Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24


Металл бетіне ортаның біртекті болмауының әсері



бет35/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau

Металл бетіне ортаның біртекті болмауының әсері

Металдың электрохимиялық коррозиясы кезінде тоқтың пайда болуы үшін катодты және анодты аумақ қажет. Анодтық аумақта тотығу реакциялары жүреді, мұнда металдар өзінің электрондарын жоғалтады және ион-атомдарын түзеді.


Ме > Men+ +n *e-

Электролит ерітіндісіне өте отырып, металдың ион-атомдары оның біртіндеп бұзылуына (зақымдалуына), яғни коррозияны болдырады.


Катодтық аумақта тотықсыздану реакциясы жүріп бос электрондардың қандай да бір затқа қосылуы деполяризатор дейміз.
Егер деполяризатор рөлін сутектің иондары атқарса:


++2е-->2Н~>Н2,

Онда: мұндай реакция сутектік деполяризатор реакциясы деп аталынады.


Егер деполяризатор рөлін оттек атқарса, онда мұндай реакция оттектік деполяризация реакциясы деп аталынады.
О2+4Н+ +4е- >2Н2О қышқылдық ортада, О2+2Н2О +4е- >4(ОН)- сілтілік ортада.
Қарастырылған электрохимиялық коррозия механизмі көрсеткендей, үрдістің қарқындылығы металдың (бос электрондардың) ион-атомдарының түзілу жылдамдығына, сонымен қатар оттегі мен судың қатысуына тікелей байланысты. Ион-атомдардың түзілу жылдамдығына температура, электролит ерітіндісінің концентрациясы және басқа да сыртқы жағдайлар әсер ететінін ескере отырып, келесідей қорытынды жасауға болады, егер қандай да бір металдың бетінде түрлі күйлерді құрайтын болсақ, онда оның бір жақ беті екіншісімен салыстырғанда анодты түрге айналады.
Бірінші жағдайда анодты болып, қыздырылған электролитке орналастырылған электрод саналады. Бұл қыздырылған электролитте металдың қарқынды еритіндігімен байланысты. Мұндай жағдай өз тұзында әлсіз концентрацияланған ерітіндіде байқалады. Сонымен, электродтардың біріне ауаны беруде, оттектік деполяризатор реакциясының жүруі біршама жеңілдейді.
Коррозиялық элементтердің құбыр өткізгіштер бетінде түзілуінің әртүрлі себептері бар. Олар оттектің беткі аймақтарына еркін түсуі, топырақтың түрлі ылғалдылығы, металдың микроқұрылымының біртекті болмауы (5.2- 5.3 суреттер).


А – анодтық аумақ; К – катодтық аумақ





    1. сурет - Металдың беттерінде әртүрлі жағдайлар нәтижесінде құбыр өткізгіштерде

коррозиялық элементтердің пайда болуы

5.3 сурет - Гальваникалық элементтердің түзілу мысалдары






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет