Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24


Металл бетіндегі пайда болатын тотықтың коррозия үрдісіне әсері



бет23/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau

Металл бетіндегі пайда болатын тотықтың коррозия үрдісіне әсері
Тотық қабықшасының қалыңдығы 5-10 A°-нен бірнеше мың ангстрем аралығында жатады. Тотық қабықшасы тек ол арқылы оттегі диффурленген кезде ғана көбейе алады. Егер металл иондары мен оларға қатысты электрондар темірден тотық қабықшасы арқылы оттекке қарағанда айтарлықтай тез диффурленсе, онда тотық қабықшасы тоттану шекарасында өседі (4.1-сурет).
Кері жағдайда өсу аймағы тотық қабатының астында орналасады (4.1 б-сурет). Егер металл және оттегі иондарының диффузия жылдамдығы шамалас болса, онда өсу аймағы тотық қабықшасы ішінде орналасады (4.1 в-сурет). Металл иондары әдетте оттек молекуласынан кіші (яғни диффузия жылдамдығы жоғары) болады. Сондықтан тотық қабықшасы әдетте газбен беттесетін бетте өседі. Тотық қабықшасы диффузия нәтижесінде өседі. Оның өсуі өз кезегінде диффузияны баяулатады, коррозия азаяды.
Тотық қабықшасының қалыңдығы металл түріне, орта сипаттамасына, температураға және т.б. байланысты.
Қалыңдығына қарай тотық қабықшаларын 3 топқа бөлуге болады:

  1. Жұқа (400 A°-ге дейін) – көрінбейтін және тек жанама әдістермен табылады.

  2. Орташа (400-5000 A°) – жылытқан кезде қоныр түс береді.

  3. Қалың (5000 A°-нен көп) – көрінерлік.

1-тотық қабықшасы; 2-өсу аймағы; Me-металл; Me+ - металл иондары;



  1. е -– электрондар; O2-оттегі

4.1 сурет - Тотық қабықшаларының өсу түрлері


Егер тотық қабықшасы тұтас, металмен жанасуы жақсы және көлемдік ұлғаю коэффициенті оған жақын болса, онда ол металды әрі қарай тотығудан қорғай алады.


Тотық қабықшасының металды әрі қарай тотығудан қорғаудың негізгі шарты – оның тұтастығы. Ол өз кезегінде тотыққан металл көлемі мен қалыптасқан тотық көлемі қатынасына байланысты (4.1 кесте).

4.1 кесте - Тотық пен тотыққан металл көлемдерінің қатынасы



Металл

Металл
тотығы

Vт/Vм

Қабықшаның қорғаныс
әрекетінің сипаттамалары

Калий

K2O

0,45

Тотық қабықшасы кеуекті,

Натрий

Na2O

0,55

тез тотығатын металдар

Кальций

CaO

0,64




Барий

BaO

0,67




Магний

MgO

0,81

Тотық қабықшасы тұтас,

Алюминий

Al2O3

1,21

тотығуға бекем металдар

Титан

Ti2O3

1,35




Мырыш

ZnO

1,55




Никель

NiO

1,64

Қорғаныс сипаттамалары

Мыс

CuO

1,65

нашар тотық қабықшасы

Хром

Cr2O3

2,07




Темір

Fe2O3

2,14







Fe3O4

2,09




Вольфрам

WO3

3,35




Егер Vok/VM>3 болса, онда көлемі үлкен қабықшада созатын кернеу пайда болып, оның тұтастығын бұзады. Ол, өз кезегінде оның қорғаныс сипаттамаларын төмендетеді.
Тотық қабықшалары өскен сайын және металл деформациясы болған кезінде бұзылуы мүмкін. Ол, өз кезегінде, олардың қорғаныс сипаттамаларын төмендетеді және газды коррозия үрдісін тездетеді. Газды коррозияның интенсивтігін температура ауытқуы да өсіреді. Мысалы, ауыспалы жылыту және салқындату. Бұл кезде тотық қабықшасында термиялық кернеулер пайда болып, жарықшақтар қалыптасады.
Газды коррозияның жылдамдығы болат бетінің кедір-бұдырлығы азаюмен қатар төмендейді. Өйткені, жақсы өнделген беттерде тотық қабықшасы жақсы сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет