Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24


Коррозияға қарсы жүргізілетін шараларды өткізу қажеттілігі



бет12/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau

Коррозияға қарсы жүргізілетін шараларды өткізу қажеттілігі

Металл коррозиясы өндірістерге үлкен нұқсан келтіреді.


Коррозиядан болатын шығындарды 3 категорияға бөлуге болады:
– металл құрылғыларын жасауға кеткен шығындар;
– коррозия өнімдері түріндегі металдардың қайтпас жоғалту шығындары;
– жанама жоғалтулармен байланысты шығындар (газ жеткізілмеуі нәтижесіндегі кәсіпорындарының жұмысының тоқтауы, қоршаған ортаның ластануы және т.б.).
Коррозияға қарсы іс-шаралардың қажеттігі үш аспектімен анықталады:
бірінші аспект - экономикалық, коррозия кезінде құрылғылардың бұзылуы нәтижесінде жоғалған материалдардың көлемін азайту;
– екінші аспект - апатқа алып келетін құрылғылардың бұзылуын болдырмау;
– үшінші аспект - металл қорын сақтау, өйткені ол әрбір мемлекетте,
сондай-ақ әлемде де шектелген, ал оны қайта құруға адам еңбегінің интелекті және әртүрлі материалды-техникалық әдістері қажет.
Құрылғылардың коррозиясына байланысты мұнай кәсіпорындарының жоғалтулары төмендегі категорияларға бөлінеді:

– тура шығындар;


– жанама шығындар;
– қорғауға арналған шығындар.
Тура шығындарға мыналар жатады:
– коррозиядан қорғау және коррозия келтірген нұқсандары ағымдағы немесе күрделі жөндеуге кеткен шығын қоры (коррозияға ұшырағаннан кейін ауыстырылатын бөлшектер мен механизмдердің құны, оларды монтаждау, коррозияға қарсы жүргізілетін жұмыстар, бұлардың бәрі жөндеу жұмыстары кезінде жүргізіледі);
– металды жартылай фабрикаттар құны, материал, комплекттеуші бұйымдар, металды және құрамында металы бар дайын өнім, коррозияға ұшыраған жағдайда іріктеледі (жөндеу кезіндегі ауыстырылатындардан басқасы);
– коррозияға ұшыраған металды тазалауға кеткен қосымша шығындар.
Жанама шығындар төмендегідей:
– коррозияға байланысты тоқтап қалған негізгі қорының шығыны (соның ішінде, коррозияға байланысты жоспарланбаған ағымдағы және күрделі жөндеу кезінде);
– коррозияға ұшырауынан бұзылған құрылғылар, құбырлы желілер, резервуарлар және т.б. құны;
– коррозияға байланысты өнім сапасының төмендеуінен болатын шығындар;
– қоршаған ортаға, өндірістік емес ғимараттарға және адам денсаулығына зиян келтіретін нұқсанды жоюға кететін шығындар;
– кешеннің қуатының жоғалуы (мысалы, коррозия өнімдері кесірінен болатын алмасу бетіндегі жылу тасымалданудың төмендеуі).
Коррозиядан қорғауға кететін жалпы шығындар –– коррозияға қарсы қолданылатын барлық амалдар мен тәсілдерді қолдану (тура шығындарды ескермегенде) соның ішінде:
– коррозияға қарсы және бақылауға арналған арнайы құрылғылар мен негізгі әдістерді монтаждауға кететін алғашқы және қосымша капиталды салымдар;
– негізгі қорды коррозиядан қорғауға кететін ағымдағы шығындар;
– коррозияға төзімді материалдардан дайындалатын өнімге байланысты шығындар;
– коррозияға жол беру, коррозия жылдамдығы және онымен қалай күресу керектігі белгісіз болған жағдайда (мысалы, резервуарлар, құбыржелілер, құрылғылар және т.б. қабырғаларын қалыңдатуға мәжбүр болған кезде);
– сақтау және тасымалдау кезіндегі өнімді қорғауға кететін ағымдағы шығындар;
– дайын өнімнің коррозияға қарсы төзімділігі мен қаншалықты қорғалғандығын тексеру кезіндегі ағымдағы шығындар;
– коррозия аймағындағы жүргізілетін құрылымдық және ғылыми- зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығындар.
Кейбір жағдайларда, коррозиялық шығындар ақша бірілігімен ғана есептелемейді, мысалы коррозиялық үрдістен болатын апаттағы адамдар өлімі және т.б.


Бақылау сұрақтары

  1. Коррозия деген не, коррозияға байланысты ғылымда қандай сұрақтар шешілуде?

  2. Ауасыз кеңістікте коррозия үрдісі мүмкін бе? Түсіндіріңіз.

  3. Металл коррозиясы мәселесі белсендірек жүретін мұнай және газ кәсіпорындарына жалпы сипаттама беріңіз.

  4. Коррозияға келтіретін шығындар қалай жіктеледі?

  5. Коррозияға қарсы жүргізілетін іс-шаралардың қажеттігін анықтайтын аспектілерге сипаттама беріңіз.

2-ТАҚЫРЫП. Коррозиялық процестердің жіктелуі.
Дәріс жоспары

  1. Коррозиялық процестердің жіктелуі.

  2. Коррозиялық бұзылыс түрлері.

  3. Коррозия жылдамдығы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет