Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы


-параграф. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары



бет4/12
Дата08.02.2023
өлшемі62,83 Kb.
#167982
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
124 өзгеріспен

1-параграф. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

8. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар:


1) білім беру салаларының және ұйымдастырылған оқу қызметінің МЖМБС талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – МДТО ҮОЖ) сәйкестігі. Бағаланатын кезеңде әзірленген және білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспарларының көшірмелері қоса беріледі;


2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі – МДТО үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру, соның ішінде:


оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде ұсынылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу;


қимыл, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік, дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын, сонымен бірге аталған білім, білік, дағдыларды ерте жастағы балаларда қалыптастыру;


тәрбиелеу мен оқытуға психологиялық-педагогикалық жағдай жасау;


мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді бастауыш білім беру ұйымдарында оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құру;


мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында


оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін ескеріп, сабақтастық пен үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету;


тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп, оқу қызметіне дайындау;


креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;


"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт-


дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру бойынша (бағаланатын кезеңде ұйымдастырылған оқу қызметінің (арнайы түзету оқу қызметі) бөлінуін растайтын құжаттардың, күн тәртібі, бекітілген өтпелі тақырыптар мен циклограммаларға сәйкес перспективалық жоспар, оның ішінде жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса беріледі);


3) МДТО үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін пәндік-кеңістіктік дамытушы орта құру (жалпы білім беру ұйымы бойынша мектеп жасына дейінгі баланың жеке, тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау туралы бейнематериалдар, сондай-ақ жабдықтар мен жиһазға жүкқұжаттардың көшірмелері және бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдар тізбесінің көшірмелері қоса беріледі);


4) МЖМБС және МДТО үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын орындауды қамтамасыз ететін "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту" мамандығы бойынша білімі бар педагогтердің болуы (тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтер дипломдарының көшірмелері қоса беріледі);


5) жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды әзірлеу кезінде баланың ерекшеліктерін ескере отырып ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда инклюзивті білім беру талаптарын орындау (бағаланатын кезеңге жеке оқу жоспары мен жеке бағдарламаның көшірмелері қоса беріледі);


6) баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын оқыту нәтижелерінің болуы (мектепалды жасындағы тәрбиеленушілердің жеке даму жоспарларының (карталарының) көшірмелері, олар болмаған жағдайда, ересек жастағы тәрбиеленушілер жоспарларының (карталарының) көшірмелері қоса беріледі);


7) "Денсаулық", "Қатынас", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеумет" білім беру салаларына негізделген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оларды кіріктіру жолдарымен іске асыру (бағаланатын кезеңге перспективалық жоспар көшірмелері, сонымен қатар зияткерлік, спорттық, шығармашылық және көркемдік конкурстарға қатысу нәтижелері қоса беріледі);


8) тәрбиеленушілердің даму мониторингісінің (бастапқы мониторинг) болуы (бағаланатын кезеңге мониторингтің көшірмесі қоса беріледі).


9. Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:


1) МДТО ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы;


2) оқыту тілдері бойынша апталық оқу жүктемесінің сақталуы.


10. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМБС 2-қосымшасына сәйкес туғаннан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесін игеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалауға қойылатын талаптар (осы Өлшемшарттардың 6 немесе 7-қосымшаларына сәйкес мектепалды жастағы тәрбиеленушілердің, олар болмаған жағдайда, ересек жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жүргізілген сауалнама нәтижелері қоса беріледі).


11. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:


1) МЖМБС мен МДТО үлгілік оқу бағдарламасында анықталған әрбір білім беру саласы және әрбір ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша жас топтары бойынша меңгеруге тиіс игеруге жататын білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктердің көлемін игеру (МДТО ҮОЖ әрбір білім беру саласы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің бір бейне материалы қоса беріледі);


2) жас кезеңіне сәйкес тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторингі (қорытынды) нәтижелерінің болуы және талдау (осы Өлшемшарттардың 8-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте, мониторингісінің (қорытынды) көшірмелері қоса беріледі).


12. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар:


1) жас кезеңдерін сақтау және топтарды бірдей жастағы немесе әртүрлі жастағы принцип бойынша жинақтау (осы Өлшемшарттардың 9-қосымшасына сәйкес жас топтары тізімдерінің көшірмелері қоса беріледі);


2) тәрбиеленушіні 1-сыныпқа қабылдағанға дейін МДТО үлгілік оқу бағдарламасын игеру бойынша талаптарды сақтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет