3. Қайталану командасы
”Әзір” қайталану командасы былай жазылады:
әзір шарт
цб
серия
цс
Осы команданың орындалуы бұнда көрсетілген командалар сериясының бірнеше қайтара орындалуына келтіреді. Бұл команда көрсетілген шарт сақталудан қалғанша қанша рет керек болса, сонша рет орындалады.
Егер шарт басынан бастап сақталмайтын болса, онда серия бірде-бір рет орындалмайды. Циклдің шарты серияны орындау процесі кезінде емес, оны орындар алдында тексеріледі.
Мысалы: 1-ден 10-ға дейінгі сандардың қосындысын табу.
алг қосынды
нәт s
басы s:=0; n:=1
әзір n10
цб
s:=s+n
n:=n+1
цс
соңы.
“Дейін” циклі былай жазылады:
цб
серия
цс
дейін шарт
Бұл командада алдымен серия орындалады. Кейін шарт тексеріледі. Шарт сақталмаса серия тағы орындалады. Яғни шарт сақталғанға дейін серия қайталанып орындала береді.
Мысалы: 1-ден 10-ға дейінгі сандардың қосындысын “дейін” циклі бойынша табайық.
алг қосынды
нәт s
басы s:=0; n:=1
цб
s:=s+n
n:=n+1
цс
дейін n10
соңы.
«Үшін» командасының жалпы түрі мынадай болады.
Х үшін Х min бастап Х max дейін [қадам P]
Цб
Серия
Цс
Мұндағы Х-бүтін санды айнымалы шама, ал Х min мен Х max-бүтін санды мәндер қабылдайтын өрнектер.
Команда былай орындалады:
Х min мен Х max өрнектерінің мәндері есептеледі.
2. Х айнымалысына біртіндеп Х min, Х min+1, Х min+2,… Х max мәндері меншіктеледі және де осы мәндердің әрқайсысы үшін цб мен цс аралығындағы командалар сериясы орындалады, дербес жағдайда Х min = Х max болғанда, серия тек бір рет қана орындалады. Егер де ең басынан Х min =Х max болса, онда серия бір рет те орындалмайды.
[қадам P]- Х min –пен Х max-ге дейін қадаммен баруды көрсетеді. Егер р=1 болса, онда қадам жазылмайды.
Мысалы: 1-ден 10-ға дейінгі сандардың қосындысын “Үшін” циклі арқылы есептеу.
алг қосынды
нәт S
басы
S:=s+n
n үшін 1 бастап 10 дейін
цб
S=s+n
цс
соңы.
Студенттің орындайтын тапсырмалары:
Төмендегі есептерді шешудің алгоритмін құрыңыздар
1. x,y,z нақты сандары берілген . Есептеңіз :
а) max (x+y+z,xyz);
2. Екі нақты сан берілген. Бір інші санды экранға шығарыңыз, егер ол екіншісінен үлкен болса, егер мұндай болмаса, экранға екеуінде шығарыңыз.
3. 1-ден 20 дейін сандар квадраттарын экранға шығару;
4. Қазіргі доллар курсына сәйкес 1,2,...,20 АҚШ долларын теңгеге аудару кестесін құру.
Әдебиеттер тізімі:
1. Т.Қ.Қойбағарова, Р.А.Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Павлодар, 2013.
2. Е.Ы.Бидайбеков. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014.
12. Мәтіндік ақпаратты өңдеу
Жоспар:
1. Мәтіндік редакторлар.
Сабақтың мазмұны:
1. Мәтіндік редакторлар.
Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасауға арналған қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру қатарына – мәтіндік редакторлар мен мәтіндік процессорлар жатады. Мәтіндік редактор – мәтіндік файлдарды құру және өзгерту үшін, сонымен қатар, оларды экранда қарау, баспаға шығару, мәтіннің кесінділерін іздеу және т.б. арналған компьютерлік бағдарлама. Оған Windows жүйесінің стандартты қосымшасына кіретін «Блокнот» және Word Pad қарапайым мәтіндік редакторларын жатқызуға болады.
Мәтіндік процессорлар – бұл, графиктерді, формулаларды, кестелерді және көптеген басқа объектілерді енгізу мүмкіндігі бар, мәтінді пішімдеу қызметтері кеңейтілген редакторлар.
Мұндай редакторларды мәтіндік процессорлар деп жиі атайды, олар, жеке хаттардан бастап ресми қағаздарға дейін, неше түрлі құжаттарды құру, жасау үшін арналған. Қазіргі кездегі ең кең тараған мәтіндік процессорлардың бірі Microsoft Word болып табылады.
Microsoft Word – Windows операциялық жүйесіне үйлестірілген, әртүрлі мәтіндік құжаттарды теру, түзету, графикалық объектілерді (суреттер, графиктер, формулалар, т.б.) қою, жөндеу мүмкіндігі мол, графикалық-объектілі, көп терезелі редакторлық процессор. Word редакторының өте кең баспагерлік, типографиялық мүмкіндіктері, пайдаланушының жұмысын мамандандыруға ынталандырады. Оқушылардың ең бірінші игеретін қолданбалы бағдарламасының типі – мәтіндік редактор.
Мәтіндік редакторлар орындаушы адамның (пайдаланушының) басқаруымен жұмыс жасайды. Бұл жүйемен жұмыс жасау барысында, адамның орындайтын барлық әрекеттерін (символды енгізу, символды жою, үзіндіні буферге жіберу, мәтінді файлда сақтау және т.б.) орындаушының басқару бұйрықтары деп қарастырылады.
Сондықтан мәтіндік редакторды оқыту (басқа да ақпараттық технологиялардың қосымша құралдарын оқыту сияқты) әрбір орындаушыға тән дәстүрлі әдістемелік схемамен жүргізіледі:
деректер: мәтіннің құрылымды бірліктері;
МР ортасы;
МР жұмыс режімдері;
бұйрықтар жүйесі.
Студенттің орындайтын тапсырмалары:
Мәтіндік реадоктарлардың терезесінің элементтерін талдау.
Microsoft Word программасында кестемен, суретпен жұмыс істеу тәсілдерін талқылау.
Әдебиеттер тізімі:
1. Т.Қ.Қойбағарова, Р.А.Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Павлодар, 2013.
2. Е.Ы.Бидайбеков. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014.
13. Графикалық ақпаратты өңдеу
Жоспар:
1. Paint программасы.
2. Photoshop программасы.
Сабақтың мазмұны:
1. Paint программасы.
Графикалық редактор – графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген сурет Пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.
Paint (Paintbrus) – Windows жүйесінің стандартты программалар толбына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардың біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі- түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждерді) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторларды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.
Программа терезесі.
Редакторды іске қосу үшін Іске қосу Программалар Стандартты Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның құрамында бізге осыған дейін таныс элементтермен (жұмыс аумағы, менюмен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар.
Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint – та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре Кез келген апаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейінтаңдап алынған апаптың бейнесі (шартбелгісі) айқын түспен ерекшеленеді.
Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Paint- та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мұнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мұнан былай оны фондық деп атаймыз ) . Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішкене екі тік төртбұрыш тұр, осылардың үстіңгісі – негізгі түсті, ал астыңғысы- фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар, ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы- фондық түсті өзгерту болады.
Достарыңызбен бөлісу: |