Білім беру ҧйымдарында


«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ



бет139/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ


5-9-сыныптарға арналған «Дене шынықтыру» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының басты мақсаты – ағзаның бүкіл жүйелерін дамыту, оқушылардың физикалық қасиеттерін және олармен байланысты қабілеттерін жетілдіру болып табылады.
Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол оқушының дене дамуына, әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептегі білім беру контексінде дене шынықтыру білім алушылар арасында салауатты ӛмір салтын насихаттайды.
Оқу бағдарламасы білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дене және психикалық денсаулығын нығайтуға уәждемесін (мотивация) арттыруға, білім алушылардың арнайы спорттық (спорттықспецификалық) қимыл дағдыларын меңгеруіне және дене қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Оқу бағдарламасында дене шынықтыру мен спортты дамыту тарихы бойынша білімді қалыптастыру; негізгі физикалық қасиеттерді жетілдіру, арнайы спорттық біліктер мен дағдыларды дамыту; коммуникативтік дағдыларды дамыту, атап айтқанда, әртҥрлі дереккӛздерден алынған ақпаратты пайдалану, оны тиісті нысанда нақты ҧсыну қабілеті; ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту; адамгершілік-жігер, моральдық-ерік қасиеттерін қалыптастыру қарастырылған.
Оқу бағдарламасы оқу жылы ішінде бағдарлама бӛлімдерін оқытудың бірізділігін анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Сағаттарды бӛлу, сондай-ақ тақырыптарды оқу реті мұғалімнің қалауы бойынша ӛзгеруі мүмкін.
«Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша оқу жҥктемесінің кӛлемі:

  1. 5-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;

  2. 6-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;

  3. 7-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;

  4. 8-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;

  5. 9-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

Бұл бағдарламада мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
Сыныпты екі топқа бӛлу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (05.05.2020 ж ҚР БҒМ №182 бҧйрығының 57 т. сәйкес).
«Дене шынықтыру» оқу пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың бӛлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бӛлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бӛлімшелерден тұрады. Оқу пәнінің мазмҧны 3 бӛлімнен тҧрады:
1.«Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері» бӛлімі келесі бӛлімшелерді қамтиды:
тҥрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және ҥйлесімділікті дамыту; тҥрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын қҧру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі; арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс дағдыларын және олардың орындалу ретін тҥрлендіру; қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту ҥшін ӛзінің және ӛзгелердің біліктіліктерін бағалау; бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен қҧрылымдық идеяларын қолдану және бағалау; қиындықты жеңе білу және қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қауіп-қатерлерге жауап қайтара білу.

  1. «Шығармашылық қабілеттер және қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы сыни кӛзқарасты қалыптастыру» бӛлімі келесі бӛлімшелерді қамтиды: қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы ӛзгермелі жағдайға жауап қайтара білуге бейімделу; кӛшбасшылық, сондай-ақ, команда қҧрамында жҧмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану; қолайлы оқу-ҥйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды кӛрсету; дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама тҥрлерін қҧруға қажет ережелер мен қҧрылымдық тәсілдерді бағалау; ӛзінің және ӛзгелердің шығармашылық қабілеттерін сыни тҧрғыдан бағалау және оны шешудің балама жолдарын ҧсыну; жарыс іс-әрекеттерін және тӛрелік ету ережелерін білу; жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-қҧлық кӛрсету; тҥрлі қимылқозғалыстармен шарттастырылған рӛлдерді орындау және олардың айырмашылықтарын сезіне білу.

  2. «Денсаулық және салауатты ӛмір салты» бӛлімі келесі бӛлімшелерді қамтиды: жеке бас денсаулығы және салауатты ӛмір салты туралы білімді қалыптастыру; қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын қҧру мен орындау; тҥрлі дене жаттығуларын іс жҥзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жҥйемен байланысын зерттеу; денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жҥктемелері кезінде туындауы мҥмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын қҧру және қолдану; басқалардың дене жаттығулары тәжірибесін байыту масқатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану.

Әр бӛлімшеде кӛрсетілген оқу мақсаттары мҧғалімге оқушыларды дамыту бойынша жҧмысты жҥйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мҥмкіндік береді.
«Ӛмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмҧны 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жҥктемесімен дене шынықтыру мҧғалімінің оқытуымен іске асырылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау ӛткізілмейді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жарты жылының және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және ӛткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік кӛмек кӛрсету мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9-сыныптарда) «Дене шынықтыру» пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018.–89 б.» (Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2018 жылғы 24 сәуірдің №5 хаттамасы)» әдістемелік ұсынымдама әзірлеп, академия сайтына орналастырылған (nao.kz).
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту кезінде білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, жеке оқу жоспары мен жеке оқу бағдарламасы әзірленеді.
5-9-сыныптарда білім беру ұйымдарынан тыс жеке сабақтар үшін ең жоғарғы оқу жүктемесі: 5-сынып-7,5 сағат; 6 – сынып–7,5 сағат; 7 – сынып-8,5 сағат; 8 – сынып-9 сағат; 9 – сынып-9,25 сағат құрайды.
Сабақтар емдеуші дәрігердің қорытындысына сәйкес осы медициналық ұйымда 15 күннен астам емдеуден/оңалтудан ӛтуі тиіс білім алушылармен жүргізіледі. Оқу сабақтары балалар стационарға түскен сәттен бастап және баланың денсаулық жағдайына байланысты басталады. Сабақтың ұзақтығы барлығы үшін - 35 минут, бірінші сыныпта - 25 минут (бірінші жартыжылдықта). Аурудың ауырлығына қарай ауру балалар болатын медициналық режимдердің әрқайсысына олармен жұмысты жоспарлау кезінде белгілі педагогикалық бағыттылық сәйкес келеді.
Сынып жиынтықтылығы бір сыныпта 4 және одан да кӛп бала санынан басталады. Бір сыныпта 3-ке дейінгі балалар саны болған кезде: 5-6-7сыныптар, 8-9-сыныптар бірігуі мүмкін.
Медициналық ұйымның психо-неврологиялық бӛлімшелерінде бастапқы және қайталама бұзылуларды жеңуге, психикалық функцияларды дамытуға, балалар мен жасӛспірімдердің қоғамға бейімделуіне, әлеуметтік-еңбекке бейімделуіне және кірігуіне ықпал ететін компенсаторлық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған түзету-дамыту оқытуы жүзеге асырылады. Егер социумға кірігу үшін бӛлімшелерде жеке түзету-дамыту сабақтары жүргізілсе, кейбір пәндер қысқартылуы мүмкін.
Оқу жоспарларында бастауыш, негізгі және орта мектептің жалпы білім берудің базалық компонентін 80%-ы сақтау, сондай-ақ қаржыландыру шеңберінен шықпай, емдеу мекемесінің ерекшелігін ескере отырып, оқу жоспарын 20% сағатқа дейін қайта бӛлу кӛзделуге тиіс.
Үлгілік оқу бағдарламаларында кӛзделген сағаттар саны сараланған тәсілді ескере отырып алынуы және инклюзивті білім беру талаптарына сәйкес келуі тиіс. Пәндер арасында сағаттарды қайта бӛлуге және мектепте жекелеген сабақтарға баруға жол беріледі.
Бӛлімшелерде емдік дене шынықтыру (емдік дене шынықтыру) және музыкатотерапия сабақтары ӛткізілетін жағдайларда мектепте музыка және дене шынықтыру сабақтары жүргізілмейді.
Еңбекке және кәсіптік оқыту білім алушылардың денсаулық жағдайына қарай айқындалады және мынадай профильдердің негізінде жүзеге асырылады: ағаш, тігін бағыты, Шаштараз ӛнері, сәндік-қолданбалы ӛнер.
Информатика және кӛркем еңбек және технология бойынша сағат саны артады. Бұл пәндерді қосымша зерделеу қажеттілігі болашақта кәсіптік бағдар беру мақсатында ақпараттық технологиялар мен еңбек дағдыларын игеруге ерекше мұқтаж балалардың қажеттілігімен байланысты. Бейнелеу ӛнері пәні кеңірек, пластикалық массалармен, басқа да кӛркем жұмыстар түрлерімен жүргізіледі, ӛйткені бұл іс-әрекет қолдың ұсақ моторикасын дамытады, назарын бекітеді, балаларды шығармашылыққа үйретеді.
Қажет болған жағдайда түзету кӛмегі психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде (оңалту орталығында) белгіленген тәртіппен кӛрсетіледі. Қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті үшін бӛлінген сағаттар 1 сағатқа қысқартылуы және басқа оқу пәнінің сағаттарын жүргізу үшін қайта бӛлінуі мүмкін, сӛйлеу тілін дамыту мен түзету клиникалық бӛлімшелерде логопедия сабағын толықтырады.
Үйде оқитын баланы сыныптан тыс, үйірме жұмыстарына және мектептің басқа да тәрбие іс-шараларына тарту маңызды.
Үйде оқытуды ұйымдастыру жӛніндегі қосымша ақпаратты «Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқыту жӛніндегі әдістемелік ұсынымдардан» (www.nao.kzсайтынан) табуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет