Білім беру ҧйымдарында



бет140/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

Инклюзивті білім беру.
Қазіргі балаларды оқыту кезінде ерте жастан бастап ӛмір бойы білім алу үшін жаһандық дағдылар мен қызығушылықтарды қалыптастыру ӛте маңызды. Осыған байланысты білім берудің мақсаты білім алушылардың үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы, кең ауқымдағы дағдыларға ие білім беру кеңістігін құру болып табылады.
Инклюзия кез келген баланың білім алу қажеттіліктеріне бейімделген моральдық, материалдық, педагогикалық ортаны қалыптастыра отырып, мектептің барлық әлеуметтік процестерін терең қамтиды. Мұндай қолайлы жағдайлар тек ата-аналармен тығыз ынтымақтастықта, білім беру процесінің барлық қатысушыларының бірлескен командалық ӛзара іс-әрекеттестігінде ғана жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда барлық балалар оларға табысты болуға, осы қоғамда қауіпсіздікті және ӛз орнын сезінуге мүмкіндік беретін қолдаумен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі уақытта мектептің міндеті – барлығын және әрқайсысын оқыту болып табылатындықтан, әрбір педагогтің кӛкейінде мынадай орынды сұрақтар туындауы тиіс: Мұны қалай іске асыруға болады? Барлығын қалай оқыту керек? Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әдеттегі сыныпта қалай оқытуға болады? Оларға мақсатқа қол жеткізуге қалай кӛмектесуге болады және сол уақытта басқа балаларды қалай назардан тыс қалдырмауға болады? Сыныптағы барлық балалар табысқа жететіндей оқу процесін қалай құру керек? Бұл сұрақтарды бүгінде кӛптеген заманауи педагогтер қоюда, олардың кӛпшілігі осы мәселелерді оңтайлы шешу – дифференциалды оқыту деп санайды. Инклюзивті білім беру жағдайында негізгі мектеп мұғалімдерінің алдында әлеуметтік-мәдени интеграцияға және бейімдеуге байланысты проблемаларды шеше отырып, барлық білім алушылардың, оның ішінде ЕБҚ бар білім алушылардың жеке қасиеттерін дамыту деңгейін арттыру, түлектердің кәсіби дайындығын, ӛмірлік ӛзін-ӛзі анықтауын, әлеуметтік қауіпсіздіктегі мүдделерін, қажеттіліктерін іске асыруды қамтамасыз ету және бүкіл қоғам шеңберінде әлеуметтік-мәдени процестерге қосу міндеті тұр.
Жаңартылған мазмұнның оқу бағдарламасы оқытудың спиральды түрінде болады, яғни оқушы пәнді қайталаған сайын ақпарат қайталанады және есте қалады; спиральды білім беру бағдарламасы жеңілдетілген идеялардан күрделіге логикалық түрде ауысуға мүмкіндік береді; оқушылар білімді оқу немесе білім беру бағдарламаларының келесі бӛлімдерінде қолдана алады. Спиральді оқыту моделінде құрылған оқу бағдарламалары оқушылардың сыныптан сыныпқа кӛшуіне қарай білім мен түсініктерді қайта қарауды кӛздейді. Мұндай бағдарлама ЕБҚ бар балалар бар сыныптардағы сабақтың мақсатын іске асыруға кӛмектеседі.
Инклюзивті білім беруде әртүрлі білім беру қажеттіліктері бар балалар оқу үдерісіне енгізілуі тиіс, ал білім беру ұйымдары бұл үшін оларға тиісті жағдай жасауы тиіс деп болжайды, ӛйткені барлық оқушылар мектеп қауымдастығының тең құқылы мүшелері болып табылады.
Оқыту қиындықтарының сипаты мен айқындылық дәрежесіне байланысты білім алушыда бір немесе бірнеше ерекше білім берілуіне қажеттілік айқындалуы мүмкін. Білім алушылардың ерекше білім берілуіне қажеттілігі білім алудың кез келген кезеңінде пайда болуы мүмкін.
Білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау ерекше білім беру қажеттілігін бағалау негізінде жүзеге асырылады. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – анықталған оқу қиындықтары мен олардың пайда болу себептері негізінде оқу процесінде оқушының қолдау түрлерін, формалары мен кӛлемін анықтау.
Қажеттіліктерді бағалауда білім алушыларды қолдау секілді деңгейлік сипатқа ие бола алады. Бір деңгейді қолдаудан қолдаудың қарқындылығын арттыру жағына да, қолдауды азайту жағына да басқа деңгейді қолдауға кӛшу мүмкіндігі бар.
Бірінші деңгейде оқушының қажеттілігі мен қолдауын бағалауды тікелей мұғалім жүзеге асырады, ӛйткені ол бірінші болып формативті бағалау процесінде оқытудың қиындықтарын анықтайды. Бұл жағдайда мұғалімнің міндеті – қиындықтар сипатын, олардың пайда болу себептерін ӛз бетінше анықтау, оқушының қалыптасатын білімдеріндегі олқылықтарды анықтау. Алынған ақпарат негізінде мұғалім әртүрлі әдістер мен жеке тәсілдеме арқылы сыныпта оқушыны қолдауды ұйымдастыруы қажет. Егер мұғалімнің барлық күш-жігеріне және жеке кӛмек беруіне қарамастан, білім алушыда бір және одан да кӛп негізгі пәндер бойынша оқу бағдарламасын меңгерудің қиындықтары бір тоқсан бойы сақталса, онда мұғалім психологиялықпедагогикалық қолдау қызметінен кӛмек сұрай алады.
Екінші деңгейде қажеттіліктерді бағалау мен қолдауды тек мұғалім ғана емес, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының командасы (психолог, логопед, дефектолог мұғалім, әлеуметтік педагог және т.б.) жүзеге асырады. Оқушының мамандардың кӛмегіне қажеттілігін бағалауды жүргізу үшін оқушының ата-анасының жазбаша келісімін алу қажет. Әрбір маман қажетті әдістер мен әдістемелерді қолдана отырып, оқушыларды оқытудың қиындықтарын тудыратын себептерді анықтау мақсатында психологиялық, логопедтік, арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді.
Зерттеу барысында маман оқушы дамуының әлсіз жақтарын ғана емес, сондай-ақ оқудағы табысты болу үшін оқушының қолда бар ресурстарын да анықтайды. Тексеру нәтижелері бойынша мамандар келесілерді анықтайды:

  • оқу бағдарламасының бейімделуіне оқушының қажеттілігі;

  • оқушыға оқу-жаттығуда қиындықтарды жеңуге кӛмектесетін нақты мамандар (психолог, логопед, әлеуметтік педагог т.б.); - ең тиімді оқыту әдістері мен тәсілдерін ұсыну; - оқушының оқу орнын бейімдеу қажеттілігі.

Мамандардың кӛмек бағыттары мұғалімнің сабақтағы жеке тәсілдеме мазмұнымен, ата-аналар тарапынан оқушыға кӛмек мазмұнымен келісіледі. Мамандардың кӛмегі жеке немесе топтық сабақтарда кӛрсетіледі.
Мұғалім мен мамандардың кӛмегі бейімделген оқу бағдарламасын (1-3 оқу тоқсан бойы) табысты меңгеруіне әкелмеген жағдайда, қолдау қызметі оқушылардың ата-аналарының ұсынымдарын алу үшін психологиялықмедициналық-педагогикалық консультацияға жіберу туралы шешім қабылдауы мүмкін (ата-аналардың келісімімен).
Үшінші деңгейде оқушының қажеттілігін бағалауды психологиялықмедициналық-педагогикалық консультацияның мамандары анықтайды, оның нәтижелері бойынша оқушыға оның ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсыныстар беріледі.
Білім беру жүйесін жаңғыртудың заманауи жағдайында мектеп барлық білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оқытудың түрлері мен әдістерін таңдау тұрғысынан неғұрлым икемді және бейімделген болады, сонымен қатар білім берудің жаңартылған мазмұнының бағдарламалары саралау және дараландыру принциптерін ұстануға жеткілікті жеңіл мүмкіндік береді. Бұл ретте білім беру процесінің барлық қатысушылары, бірінші кезекте, мектеп әкімшілігі мен педагогтер инклюзивті білім берудің басты қағидатын сақтауы тиіс: бала қолданыстағы шарттар мен нормаларға «сәйкес келмейді», керісінше, барлық білім беру жүйесі нақты баланың қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктеріне «ыңғайластырылады».
Ерекше қажеттіліктері бар білім алушы ӛзін мектепте сенімді және қорғалған сезінуі тиіс. Бұл жағдайда мәселе тек физикалық қауіп туралы ғана емес. Баланың психологиялық және эмоциялық қорғалуы маңызды.
Білім алушы, егер оған кӛмек қажет болса, міндетті түрде кӛмектесетініне, егер ӛз идеяларымен бӛліскісі келсе, оны міндетті түрде тыңдайтынына, егер сұрақ туындаса, оған міндетті түрде жауап беретініне сенімді болуы керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет