Білім беру ҧйымдарында


«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӚНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ



бет137/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӚНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ


«Технология және ӛнер» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады: «Музыка» 5-6-сыныптар, «Кӛркем еңбек» – 5-9-сыныптар.
«Музыка» оқу пәні
5-6-сыныптарға арналған «Музыка» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары шығармашылығы, әлемдік классика және заманауи музыканың үздік үлгілері негізінде білім алушылардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту
Пәнді оқытудың міндеттері:ӛзге ӛнер түрлері мен оқу пәніне музыка ӛнерін кіріктіре отырып әлем тұтастығының бейнесі жӛнінде түсінігін қалыптастыру; музыка ӛнерінің жалпы адамзаттық қажеттілікті құбылыс ретінде, оның адам ӛміріндегі рӛлі мен маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыру; сын тұрғысынан ойлауы мен музыкаға жағымды қарымқатынасын, музыкалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру; музыкалық шығармалар мен тапсырмаларды талдау, зерттеу және орындаушылық пен импровизациялау, презентациялау оқу пәндік-тақырыптық білім, білік, дағды аясында дамыту; музыкалық қабілеттілігін, белсенді шығармашылығын, орындаушылығы мен зерттеушілік дағдысын дамыту; музыка ӛнері негізінде коммуникация формалары жӛнінде білімін қалыптастыру; музыкалықшығармашылық жұмыстарға идеялар қосу негізінде ӛзін-ӛзі бағалау, ӛзін-ӛзі тану және ӛзін-ӛзі дамытуын қалыптастыру (шығармалар жазу, импровизация және ӛңдеу); ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану барысында музыкалық-орындаушылық және техникалық білімі мен біліктілігін қалыптастыру, дамыту.
«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жҥктемесінің кӛлемі:

  1. 5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

  2. 6-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты қҧрайды.

«Музыка» пәнінің оқу бағдарламасының мазмҧны бӛлімдер бойынша ҧйымдастырылған. Бӛлімдер пән бойынша оқыту мақсаттары және оған қол жеткізу реттілігін сыныптар бойынша мазмҧндайтын бӛлімшелерге бӛлінген.
Оқу пәнінің мазмұны 3 бӛлімнен тұрады:

  1. «Музыка тыңдау, орындау және талдау» бӛлімі келесі бӛлімшелерді қамтиды: «Музыка тыңдау және талдау»; «Музыкалық сауаттылық»; «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет».

  2. «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар жасау» бӛлімі келесі бӛлімшелерді қамтиды: «Идеялар және материалдарды жинақтау»; «Музыка шығару және импровизация».

  3. «Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау» бӛлімі келесі бӛлімшені қамтиды: «Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау».

«Музыка» пәнінің 5-сыныпқа арналған базалық мазмҧны: «Қазақ халқының музыкалық мҧрасы»; «Қазақтың дәстҥрлі тҧрмыс-салт әндері және заманауи музыка»; «Әлем халықтарының музыкалық дәстҥрі»; «Музыка тілі – достық тілі»; «Ӛлкетану: Туған ӛлке симфониясы» бӛлімдерін қамтиды.
«Музыка» пәнінің 6-сыныпқа арналған базалық мазмҧны:«Классикалық музыканың ҥздік туындылары»; «Заманауи музыка мәдениеті»; «Музыка және ӛнер тҥрлері»; «Музыка – ӛмір тынысы»; «Ӛлкетану: Туған жердің таланттары» бӛлімдерін қамтиды.
Әрбір бӛлімшелерде кӛрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге үш түрлі ісәрекет арқылы (білім алушылардың музыкалық сауаттылықты зерделеу, музыкалық-орындаушылық және музыкалық-шығармашылық іс-әрекеті) жұмысты жүйелі жоспарлауға, олардың жетістіктерін бағалауға және оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары білім алушыны ӛзін-ӛзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. «Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау ӛткізілмейді. «Музыка» пәні бойынша жарты жыл және оқу жылының соңында «есептелінді»
(«есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
«Туған ӛлке симфониясы» және «Туған жердің таланттары»
тақырыптары 2018-2019 оқу жылынан бастап «Ӛлкетану» кіріктірілген курсына енгізілген, ол 5-6-сыныптардың «Музыка» оқу пәнінің шеңберінде оқытылады. «Музыка» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет