Алматы 2021 ж.
Қысқаша сипаттамасы: Пән Python тілінің реляциялық деректер қорын басқару жүйелерімен байланыс құру мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар, деректер қорымен жұмыс істеуге арналған DB-API стандарты, объект-қормен қосылу әдістері, объект-ағымдағы өңделетін жазба курсоры, деректер типтері мен модульдерді іске асыру бойынша ұсыныстарды қамтитын конструкторларды қарастырады.
Пәнді оқыту мақсаты: Студенттерге Python бағдарламалау тілінің көмегімен деректер қорын басқарудың заманауи реляциялық жүйелерімен жұмыс істеу дағдыларын үйретеді.
Пәнді оқытудың міндеттері:
Деректер базасын Python бағдарламалау тілімен байланыстыратын алгоритмдер туралы түсініктер қалыптастыру және теориялық білімдерін меңгеру;
Python программалау тілінде мәліметтер базасына қосу операторлары, операциялары, мәліметтер типтері, көмекші программаларды, стандартты модульдерді, программалау стильдерін, программалау сапасы көрсеткіштерін, жады мен адрестеуді ұйымдастыру;
Python программалау тілінде есеп шығару кезеңдерінің ерекшеліктерін пайдалана білу.
Оқыту нәтижелері:
БББ бойынша оқыту нәтижелері
(ОН)
|
Пән бойынша оқыту нәтижелері
(ПОН)
|
Нәтиже жетістіктерінің индикаторы
|
БОН 6 - Білім алушыларда математикалық және қолданбалы есептерді шешу үшін дайын компьютерлік бағдарламаларды, бағдарламалау тілдерін қолдану, гипотезаны қалыптастыру, математикалық модельдерді құру, есептеу және графикалық дағдыларын қалыптастырады;
БОН 7 - Зерттеу әрекетінің мақсаттарын өз бетінше қою және негіздеу қабілеттері мен дағдыларын көрсете отырып, оған жетудің тиісті әдістері мен тәсілдерін таңдайды; оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамыта алады.
|
ПОН 1 – Қолданбалы есептерді шешу үшін пәнаралық білімді қолданады
ПОН 2 – Деректер базасын Python бағдарламалау тілімен байланыстыратын алгоритмдер жасайды
ПОН 3 – Объектінің әдістерін қолдана отырып, Python бағдарламалау тілінде бағдарламалар жасайды-мәліметтер базасына қосылу
ПОН 4 – Деректер базасында ақпаратты сақтау, іздеу және өңдеу үшін Python бағдарламалау тілін қолданады.
|
1. Практикалық есептер.
2. Есептердің программасы.
3. Жоба құру .
|
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |