ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ Пән бойынша түрлі жағдайларда ағылшын тілінде табысты қарым-қатынас жасау үшін қажетті студенттердің төрт түрлі бағытта: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу базалық А1 деңгейде тілдік дағдыларын одан әрі арттыруға және дамытуға бағытталған.
КУРСТЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ Студенттерді күнделікті қарым қатынас түрлеріне және кәсіби қарым – қатынаста шетел тілін белсенді пайдалануға және өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету.
КУРСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 1) Сөйлеу, студенттердің қарапайым тәсілмен өзара қарым-қатынасқа түсу қабілетін қалыптастыру,басқа адамның сөйлеу жылдамдығы баяу болғанда заттарды қайталауға немесе баламасын айтуға дағдыландыру , тікелей қажеттілік салаларындағы қарапайым сұрақтарға немесе өте таныс тақырыптарға жауап беруге дайын болу.
2) Тыңдау: студенттердің адамдар баяу және анық сөйлеген кезде өзіне таныс сөздерді, отбасына және тікелей нақты ортасына қатысты негізгі сөздерді түсіну қабілетін қалыптастыру.
3) Оқу: студенттерге таныс есімдерді, сөздерді және өте қарапайым сөйлемдерді, мысалы, жазбалар мен плакаттарда немесе каталогтарда кездесетін жазуларды оқып және түсіну қабілеттерін қалыптастыру.
4) Жазу: студенттердің қысқа, қарапайым ашық хат жазуға, мысалы мерекелік сәлемдесулер жіберу, жеке мәліметтері бар бланкілерді толтыру дағдыларын қалыптастыру, мысалы, атын, ұлтын және мекенжайын қонақ үйде тіркеу бланкісіне енгізу қабілеттерін арттыру.