Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24


Электрохимиялық коррозияның пайда болу себептері



бет31/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau

Электрохимиялық коррозияның пайда болу себептері

Жоғарыда айтылып өткендей, электрохимиялық коррозияның басты себебі көптеген металдардың термодинамикалық төзімділіктерінің төмендігі және олардың иондық күйге ауысуына ұмтылуы.


Металдың кристалдық құрылымы кристалдық тормен сипатталынады, олардың түйіндерінде ядроның сыртқы валенттік (жартылай бос) электрондармен атом іші әлсіз байланысы бар металл атомдары орналасқан. Металдарда зарядтардың орын ауыстыруы (электр тогы) жартылай бос электрондармен жүзеге асырылады. Металдардың электрөткізгіштіктерінің түрлі деңгейде (барлық жағдайларда) болуы олардың кристалдық құрылымының түрлі болуымен, сонымен бірге металдың кристалдық тор түйіндеріндегі түрлі жартылай бос электрондар санымен түсіндіріледі. Қарапайым жағдайларда жартылай бос электрондар атомнан тыс шекке шыға алмайды, бірақ қосымша энергияны шығындау арқылы (қыздыру, электрлік өріс және т.с.с.) электрондардың бағытталған қозғалысына жағдай туғызуға болады.
Сумен жанасқанда қатты денелердің үстіңгі бетіндегі атомдары су молекулаларының күштің өрісінің әсеріне ұшырайды, олар қатты дененің кристалдық торына енеді. Бұл гидрациялық әрекеттесу күшті болғандықтан, металдың әлсіз байланыс атомдары сыртқы (валенттік) электрондарымен бірге зақымдалынады және металл атомдары кристалдық тордың түйіндерінен шығып, суға өту мүмкіндігіне ие болады. Нәтижесінде оң зарядты тасымалдайтын ион-атом түзіледі. Мұнда металда қалып қойған электрондар теріс заряд тасымалдауыштары болып қалады, яғни металл бетінде қос электрлік қабат түзіледі. Белгіленген шамаға жеткенде металдың ион-атомдарының ерітіндіге өтуі тоқтайды. Металдың ерітіндіге су молекулаларының күштік өрістері әсерінен өзінің ион-атомдарын беру қабілеттілігі қос электрлік қабаттағы потенциалдардың түрлі шамасын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет