Білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін Шымкент 2019 ж



бет4/28
Дата29.03.2022
өлшемі493,91 Kb.
#137188
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
реферат
1553595160
Метрологиялық қызметтердің құқықтары

  • ведомстволық кәсіпорындардың метрологиялық қызметтеріне (мемлекеттік басқарма органдары үшін) және құрылымдық ішкі бөлімшелерге (заңды тұлғалар үшін) метрологиялық еределерді және нормаларды бұзуды жоюға бағытталған міндетті нұсқаулар беруге;

  • метрологиялық қызмет ету саласында әрекеттегі заңдылыққа, метрологиялық ережелер мен нормаларға қарама қайшы нормативті құжаттарды, бұйрықтарды, жарлықтарды және нұсқауларды жою туралы ұсыныстар енгізуге;

  • метрологиялық ғылыми орталықпен, мемлекеттік басқарма органдарымен, жеке және заңды тұлғалармен ұсынылған нормативті құжаттарды метрологилық сараптау өткізуге;

  • жобалық, конструкторлық, технологилық құжаттарға метрологилық сараптау жүргізу, аналитикалық, сынақтық және өлшемдік зертханаларда өлшем жағдайын бағалау кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы ұсыныстарды енгізуге;

  • техникалық талаптарға жауап бермейтін өлшем құралдарын, типін бекіту мақсатында сынақтан өтпеген өлшем құралдарын, пайдаланылатын құжаттар талабына сәйкес келмейтін шарттарда және тағайындау бойынша пайдаланылмаған, метрологиялық аттестаттаудың мерзімі аяқталған салыстырып тексеруді айналымнан алуға;

  • метрология сүраұтары бойынша нормативті құжаттар жобалары бойынша қорытынды дайындауға;

  • метрологиялық бақылауды іске асыр тәртібінде тексеружүргізу үшін қажетті материалдарды метрологилық бақылауға тарлыған құрылымдық ішкі бөлімшелерден алуға құқылы.

Мемлекеттік басқарма органдарының метрологиялық қызметтері сондай-ақ бұзуларды жойғанға дейін сапа бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді шығаруға (сондай-ақ жөндеуден де) немесе жүзеге асыруға әкелген метрологиялық ережелердің бұзылуы жағдайында өнімді өндірісте тоқтату туралы басшылықты ұсынуды енгізуге құқылы.
Сонымен метрологиялық қамтамасыз етудің осы мәселелер тобын шешуде өлшеу ақпараттарының «шығарылуы және тұтынушылармен» байланысты ведомствалық органдар мен техникалық қызметтер қатысуы керек.
Өлшеу нәтижелерінің дәлдік көрсеткіштерінің сандық мәндері мен номенклатурасын таңдауға кеңінен тоқталамыз. Осыған байланысты оның техника-экономикалық суреттемелерге сәйкес өлшеу мәселелерінің дәл класы үшін таңдалатын өнімнің оптималді дәлдігі туралы түсінікті қарастырамыз.
Мысалы, нәтижесі өнімнің сапасын бақылау кезінде пайдаланатын өлшем дәлдіктерінің нормасын таңдау, бақылаудың брак болу ықтималды жіберілуі мүмкін мәндермен сипатталады. Өлшеу дәлдігі қаншалықты жоғары болса, бақылаудың брак болу ықтималдығы да аз және дефекті бұйымдарды эксплуатациялайтын жылдық қайта бақылауға қатысты экономикалық жоғалтуларда азаяды. Бірақ өлшемдердің дәлдігін арттыру материалдық шығынды қажет етеді. Осы жағдайда өлшем дәлдігінің оптималді бақылауды жүргізуге кеткен қаражат көлемі және мүмкін болатын брактан экономикалық жоғалтуы минималды болады.
Осыған орай, метрологиялық қамтамасыздандыру бойынша кез келген ғылыми, техникалық және әлеуметтік мәселелер оның дәрежесін, эффективтілігі мен осы мәселелерді шешу сапасына әсер ететінжалпы критерийлерін сипаттайтын белгілі технико-экономикалық көрсеткіштер базасында құртуы керек.
Метрологиялық қамтамасыз етудің соңғы мақсаты, жоғарыдағыларды қорыта келгенде – шикізат, материалдар, бұйымдар және процестерді өлшеу, сынау және бақылау нәтижелері бойынша қате шешімдердің қабылдану мүмкіндігін рационалды минимумға алып келу екені көрінеді.
Осы мақсатқа жету үшін метрологиялық қамтамасыздандырудың барлық мәселелерін кешенді шешу қажет.
Өндірісті әзірлеуді метрологиялық қамтамасыз ету деп өндірістің қажетті бұйымдармен, материалдар, шикізаттар және құрал жабдықтармен, технологиялық процесті ұйымдастыру-технологиялық шаралардың кешенімен қамтамасыз етілуін айтады.
Мұндай қамтамасыз етудің нормативтік негізі болып мемлекеттік және салалық стандарттар, кәсіпорындардың ғылыми техникалық, ұйымдастыру әдістемелік және жеке жағдайларға арналған нұсқау өндірістік құжаттар саналады.
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстары кәсіпорынның конструкторлық технологиялық және метрологиялық қызметтері өнім өндіру туралы алғашқы құжаттарды алған мерзімнен бастап жүргізіледі. Бұл жұмыстың ұйымдастырылуы мен басталуы туралы құжаттарды салалық стандарттар белгілейді. Метрологиялық қамтамасыз ету процесіне мемлекеттік және ведомствалық метрологиялық қызмет органдары басшылық етеді.
Өндірісті әзірлеуді метрологиялық қамтамасыз етудің жоспарын кәсіпорынның метрологиялық қызметі немесе метрологиялық қызметпен келісе отырып, өндірістің технологиясын жоспарлайтын бөлімшесі жасайды. Бұл жоспар өндірісті техникалық әзірлеудің жалпы жоспарына кіреді.
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде мынадай шаралар орындалады:

  1. өнімнің сапасын анықтау үшін қолданылатын өлшемдердің нормалары мен дәлдік параметрлерін және технологиялық процесс пен құрал жабдықтардың тиімді номенклатураларын белгілеу.

  2. өлшеу жүргізуді өлшем дәлдігін сақтайтын, жетілдірілген әдістемелермен қамтамасыз ету.

  3. өлшеу құралдары мен өлшеу әдістерінің дұрыс түрлерін қолдану туралы ұсыныстар жасау. Өндірісті стандартталған немесе қажет болған жағдайда стандартталмаған өлшеу құралдары мен өлшеу нәтижелерін дайындау және өңдеу тәсілдерімен қамтамасыз ету.

  4. өлшеу құралдарын стандарттау.

  5. өлшеу жүргізудің нормативтік техникалық құжаттарға сай болуын қамтамасыз ету.

  6. өндіріс қызметкерлері мен жұмысшыларын өлшеу жүргізуге өлшеу құралдарының дәлдігін анықтап жөндеуге үйрету.

Бақылау сұрақтары:


1.Өндірісті дайындаудың метрологиялық қамтамасыз етілуідің нормативті негізі
2.Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде орындалатын негізгі жұмыстар
3.Өндірісті әзірлеуді метрологиялық қамтамасыз етудің жоспары
4.Метрологиялық қызметтің негізгі міндеттері;
5.Метрологиялық қызметтің негізгі құқықтары;
6.Метрологиялық қызметтің негізгі алатын құжаттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет