Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24



бет24/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau

Газды коррозия

Газды коррозия – химиялық коррозияның кең тараған түрі. Ол металл балқымасының жоғары температураларда газдармен әрекеттесуі нәтижесінде жүреді.


Металдың газды коррозияға қарсыласу қабілеттілігі оның ыстыққа төзімділігімен анықталады. Металдың тағы бір маңызды қасиеті ыстық газдармен әрекеттесуі кезіндегі ыстыққа беріктігі болып табылады. Бұл қасиет металдың механикалық беріктігін сақтау және жоғары температураларда аққыштыққа қарсыласу қабілеті. Көптеген металдар, мысалы, алюминий балқымалары 400-500 °C кезінде ыстыққа төзімді, бірақ ыстыққа берік емес.
Темірдің, болаттың, шойынның газды коррозиясының келесі түрлермен ажыратады: тотығу, көміртексіздендіру, сутектік морттық, шойын «өсуі».
Темір, болат және шойынның тотығуы оларды ауа немесе жанармай жану өнімдерінің ортасында жылыту кезінде жүреді. Бұл кезде металл тотықтардан тұратын тот қабатымен жабылады. Әдетте тотығу 600 °C-ден жоғары температураларда анағұрлым тез жүреді. Темір мен оттегі әр түрлі кристалдық торларға ие 3 түрлі тотық құрайды: FeO (вюстит), Fe2O3 (гематит), Fe3O4 (магнетит).
Болат пен шойынның көміртексіздендіру жоғары температураларда жүреді. Көміртектің металдан оның бетіне өту әсерінен болады. Кейін тотығып және пайда болатын газ тәріздес өнімдер жойылады. Нәтижесінде болаттың беткі қабаты айтарлықтай көміртектен айырылады. Сол себепті болаттың қаттылығы мен шаршау шегі төмендейді, оның бетінің тозу шыдамдылығы азаяды. Бұл кезде болат пен шойында орналасатын Fe3C – цементиті көміртектен айырылады. Су буы, көмірқышқыл газы, оттегі, ауа неғұрлым интенсивті көміртексіздендіруді тудырады.
Болаттың немесе шойынның көміртексіздендіру үрдісі олардың құрамындағы темірдің тотығу үрдісімен қатар жүреді. Бұл кездегі көміртексіздендіру жылдамдығы тотығу жылдамдығынан көп болуы мүмкін.
Болат пен шойынның беріктігін көбейту үшін көміртексіздендіруге қарсы оларға шамалы алюминий, хром, вольфрам немесе марганецті қосады. легірлеу элементтері болаттан көміртектердің диффузиясын баяулатып, металл бетінде тотығу үрдісін тежейтін қалың тотық қабықшасын қалыптастырады. Тотығуды және көміртексіздендіруді азайту үшін металды бейтарап газдан тұратын қорғаныс атмосферасына орналастыруға болады.
Болаттың сутектік әлсіздігі оны сутек ортасында жоғары температураларда (300 °C жоғары) және жоғары қысымдарда қыздырғанда пайда бола алады. Берілген шарттарда металдағы сутектің еруі жүреді және де темірде морт қатты сутек ерітіндісі пайда болады. Осы кезде болат құрамында бар атомды сутектен сутек молекулалары пайда болуы мүмкін.
Айтылған үрдістер әсерінен болат беріктігі азайып, оның құрамында жарықшақтар пайда болуы мүмкін. Басқаларға қарағанда сутектік морттық ауруға хромды (Х13) және хромникельді (Х18H9) болаттар аздау ұшырайды.
Шойынның «өсуі» шойын өнімдерінің мөлшерлерінің үлкеюімен және олардың беріктігінің азаюымен жүреді. «Өсу» металл түйіндерінің шекарасында кристаллит аралық тотығуы әсерінен жүреді. Қалыптасатын тот көлемі тотыққан металл көлемінен көп болғандықтан, өнім деформацияланады. Мұны шойынның «өсуі» деп аталады. Ақ шойын сұрға қарағанда коррозияға аз ұшырайды. Кремниймен, никельмен, хроммен және марганецпен легирленген шойындар «өсуге» жақсы қарсыласады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет