Білім беру ҧйымдарында



бет123/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

Мҧғалімдер назарына!!!
Оқу бағдарламасы бойынша 7-9-сыныптарда қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі тиіс.Себебі қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары білім алушының ізденіс қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасайды. Модельдеу жұмыстары білім алушының ӛзіндік ғылыми ізденіс жұмысына бағытталған болғандықтан тоқсанның басында беріледі, оны орындау үшін нақты уақыты айқындалады. Сонымен қатар берілген жұмыстар бағаланады. Оқу бағдарламасы бойынша қарастырылған демонстрациялық жұмыстар бағаланбайды. Демонстрациялық жұмысты орындау үшін мұғалім кез-келген ақпарат кӛзін пайдалана алады.
7-сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 4 модельдеу қарастырылған. (57-кесте)
57-кесте. 7-сыныпта зертханалық жұмыстар саны.


Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

3

1

-

2-тоқсан

4

1

-

3-тоқсан

2

-

-

4-тоқсан

5

2

-

Барлығы

14

4

-

8-сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 2 модельдеу, 2 демонстративтік жұмыс қарастырылған, оның ішінде қолданыстағы бағдарламада 8-сыныптан – 3 жұмыс алынған. 11 зертханалық жұмыс жаңадан қосылған. 8-сыныпта ӛткізілген зертханалық жұмыстар саны тӛменде 58-кестеде кӛрсетілген.
58-кесте. 8-сыныпта ӛткізілген зертханалық жұмыстар саны.


Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

5

1

1

2-тоқсан

3

-

-

3-тоқсан

6


1

4-тоқсан

-

1


Барлығы

14

2

2

9- сыныпта 8 зертханалық жұмыс, 1 модельдеу, 7 демонстративтік жұмыс қарастырылған.
59-кесте. 9-сыныпта ӛткізілген зертханалық жұмыстар саны.


Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

5

1


2-тоқсан

1

2


3-тоқсан

2

3

1

4-тоқсан

-

1


Барлығы

8

7


Білім саласы бойынша қолданбалы курстарға немесе таңдау курстарына ұсынылатын тақырыптар: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер», «Әлемнің ғылыми-жаратылыстану эволюциялық бейнесі», «Биологиядағы математикалық модельдер және әдістер», «Тамақтану және денсаулық», «Экологиялықэтика»,«Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи ғылымижаратылыстану бейнесі», «Биологиялық белсенді қоспалар», «Бәрі біздің тҥптҧқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Әлемнің інжу маржаны (7–9сынып қыздарына арналған курс)», «Менің денсаулығым – менің қолымда», «Тірі жасуша жҧмбақтары», (Тҧқым қуалаушылықтың заңдылықтары», «Биологияныңпроблемалары», «Жасушалар және тері», «Ҥй іргесіндегі телім», «Биогеография проблемалары», «Тері – денсаулық айнасы», «Заманауи микробиология», «Нанотехнологияға кіріспе».
Мұғалімдердің ӛздігінен білімін жетілдіруіне және әдістемелік бірлестіктерге ұсынылатын тақырыптар: «Биология сабағында білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру», «Биология және химия сабақтарында кіріктіріп оқытуды қолдану», «Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстарды жҥзеге асыру», «Оқу еңбегінің дағдыларын қалыптастыру және ҧйымдастырудағы рефлексияның рӛлі», «Биология сабақтарында білім алушы тәрбиесіндегі экологиялық бағыт», «Сабақта білім алушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту», «Ойлау әрекетін белсендендіру кҧралы ретінде жаңа материалды зерделеудегі проблемалық тәсіл», «Білім алушының белсенді ӛздік жҧмысы арқылы проблемалық жағдайларды жасау», «Білім алушылардың сабақта және сабақтан тыс уақыттағы ғылыми және жобалық жҧмыстары», «Білім алушыларды олимпиадаға дайындау әдіс-тәсілдері», «Оқу процесін жаңғырту жағдайында сабақтарға ақпараттық технологияларды қолдану».
Тақырыптар мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларына байланысты ӛзгертілуі мүмкін.
«Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. Тӛменде 60-кестеде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген.
60-кесте. «Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.

Сынып

Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

3

3

3

3

8-сынып

3

2

3

3

9-сынып

3

3

3

3

«Биология» пәні бойынша карантиндік және шектеу іс-шаралары жағдайында барлық мектептерде (штаттық режимде, дистанциялық форматта, кезекші сыныптарда) 1 БЖБ, 1 ТЖБ ӛткізіледі)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет