«Кӛркем еңбек» оқу пәні «Кӛркем еңбек» оқу пәнінің 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының мазмұны оқыту мақсаттары жүйесінің шығармашылық әрекет үдерісі барысында тәжірибелік және негізгі білім қалыптастыруға бағытталған үш бӛлім бойынша ұйымдастырылған:
«Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу» бӛлімі;
«Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау» бӛлімі;
«Таныстырылым, талдау және шығармашылық жұмыстарды бағалау» бӛлімі.
Оқу бағдарламасының мақсаты – ӛнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту.
5, 6, 7, 8, 9 -сыныптарға арналған «Кӛркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
«Кӛркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы: қоршаған ортада ӛнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға; Қазақстан және әлем халықтарының кӛркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге; ӛнер мен дизайнның кӛркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға; зерттеу, жасау, талдау, нысандарды кӛркем түрлендіру үдерісінде білім алушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға; оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттықкоммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы); жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат кӛздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға; эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-ӛнегелік құндылықтарын қалыптастыруға; уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін ӛз бетінше жоспарлай алуға; оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған.
Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Кӛркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі ӛнер түрлерін зерделеу, идеяларын ӛнер тәсілдері арқылы кӛрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және кӛркем ӛңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады. «Кӛркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:
5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды; - 9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды 5 ортақ білім беру бағыттары арқылы оқып-үйренуді қарастырады: «Визуалды ӛнер»; «Сәндікқолданбалы шығармашылық»; «Дизайн және технология»; «Үй мәдениеті»; «Тамақтану мәдениеті».
«Визуалды ӛнер» мен «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бӛлімдерінің тақырыптары ер балалар мен қыз балалар үшін бірдей.
«Визуалды ӛнер» бӛлімінің мазмұны тӛмендегі бӛлімшелерді:
классикалық және заманауи ӛнер; қазақстандық суретшілердің шығармашылығы; бейнелеу ӛнерінің жанрлары мен түрлері; сандық ӛнер (фотосурет, анимация, медиа құралдар); бейнелеу (визуалды) ӛнерінің кӛркем тәсілдері; кӛркемдік материалдар және техникалармен эксперименттеу бӛлімдерін қамтиды.
«Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бӛлімінің мазмұны тӛмендегі бӛлімшелерді: сәндік-қолданбалы ӛнер ерекшеліктері мен негізгі пішіндері, Қазақстанның және басқа елдердің сәндік-қолданбалы ӛнері; сәндікқолданбалы ӛнер материалдары, технологиялары мен құралдары; Ұлттық оюӛрнек; Ішкі кӛріністі сәнді безендіру қарастырады.
«Дизайн және технология» (ер балалар) бӛлімінің мазмұны тӛмендегі бӛлімшелерді: негізгі конструкциялық, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды; материалдарды ӛңдеу құралдары мен жабдықтарын; материалдарды әртүрлі тәсілдермен ӛңдеуді; әртүрлі материалдардан бұйым дизайнын; ұлттық тұрмыстық заттарды дайындау технологиясын; қазақстандық және әлемдік сәулет ескерткіштерін; макеттеуді; ішкі кӛрініс дизайнын; робототехника, кӛлік құралдарын модельдеуді қамтиды.
«Дизайн және технология» (қыз балалар) бӛлімінің мазмұны тӛмендегі бӛлімшелерді: негізгі тоқыма, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды; тоқыма материалдарын ӛңдеу құралдары мен жабдықтарын; тоқыма материалдарын әртүрлі тәсілдермен ӛңдеуді; тоқыма материалдарынан бұйым дизайнын; сән индустриясын, стиль және образ, ұлттық киім элементтерін дайындау технологиясын қамтиды.
«Үй мәдениеті» бӛлімінің мазмұны (ер балалар) тӛмендегі бӛлімшелерді:
тұрғын үйдің экологиясын; ӛсімдік шаруашылығы, сәндік ӛсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; электр қуатының кӛздері туралы жалпы мәліметтерді, тұрмыстық техника және электр құралдарын қолдану мен жӛндеуді; тұрмыстық жӛндеу жұмыстарын, ішкі кӛріністі ұйымдастыру мен жоспарлауды қамтиды.
«Үй мәдениеті» бӛлімінің мазмұны (қыз балалар) тӛмендегі бӛлімшелерді: жеке гигиенаны, тұрғын үй экологиясын; ӛсімдік шаруашылығы, сәндік ӛсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; киім күтімі мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды.
«Тамақтану мәдениеті» бӛлімінің мазмұны тӛмендегі бӛлімшелерді:
дұрыс тамақтану негізін; дастарқан басында ӛзін-ӛзі дұрыс ұстау ережелерін, дастарқанды жабдықтауды; тағам әзірлеу технологиясын; Әлем халықтарының тағамдарын қамтиды.
Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Кӛркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі ӛнер түрлерін зерделеу, идеяларын ӛнер тәсілдері арқылы кӛрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және кӛркем ӛңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.
Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда ұсынылатын әрекет түрлері, «Ӛнер» білім саласы бойынша тақырыптар бейнелеу ӛнері мен кӛркем еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құрылған.
Оқу жоспарының мазмұнына сызу және компьютерлік графика мен АКТ, сызулар құру үшін технологиялық құжаттарды орындау дағдыларын дамытумен байланысты оқу мақсаттарына жетуге бағытталған әрекет түрлері қосылған.
«Кӛркем еңбек» пәні бойынша жиынтық бағалау ӛткізілмейді. «Кӛркем еңбек» жарты жыл және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
Сыныпты екі топқа бӛлу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (05.05.2020 ж ҚР БҒМ №182 бҧйрығының 57 т. сәйкес).