«Ӛзін-ӛзі тану» оқу пәні «Ӛзін-ӛзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті: тұлғаның құндылықтар жүйесін, қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын анықтау; оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның ӛзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру; жас ерекшеліктеріне қарай, жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі ретінде дамыта отырып, әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.
5-9-сыныптардағы «Ӛзін-ӛзі тану» базалық мазмұны тӛрт тарауды қамтиды: «Таным қуанышы»; «Адам болам десеңіз ...»; «Адам және әлем»; «Адамзаттың рухани тәжірибесі».
Оқу пәні бойынша оқу жҥктемесінің кӛлемі: аптасына 1 сағат, 5-9 сыныптарда – 34 сағат.
Оқушылардың білімін бағалау. Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «сынақ» қойылады. Егер оқушы Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Ӛзін-ӛзі тану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында кӛрсетілген дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптарды орындап, жоба күнделігін әзірлесе, оқушыға «Сынақ» қойылады.