Зертханалық жаттықтыру тапсырмалары



бет1/2
Дата02.05.2020
өлшемі0,63 Mb.
#65351
  1   2
Байланысты:
Информатика оқыту әдіс.27.04.20.тапсырма

Зертханалық жаттықтыру тапсырмалары


1-зертханалық жұмыс «Мәтіндік ақпаратты өңдеу»
  1. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:


Мәтіндік редактор - бұл мәтіндік құжаттар құруға ,оларды түзетуге, құжаттың мазмұнын экранда қарауға ,оны басып шығаруға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама.

Мәтіндік процессор - мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар.

Мәтіндік құжат, оның құрылымдық элементтері – мәтіндік редактор көмегімен жасалған файл. Негізгі элементтер : символ, сөз, жол, абзац, бет.

Редакциялау - өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.

Пішімдеу - мәтіндік құжатты қағазға басып шығаруға дайын күйге келтіру, яғни, азат жолдарды пішімдеу, бас тақырыптарды ортаға жылжыту, шеткі өрістерді туралау, беттерге бөлу және т.б.

Шрифт, оның параметрлері - символдарды көрнекі түрде бейнелеуге пайдаланылатын сызылымдар жиыны.

Колонтитул - құжаттың әрбір бетінің жоғары немесе төмен жағына басылатын мәтін немесе сурет

Сілтеме (сноска) - қандай да бір объектіге арналған нұсқағыш

Гипермәтін, гиперсілтемебұл басқа мәтіндермен, графикалық, бейнелік, дыбыстық ақпаратпен мағыналық байланысын қамтитын мәтін.
II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Редакциялаудың негізгі стандарты деген не? Оның элементтерімен оқушыларды қай кезде таныстыруға болады?

Редакциялауды негізгі стандарты – символдарды енгізудің барлық нұсқасына бірдей орындалатын редакциялауды операциялар жиыны.

  1. Мәтіндік редакторды оқып үйренгенде оқушылар қандай негізгі технологиялық дағды алады? Ақпараттық технологиялардың бағдарламалық құралдарымен жұмыс жасау кезінде оқушылар мәтінді пішімдеу, редакциялау, форматтау, қаріп өлшемін, түрін өзгерту сияқты біліктілікті және дағдыларды қалыптастырады.

  2. Гиперсілтемені құру алгоритмін түсіндіріңіз. Гипермәтін құру үшін тапсырма ойластырыңыз.

Гиперсілтемені құру алгоритмі:

Гиперсілтеме құру қажет объектіні ерекшелеп аламыз.
Тышқанның оң жақ батырмасын басып, контекстік менюден «Гиперссылка» командасын таңдаймыз.


Шыққан менюден «Файлом, веб-страниц – Текущая папка» бөлімінен керекті құжатты таңдап аламыз.


6-сыныпқа арналған тапсырма: Жеңіс күні қарасаңында «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» айдары-мен Қазақстанның, Кеңес Одағы батырларының ерлігін сипаттайтын электрондық журнал дайындау.
Төмендегі мәтінді қолдануға болатын сабақ тақырыбын көрсетіп, тапсырма дайындаңыз:

«Түстің адамға әсері. Қызыл сары түс нәзік сезімді қоздырады, қан айналымын жылдамдатады, тамақ қорытуды жақсартады. Сары түс ой еңбегін жақсартады. Жасыл түс өте нәзік, тынық, байсалдылықты білдіреді. Көгілдір түс қан қысымын төмендетеді, тынышталдырады. Көк түс адам мінезіндегі байсалдылық пен қатаңдықты білдіреді. Күлгін жүрек пен өкпенің қызметін қоздырады, организмнің тұмауға қарсылығын арттырады».



Менің ойымша: бұл тақырыпты 3-сыныптың «Информатика» пәніндегі «Түстер палитрасы» тақырыбында пайдалануға болады. Құрастырған тапсырмамды мына сілтемеге өту арқылы көре аласыз: https://learningapps.org/display?v=pzrxueqna20




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет