Білім беру бағдарламасының студенттері үшін «деректер қорын басқару жүйелері»



бет36/42
Дата01.10.2022
өлшемі0,98 Mb.
#151367
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42
Байланысты:
Деректер қорын басқару

Бақылау сұрақтары:
1. Транзакция және құлыпталу деген не және олардың арасындағы байланысты түсіндір.
2. Транзакциялармен басқару қалай орындалады?
3. Құлыптауларды басқару қалай орындалады?


ДӘРІС 27-28.
Деректер қорына қатынау технологиялары

Жоспар:
1.Деректер қорына қатынау технологияларына шолу.


2.ODBC технологиясы (Open Database Connectivity).


Деректер қорына қатынау технологияларына шолу. Деректер қорымен қосымшалардың өзара қарым-қатынасы әртүрлі әрекеттермен ұйымдастырылуы мүмкін. Алғашқыда, негізгі түрде, АРI-ға (Application Programming Interface) негізделген ДҚБЖ кітапханасы (кейіннен қосымша СОМ - объектілер) пайдаланушылардың компьютерларында орналасқан клиентті программалық қамтамасыз етудің құрамына кіретін тәсілдерді қарастырды. Ереже бойынша клиенттік программалық қамтамасыз ету қолданбалы программалық қамтамасыз етуді өңдеуді өз құрамына алады. Ал бұл жағдай ДҚБЖ ауыстыруында қосымшаның кодын біршама өзгертуін талап етуге мәжбүр етеді. Нәтиже ретінде – қазіргі уақытта деректерге жету әмбебаптық механизмдер негізгі болып табылады.
Деректерге жету әмбебаптық механизмдері кітапхана және қосымша модульдер (драйверлер немесе провайдерлер) түрінде іске асырылады. Кітапханалар анықталған стандартты класстар, әдістер, параметрлер жиынын құрайды және деректерге жету стандартты интерфейсін қамтамасыз етеді. Нақты ДҚБЖ АРI клиенттік функцияларына қатынауды қосымша модульдер іске асырады. Бұл модульдер ағымдағы сұранысқа байланысты қолданылады. Егерде, қосымша ADO қолданылуы арқылы жұмыс жасаған болса, мысалы Ado Table визуальді компонентін қолданып, ал қазір ДҚ MySQL-ден Postgres-ке ауыстыруда оған сәйкес драйверді орналастыру және компонент параметрлерінде Connection қатарын өзгерту ғана жеткілікті болады. Мұнда қосымшаның кодын өзгерту қажет болмайды. Әмбебап әдістер кемшіліктерсіз емес (өнімділіктің төмендеуі, сәйкесті драйверлердің жеткізілуі және оларды күйге келтіру, т.б.), сонымен бірге де артықшылықтары бар. Программистің еңбегінің өнімін біршама көтеретінің ұмытпауымыз қажет.
Қазіргі кездегі деректерге жетудің әмбебап әдістерінің арасындағы кең таралғандары: - ODBC - Open Database Connectivity.
- OLE DB - Object Linking and Embedding Database.
- ADO - ActiveX Data Objects.
- BDE - Borland Database Engine.
- ADO.NET - ActiveX Data Objects NET технологиясы.
ODBC (Microsoft) - реляциялық деректер қорымен өзара қарым-қатынас механизмі. Деректер қорына қатынауды қамтамасыз ету үшін ДҚБЖ-ның клиенттік бөлімі қажет, ОДВС-драйвер осы ДҚБЖ-не қатынау үшін (немесе кейбір ДҚБЖ үшін тек драйвер) және ОДВС сәйкесті күйге келтіру компьютерде (драйвер аты, қолданушы аты, деректер аты, қатынау паролі және драйвердің кейбір параметрлерін көрсету). Қосымшаны орындау кезінде драйвер қосымшаның адрестік алаңына жүктеледі және ДҚ-на қатынау үшін қолданылады. Әрбір ДҚБЖ үшін өзіндік ОДВС-драйвер қолданылады. ODBC API стандартталған. Өңдеудің визуальді орталарында енді сәйкесті компонентті формаға орналастыру жеткілікті. Ол үшін ОДВС деректерінің көзін көрсету керек, кестенің атын және деректер қорымен байланысты ДҚБЖ-ның клиенттік бөлімімен немесе сәйкесті драйвер көмегімен орнату керек.
OLE DB (Microsoft) - СОМ-интерфейсі базасында әртүрлі деректер көзімен жұмыс істеу механизмі (ОДВС-дан айырмашылығы – тек қана реляциялық деректер қорымен жұмыс жасайды). OLE DB СОМ-интерфейстер (Component Object Model) жиының әртүрлі деректерге қатынаудың біртипті сервистерін колдану арқылы анықтайды, соның ішінде реляциялық емес деректер қорына, мысалға, қарапайым файлдарға немесе электрондық пошта жүйесінің папкаларына. Сонымен бірге желіге тұрақты түрде қосылып отыратын иерархиялық жазбалар жиынының және деректер жиынының жұмысын қолдауды қамтамасыз етеді. Деректер қорына қатынау үшін OLE DB провайдерін қолданылған ДҚБЖ-не орнату қажет болады (ДҚБЖ DLL қосымша орындалған кезде оның адрестік алаңына жүктеледі). Сонымен бірге, фирма арнайы провайдерді өңдеп шығарды (Microsoft OLE DB Provider for ODBC Drivers). Ол ДҚБЖ-ның клиенттік бөлімінде API арқылы емес, ODBC API интерфейсі арқылы жұмыс жасайды.
ADO (Microsoft) - OLE DB-да өзіндік күйге келтіру (OLE DB кітапханасын қолданады), кітапханалардың COM-объектілерді құрайтын қосымша жиыны, деректерге қатынаудың іске асушы интерфейстері. Кітапхананың бұл жиыны алғашқыда Microsoft – тың екі объектілі технологиясын қамтыды: Data Access Objects (DAO) және Remote Data Objects (RDO) – жергілікті және алыстатылған деректер қорына қатынаудың екі түрлі механизмі.
Бірыңғай технологияны құру керек сұрағына жауап ретінде деректер қорымен жұмыс жасауда бірыңғай қадамды және жергілікті және алыстатылған деректер қорына қатынаудың бірыңғай интерфейсін қамтамасыз етуде ADO технологиясы пайда болды. ADO - OLE DB базалық технологиясында ыңғайлы және кез-келген деректер қорымен жұмыс жасауға мүмкіншілік береді.
BDE (Borland) – деректерге қатынаудың екі драйвер-кітапханаға негізделетін әмбебап механизмі (SQL Links – ДҚБЖ сервері үшін және ODBS Links – серверлі, автономды ДҚБж үшін). Бұл кітапханалар dBase, Access, FoxPro, ODBC-көздері деректеріне қатынау үшін функциялардың стандартты жиының қолдануды қамтамасыз етті, сонымен бірге ДҚБЖ көптеген серверлі үшін.
BDE - Borland фирмасы өңдеген визуальді ортасында компонент деңгейінде ұстанылады. Механизмді іске асыру қосымшаның функцияларын API немесе ODBC API клиенттік функцияларына қарауға мүмкіншілік береді. Сонымен бірге кейбір ДҚБЖ деректердің файлдарымен манипулирлейді. BDE көмегі арқылы деректер қорына қатынау үшін компьютерде жалпы қолдануға арналған BDE кітапханалары орнатылған болуы керек (қарапайым жағдайда өңдеу ортасымен бірге және сосын .exe файлда қосылады), сонымен бірге берілген ДҚБЖ үшін BDE-драйвер.
ADO.NET (Microsoft) - three-tier (көпярусті архитектурада) деректер қорымен жұмыс істеу технологиясы. Деректер қорымен байланыс деректер қорымен операциялардың тек бір кезеңде орындалуы кезінде орнатылады (ереже бойынша қысқа уақыт ішінде). Оның пайда болуы деректер қорына қатынау санының өсуінің рұқсат беру қажеттілігіне байланысты (әсіресе деректер қорындағы интернет-серверлер) және активті байланыстар санының шексіздігін ұстауда деректер қорының мүмкін еместігіне байланысты. ADO.NET технологиясы программалаудың қарапайымдылығын және ыңғайлылығын сақтайды және басқа проблемаларды шешеді. ADO.NET, қазіргі кезде – объектілердің иерархиялық жиыны және СОМ протоколдарының .NET-та ауысуы.
ODBC технологиясы (Open Database Connectivity). ODBC - SQL деректер қорына немесе (Excel) текстік деректеріне, ISAM деректер қорына қатынау орындалатын деректер типіне тәуелді емес деректер қорын өңдеуде функционалдық мүмкіншіліктерді қолданбалы өңдеушілерге ұсынуға арналған. Бұл мақсат ODBC әрбір драйверін орнату жолымен іске асырылады. Драйвер ODBC спецификацияларына сәйкес келуі керек. Бұл талаптар қосымшаны өңдеушіге барлық уақытта функционалдық мүмкіншіліктеріне кепілдік береді. Егер қолданылатын деректер форматы негізгі функционалдық мүмкіншіліктерді ұстамайтын болса, онда ODBC драйвері бұл функцияларды эмулирлеуі керек. ODBC көмегімен кез-келген ДҚБЖ манипулирлеуге болады (тіптен деректер қорына тікелей қатысы жоқ мәліметтерді де, мысалы электрондық кесте немесе текстік файлдардағы мәліметтерді), егерде оларға ODBC-драйвері бар болатын болса.
ODBC архитектурасы негізгі төрт компонеттен тұрады: - қолданбалы программа; - драйверлер диспетчері; - драйвер; - деректер көзі. ODBC интерфейсін қолданушы қосымшалар келесі есептерді орындайды:
ODBC интерфейсі функциялары жеті топқа бөлінеді: 1. Белгілеу және белгілеуді қайтару: айналу идентификаторы, байланысу идентификаторы, оператор идентификаторы. 2. Байланысу; 3. SQL-операторларының орындалуы; 4. Нәтижені алу; 5. Транзакциямен басқару; 6. Қателерді идентификациялау; 7. Араласқан функциялар.
SQL операторларының орындалуы. SQL-операторларының орындалуы және анықталуында екі тәсіл бар: алдын-ала дайындалған және уақытылы дайындалған.
Нәтижені алу. Бұл функциялар жиыны SQL-операторларының нәтижелі көпшесінде деректерді қайта орнына келтіруді басқарады және нәтижелі көпшеде мұндай ақпаратты қайта орнына келтіру: бағанды жазу және оның атрибуттарын, келесі қатарды алу, SQLоператорлары әсер ететін қатарлар санын санау, және т.б.
Транзакциямен басқару. Бұл функция транзакцияны аяқтауға мүмкіншілік беред немесе транзакцияның басына келуді іске асырады.
Қателерді идентификациялау. Қателерді идентификациялау функциялары көрсетілген идентификатормен байланысты қате туралы ақпаратты қайтарады
Араласқан функциялар. Араласқан функциялар бұл топта SQL-оператордың орындалуын аяқтауға мүмкіншілік береді. CORBA – қосымшасы моделі дәстүрлі программалар моделінен ерекшеленеді. Мұндай жүйелер өрмекшінің торына ұқсас болып келеді: клиент кез-келген минутта сервер бола алады, қолданушы сол уақытта қандай сервермен жұмыс жасап отырғаның білмей де қалуы мүмкін, ал егер жоба өте жақсы орындалған болса, онда қателерді байқау түк те білінбейді. CORBA технологиясын қолданып программаны іске асыруда қоладынылатын тактика: керек объектімен байланысу, оның функцияларын пайдалану және онымен байланыстан шығу. Осындай циклдар жүздеген болуы мүмкін. Программаларды құруда CORBA негізінде жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін: объектілі-бағытталған талдау және модельдеу, объектілерді трансляциялау және жазу, серверді құру, клиентті құру және т.б. болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет