Білім беру бағдарламасының студенттері үшін «деректер қорын басқару жүйелері»



бет22/42
Дата02.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#170760
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Байланысты:
Білім беру ба дарламасыны студенттері шін «деректер орын бас
Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің жіктлуі мен принциптер 1., 1 (1), Тарих, География, Қазақ тілі жауаптары
Бақылау сұрақтары:

  1. SQL тілі қандай мәліметтерді өңдеу құралы болып табылады?

  2. SQL қандай тіл болып табылады?

  3. 1992 жылы SQL тілінің қандай стандарты пайда болды?

  4. SQL тілінде белгісіз немесе анықталмаған мәліметтер қалай белгіленеді?

  5. SQL тілінің теориялық негізі не болып табылады?

  6. SQL тілінің функцияларын атаңыз

  7. SQL тілінің қай операторы МҚ-ға қол жеткізуді басқарады?

  8. SELECT, INSERT, DELETE, UPDATE операторлары не болып табылады?

  9. REVOКE операторы нені орындайды?

  10. SQL тілінің алғашқы стандартын кім және қашан жасаған?



ДӘРІС 17-18.
Microsoft SQL Server қолдану
Жоспар
1. MS SQL Server утилиталары
2. Деректер қорды жасау
3. Кестелермен жұмыс
4. Индекстер
5. Диаграммаларды қолдану
6. Деректер қорын, кестені және көріністерді өшіру

MS SQL Server утилиталары.


SQL Server жұмысын басқарумен байланысты негізгі амалдар келесі утилиталар көмегімен іске асырылады:
1. SQL Server Books Online – анықтамалық жүйеге қатынайтын қосымша;
2. SQL Server Query Analyzer – Transact SQL сұраныс тілінің командаларын орындауға мүмкіндік беретін утилита.
3. SQL Server Service Manager – SQL Server іске қосуын, толық және уақытша тоқтатуын қамтамасыз ететін утилита.
4. SQL Server Enterprise Manager – қолданушыға SQL Server-ді администрлеуге, барлық объектілерге қатынауға, сонымен қатар алдында айтылып кеткен утилиталарды іске қосуға мүмкіндік беретін утилита.
SQL Query Analyzer. Берілген утилита Windows ортасында жұмыс жасайды, жүйе іске қосылғаннан кейін сұхбат терезесі SQL Server атауын, қолданушы атын және оның паролін сұратады. Утилитаның негізгі терезесі екі бөліктен тұрады: жоғарғы жағында комнадалардың теруі ұйымдастырылады, ал төмеңгі жағында сұраныстардың нәтижелері көрсетіледі (сур. 29 қараңыз).

Сурет 29 – SQL Query Analyzer терезесі


Барлық әрекеттер саймандар панелі арқылы жүзеге асырылады. Саймандар панелінде келесі әрекеттерді орындайтын батырмалар орналасады:


- текст немесе grid-кесте сияқты нәтижені шығарады;
- команда орындалуысыз оның дұрыстығын тексереді;
- команданы іске қосу;
- сұранысты болдырмау;
- сұраныс орындалуы жөнінде қосымша статикалық ақпаратты шығару;
- ағымды қосылыстың параметрлерін шығарады;
- терезені екіге бөлу: сұраныс терезесі және нәтиже терезесі;
- деректер қорын таңдау.
SQL Server Enterprise Manager серверді конфигурирлеуге мүмкіндік береді. Берілген утилита клиент компьютерінде де іске қосылады. Утилитаның сол жағында объект утилиталарының иерархиясы, ал оң жағында объект мазмұны орналасады (сур. 30). Enterprise Manager менюі және саймандар панелі таңдалған объектіге байланысты өзгертіледі.


Сурет 30 – SQL Server Enterprise Manager терезесі


Деректер қорды жасау. Деректер қоры екі тәсілмен жасалады: Enterprise Manager утилитасы арқылы немесе Create Database командасы көмегімен. Databases тобында қолданылатын серверді таңдап, Action менюіндегі New Database командасын орындау қажет. Содан кейін ДҚ файл параметрлерін анықтайтын сұхбат терезесі мен транзакция журналы шығады:


- Name – жасалатын деректер қордың атауы;
- Automatically grow title – ДҚ-дың өлшемінің автоматты өсуіне рұқсат бермейді: in megabytes – мегабайтқа ауысуына нұсқау береду, by percent – пайызда көрсетеді;
- Restrict File growth – мегабайтта бір мәндерге байланысты ДҚ-дың өсуін шектейді;
- Unrestricted file growth – ДҚ-дың өлшемін тексеретін режимді сөндіреді.

Кестелермен жұмыс. Реляциялық деректер қорында мәліметтер базалық кестеде сақталады. SQL Server-дің бір деректер қорында мәліметтер екі миллиардқа дейін жетуі мүмкін. SQL Server-де кестені не SQL Server Enterprise Manager көмегімен, не Transact-SQL тілінде CREATE TABLE командасы арқылы. Бұл командада келесі опциялар бар:


- құрылған кестесі бар деректер қор атауы;
- кесте қолданушысы;
- кесте атауы;
- 1-ден 1024 баған аралығында спецификациялар;
- бірінші кілтті шектеу (қажет емес);
- 1-ден 250 шектеулер (қажет емес);
- сыртқы кілттің 1-ден 253 шектеулер (қажет емес);
- кесте сақталатын файлдар тізімі (қажет емес).
Бағанның әр анықтамасында оның атауы мен мәліметтер типі бар болу керек. Кейбір мәліметтер типтері үшін ұзындық пен дәлдік берілуі қажет. Сонымен қатар, decimal мәліметтер типі үшін үтірден оң жағынан қарағанда мәндер саны берілуі қажет.
Кестені құру үшін Action менюінде New Table командасын таңдау қажет. Содан кейін, жасалатын кестенің атауы сұратылады. Келесі опциялары бар кестенің дизайнері ашылады:

  • Column Name – баған атауы;

  • Data Type – берілген өріс типі. Кесте 1-де Microsoft SQL Server негізгі типтері көрсетіледі:

Кесте 1 – MS SQL Server мәліметтер типтері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет