Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24


Электродты тотығу және тотықсыздану реакциялары



бет34/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau

Электродты тотығу және тотықсыздану реакциялары

1800 жылы Италяндық физик А.Вольт өткізгіштермен біріктірілген екі түрлі металды ерітіндіге батырғанда электр тогының пайда болатынын анықтады. Бұл жүйе қазіргі гальваникалық элементтердің бір үлгісі болып табылады. Гальваникалық элементтердің электродтары деп электролитке батырылған және тоқты сыртқы тізбекке бұру үшін өткізгіштермен жабдықталған металдарды немесе қорытпаларды атайды.


Электролитке батырылған және ол арқылы сыртқы тоқ көзі өтетін электродтар жүйесін электролиттік ұяшық деп атайды. Электролиттік ыдырау және электродтарда заттардың айналу үрдістерін электролиз деп атайды.
Электролиз үрдісі және гальваникалық элемент разряды үшін келесі электродтық реакциялар тән.
катодта тотықсыздану реакциясы (электрондардың қосылуы):
++2е-2↑ (сутектік деполяризация);
О2+2Н2О+4е-=4(ОН)- (оттектік деполяризация);
Ме2++2е- =Ме (сыртқы тізбекке түсетін электрондардың босауы).


анодта тотығу реакциясы:

Ме2= Ме22+ +2е-;


4(ОН)-2+2Н2О+4е.


Фарадей заңдары

Электродтардағы заттардың химиялық айналу мен электрлік энергия араларындағы сандық қатынасы Фарадей заңдарымен анықталады.


Фарадейдің бірінші заңы катодта тотықсыздануға ұшыраған немесе анодта тотыққан заттардың массасы ерітінді арқылы өткен электр тогының санына тура пропорционал.
Фарадейдің екінші заңы электр тогының белгілі бір ғана мөлшерін ерітінді арқылы өткізуде анодта тотықтырған заттың массасы оның химиялық эквивалентіне тура пропорционал.
Фарадейдің екі заңын ортақ келесі формуламен тұжырымдауға болады:


G= g*i * t

Мұндағы: gзаттың электрлік эквиваленті; І– тоқ күші; t уақыт.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет