Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24


Металды қорғаудың активті әдістері



бет20/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau

Металды қорғаудың активті әдістері

Қорғаудың төртінші әдісі активті қорғау деп аталады. Оған келесі әдістер жатады:


Үлкен электрөткізгіштігі бар ортада қолданылатын бұйымдардың катодтық поляризациясы. Мұндай поляризация, сыртқы электр энергиясы арқылы жүзеге асады және катодты қорғау деп аталады. Кейбір жағдайларда катодты поляризация әрқашан емес, периодты болады, бұл әрине өте салмақты экономикалық эффекті береді. Бұйымды катодты қорғау кезінде электр потенциалының терістігі соншалықты, металдың қышқылдануы термодинамикалық тұрғыдан мүмкін емес болады.
Катодты поляризация, бұйымның металмен электрлік әсерлесуі нәтижесінде пайда болады, бұл анағұрлым теріс электродты потенциалға ие, мысалы, магний құймасы бар болат бұйым электрөткізгіштігі жоғары ортада электр теріс металы көбірек қышқылданады, яғни, бұзылады. Оны периодты түрде ауыстырып тұру керек. Мұндай металл протектор деп, ал әдісі – протекторлы қорғау әдісі деп аталады. Бұл әдіске адасқан тоқтармен күресуге арналған іс-шараларды жатқызамыз, олар екі негізгі бағытта өтеді: тоқ көзіндегі адасқан тоқтардың пайда болуын азайту және алдын алу немесе қорғалып отырған жерасты құрылғысында арнайы шаралар жүргізу. Бірінші бағыттағы іс-шара қажетті, бірақ тек бастапқы шара болып табылады. Бұл шаралардың қорытындысына қарамастан, жерасты құрылғыларының өзін қорғауға арналған іс-шаралар жүргізу қажет, оған жоғары оқшаулағыш жабындар, электрлі экран қондырғылары, құбыржелілерге қосылуларды (фланец) оқшаулайтын қондырғыларды орнату, құбыржелілерді жерасты коллектор және каналдарда қалау, электрдренажды қорғау, катодты поляризация және т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет