Білім беру ҧйымдарында



бет131/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

14-4. Аптасына 1 сағат оқу жҥктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бӛлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жҥргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Осылайша, «Дүниежүзі» оқу пәні бойынша 5-9 сыныптарда бӛлім үшін ғана жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
«Қазақстан тарихы» және «Дҥниежҥзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ҧйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер
 Тарихты оқытуда келесілерге ерекше кӛңіл бӛлу ұсынылады:

  • тарихты оқыту процесі білім алушының ақпараттың белгілі бір кӛлемін (тарихи даталар, ұғымдар, тұлғалар, оқиғалар) механикалық есте сақтауға емес, алған білімі мен білігін оқу мен тәжірибелік міндеттерді ӛздігінен шешумен сипатталатын тұлғалық құзыреттілігін дамытуға;

  • тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін әлемдік және Отандық тарих контекстінде талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыруға;

  • тарихи деректердің негізінде тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі кӛзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, ӛзінің ұстанымын анықтау);

  • қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

 Мұғалімнің сабаққа әзірлейтін тапсырмалары келесі критерийлерге сәйкес болуы қажет:

  • тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;

  • дифференциацияны кӛздеу;

  • сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беру; - проблемалық оқытуға негізделуі; - бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.

Баяндама, эссе жазу, презентация жасау және т.б.бойынша тапсырма беру барысында мұғалімге оқушыларды тапсырманың критерийлерімен таныстыру ұсынылады.
 Тарихты оқытуда білім алушының оқыған тарихи фактілер мен оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру мен тарихи картаны «оқып», оны білім кӛзі ретінде пайдалануына кӛңіл бӛлу ұсынылады.
Білім алушыларда тарихи картамен жұмыстың негізі 5-сыныптан қаланады, ол картаның шартты белгілерін қолдана білуі, тарихи және географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет етеді.
Мысалы 6-сыныпта «VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау» атты оқу мақсаты бойынша мұғалім білім алушыларға тарихи картаны пайдаланып түсіндіруге тапсырма бере алады, бұл білім алушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді. Сондықтан білім алушының алған тарихи білімін кеңістікте бағдарлауға мүмкіндік беретін картографиялық дағдысын дамыту ұсынылады. Бұл тарихи оқиғаларды, олардың ӛзгерісі мен даму жағдайын картада белгілеуге берілетін тапсырмалардан кӛрінеді. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар беру ұсынылады.
7-9-сыныптарда тарихи картаның мазмұнын талдауды қажет ететін тапсырмалар жасай отырып, картамен жұмысты күшейту ұсынылады.
9-сыныпта тарихты оқыту білім алушылардың қазіргі заман тарихының маңызды процестеріне, құбылыстарға, оқиғаларға және ұғымдарға баса назар аударуға, тарихи оқиғаларды, талдау, салыстыру, кӛрнекті тарихи тұлғалар қызметін бағалау, алған білімі негізінде ӛз ойын дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Білім алушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің кӛрнекті ӛкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасау, баға беруге дағдыландыру ұсынылады. Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесіне баға беруде 2020жылы мерейтойлық күндері атап ӛтілетін Т.Тоқтаров, Леонид Беданың ерлігіне қосымша материалдар негізінде талдау жасауға бағыттау ұсынылады.
Тарихты оқытуда тарихи концепт бойынша берілетін тапсырмаларды оқушылардың тарапынан тек қана себеп пен салдарларды анықтаумен қатар, бұл себептерді берілген белгілері бойынша жіктеу (мазмұны, уақыты және рӛлі бойынша), түрлі себептер арасында ӛзара байланысты анықтау және оларды маңыздылық деңгейі бойынша орналастыруға бағыттау ұсынылады.
 Тарихи деректердің интерпетациясы бойынша тапсырмалар әзірлеуде оқушылардың тарихи дерекпен жұмыс істеуі олардың жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін, дайындық деңгейін ескере отырып біртіндеп күрделендіру ұсынылады. Тарихты оқытуда түрлі тарихи деректерді, аудио және бейне материалдарды, иллюстрацияларды қолдану ұсынылады.
Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың тҥрлі формалары ҧсынылады:

  • мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

  • білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;

  • білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;

  • білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;

  • білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану;

  • оқу процесінде тарихи құжаттардың фрагменттерін талдау, ақпарат жинақтау және қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды орнатуды және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану;

  • сабақта білім алушының біліміндегі кемшіліктерді уақытында анықтауға мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін қолдану.

Тарихи тҧлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы қолдану ҧсынылады:

  • тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу;

  • тұлғалық белгілерін сипаттау;

  • ӛмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау; - тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.

Бұл тарихи тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттерінің білім алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.
Тарих пәні ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамдардың құқығы мен бостандығын құрметтейтін және қабылдайтын, Отанының дамуына ӛз үлесін қосуға ниетті тұлғаны тәрбиелеуден кӛрінетін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарын іске асыруда маңызды рӛл атқарады.
Білім алушылардың тарихи білімін тәжірибеде нақтылау мақсатында мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихиархеологиялық орындарға экскурсиялар ұйымдастыру ұсынылады. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ҧсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
«Дҥниежҥзі тарихы» пәнінен ҧсынылатын сайттар:
http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru;
http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
Тәрбиелік компонент
Пән мазмҧны біздің ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, Қазақстанның әлемдік тарихтағы орны мен рӛлін, оның әлемдік ӛркениетке қосқан ҥлесін тҥсінуге, мҥмкіндік береді.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2020-2021 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады:
Ұшқыш-шабуылдаушы, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқыш, екі мәрте
Кеңес Одағының Батыры, «Ленин», тӛрт мәрте «Қызыл Ту», «Александр Невский», I дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Леонид Игнатьевич Беданың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.16 тамыз);
Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Тӛлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.19 желтоқсан).
Мектептегі сыныптан тыс жұмыс:
- олимпиадалар мен жарыстар, таңдау бойынша бос сабақтар түрінде; - оқу бағдарламасына сәйкес қосымша арнайы сабақтар түрінде; - пәнаралық және кіріктірілген сабақтарда және т. б.
Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың дербестігін дамытуға ықпал етеді, зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастырады, пәнді оқуға қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар білім алушылардың іздеу қабілеті дамиды, олардың теориялық білімдері толықтырылып, тереңдетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет