезінде анық өлшеуші ақпараттар алу, түрлендіру, өңдеу және беру әдістерін оқиды. Өндірісті метрологиялық қамаамысыз ету және метрология саласындағы саясатты анықтайтын, халықаралық құқық және ұйымдар талабына сәйкес метрология бойынша жұмыстарды өткізу және ұйымның тәртібін оқиды.
Жалпы өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету келесілерді қамтиды:

  • Өлшеу жағдайын талдау;

  • Өлшеу шамаларының рационалды номенклатураларын онату және дәлдікке сәйкес жұмысшы немесе эталондық өлшеу құралдарын калибрлеу;

  • Бақылау жүргізу және өлшеу құралдарын калибрлеу;

  • Орнатылған дәлдік нормаларымен қамтамасыз ету үшін өлшеуді жүргізу әдістемесін жүргізу;

  • Конструкторлық және технологиялық құжаттамаларға метрологиялық сараптама жүргізу;

  • Қажетті нормативті құжаттарды ендіру;

  • Техникалық біліктілікке аккредиттеу жүргізу;

  • Метрологиялық бақылауды жүргізу.

Метрологиялық қамтамасыз етуді дайындау кезінде процестердің өзара байланыстылығын қамтитын жүйелік үйлесімділікті қолдану керек.
Курстың міндеті: метрологиялық қызметтердің құрылымы мен қызметін, өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық базасын, өлшеу бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету әдістерін, метрологиялық дайындау және тексеру жұмыстарын орындау, олардың нәтижелерін өңдеу мен рәсімдеу ережелерін білу.
Сонымен қатар, студенттер метрологиялық қамтамасыз ету жағдайын талдауды, өлшеу және бақылау құралдарын метрологиялық жарамды күйде қолдануды, өлшеу, сынау және бақылау процесстерін жоспарлауды және орындауды, нәтижелерді өңдей алу.
Өлшеу, өлшеу құралдарын метрологиялық сынақтан өткізу, аттестаттау, бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың нақты жағдайларында қетеліктердің сипаттамаларын есептеу дағдыларын игеру.

Бақылау сұрақтары:


Метрологиялық қамтамасыз етудің қажеттілігі;
Метрологиялық қамтамасыз етудегі орындалатын негізгі жұмыстар;
Мамандарды даярлаудағы пәннің алатын орыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет