Тепе-теңдік электрод потенциалы
Фазалардың бөліну шекарасында түзілетін электрлік екі қабаттың күштік өрісі металл иондарының металдан ерітіндіге өтуіне (ауысуына) кедергі болады. Сондықтан да металл иондары металдан ерітіндіге өтуі кезінде олар қос электрлік өрістен туындайтын өріс күшіне қарсы жұмысты атқаруы тиіс. Иондардың ауысуы қос электрлік қабаттағы потенциалдар айырымы, металл мен ерітіндідегі металл иондарының бос энергиялары арасындағы айырмасына сәйкес келетін шамаға дейін жеткенінше жалғаса береді. Бұл күйге тең салмақты электродты потенциал (θ) сәйкес келеді. Тепе-теңдік электрод потенциалы анықтайтын иондардың қасиеттеріне және ерітіндідегі концентрациясына байланысты болады.
Электрод потенциалының электролит ерітіндісінің иондар концентрациясына тәуелділігі В.Нернст теңдеуімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |