ӛзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты ӛзгеріске ұшырады)
себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси үдерістерге әсер етті);
дәйек (белгілі тарихи кезеңнің ӛнері бізге құндылықтар, нанымсенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);
ҧқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар);
маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи
маңызы неде);
интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).
Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл пәннің мағынасын терең түсінуге кӛмектеседі.
Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білімалушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккӛздермен жұмыс жасау процесінде мәселені қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккӛздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру).
Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тақырыптан кейін зерттеу сұрақтары қамтылған. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның басты себебі – кез-келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, ӛздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.
Білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
Күтілетін пәндік нәтижелер әр бӛлімдер мен тақырыптар бойынша анықталған оқу мақсаттары түрінде берілген. Күтілетін нәтижелердің (оқу мақсаттарының) тақырыптық мазмұнға сәйкес нақыталануы білім алушыларда пәндік білім мен дағдыларды нақты оқу материалы негізінде қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Негізгі орта білім беру мазмҧнын жаңарту аясында «Қазақстан тарихы» және «Дҥниежҥзі тарихы» оқу пәндері мазмҧнының жаңа қҧрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бӛлу) ҧсынылады:
- сынып – ежелгі заман (шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр)
- сынып – ортағасырлар кезеңі (V - XVII ғасырлар);
- сынып – жаңа заман кезеңі (XVIII -XIX ғасырлар); 8 - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың бірінші жартысы);
9 - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін).
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жаңа оқу бағдарламасына сәйкес 2017-2018 оқу жылынан бастап 5- сыныпта «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқытылмайды. Бҧл бастауыш мектептегі «Дҥниетану» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасындағы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бҥгінгі кҥнге дейінгі маңызды тарихи оқиғаларын зерделеуге ерекше назар аударылғанымен байланысты. Сондықтан да 5-сыныптың жаңа оқу бағдарламасында отандық тарихтың барлық курсы емес, тек қана Қазақстанның ежелгі заман тарихы (дҥниежҥзі тарихымен қатар) оқытылады. Сонымен, Қазақстан тарихы және Дҥниежҥзі тарихы пәндерін жҥйелі тҥрде оқу 5- сыныптан басталады.
Назар аударыңыз!
2020-2021 оқу жылында 5-9 сыныптар арасында «Қазақстан тарихы»,
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні мазмұнының сабақтастығын сақтау және хронологиялық кезеңділікті сақтау мақсатында:
Достарыңызбен бөлісу: |