Білім беру ҧйымдарында


Білім мазмҧнын ҧйымдастырудағы ерекшеліктер



бет146/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

Білім мазмҧнын ҧйымдастырудағы ерекшеліктер:
10-11-сыныпта оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына ӛзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына және «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына ӛзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына ӛзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген Ұзақ мерзімді жоспар негізінде жүзеге асырылады:

  • жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;

  • жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/ сайтынан алуға болады. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ тілі).
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты кӛрсетілді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті кӛлемі:

  • жаратылыстану-математикалық бағытта:

  1. 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

  2. 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

- қоғамдық-гуманитарлық бағытта:

  1. 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сӛйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  1. қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, ӛмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым/айтылым, оқылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;

  2. білім алушылардың қазақ тілін күнделікті ӛмірде ӛзі еркімен қолданып жүрген қарым-қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар

негізінде танып-білу дағдыларын қалыптастырады;

  1. қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін және олардың табиғатын танып біледі;

  2. тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдықкоммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады;

  3. «Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сӛйлеу сауаттылығын, сӛз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді кӛздейді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның қолданыстағы бағдарламадан ерекшелігі қазақ тілін функционалдықкоммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, тӛрт дағдыға негізделген:

  1. тыңдалым және айтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормаларын сақтау.

«Тыңдалым және айтылым» бӛлімі оқушылардың тӛмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, ӛз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру, мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, мәтінде кӛтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау, мәтінде кӛтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау, коммуникативтік жағдаятқа сай кӛпшілік алдында тиісті сӛйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сӛйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық-морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану;
«Оқылым» бойынша: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау, ғылымикӛпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, ӛзге стиль элементтері), әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу, ауызекі сӛйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолдану, публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу, ресми ісқағаздары тілінің сӛз бедерін дұрыс қолдана білу, кӛркем әдебиет тілінің сӛз бедерін дұрыс қолдана білу, әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде), мәтіндегі негізгі ойды анықтау, кӛтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді ӛңдей білу, белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу, БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-кӛпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу;
«Жазылым» бойынша: жоспар түрлерін құру (қарапайым, күрделі, тезистік), ауызекі сӛйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру, ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, ӛтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі және т.б. мәтіндер құрастыру, ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, баяндама, мақала, лекция, баяндама тезистері, аннотация, түйіндеме, рецензия және мәтіндер құрастыру, публицистикалық стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, информациялық хабар, очерк, памфлет жазу, кӛркем әдебиет стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер құрастыру (таңдау бойынша), мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, эссе түрлерінің құрылымын сақтай отырып, кӛтерілген мәселе бойынша ӛзіндік пікір жаза білу, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу), әртүрлі тақырып бойынша кӛркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (ӛлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу, жазба жұмысын абзац пен бӛліктерге бӛлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау;
«Әдеби тіл нормалары» бойынша: орфографиялық нормаға сай жазу, сӛздерді фонетикалық принцип негізінде жазу, сӛздерді морфологиялықфонематикалық принцип негізінде жазу, сӛздерді тарихи-дәстүрлік принцип негізінде жазу, сӛйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, кӛп нүкте), сӛйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (үтір, нүктелі үтір, жақша, қос нүкте, тырнақша, сызықша).
Оқу мақсаттарымен жҧмыс жҥргізу жолдары, мәтінді оқыту кезеңдері, кҥнделікті сабақ жоспарын қҧруда назар аударатын мәселелер әдістемелік нҧсқау хаттың «5-9-сыныптарда жаңартылған білім мазмҧны бойынша оқу процесін ҧйымдастыру ерекшеліктері» тарауында берілген.
Бағдарламада әртүрлі оқыту сатыларында ӛмірлік маңызды міндеттерді шешу үшін қажетті дағды мен қабілеттерді бірізді және кезеңдік дамыту жүреді.
Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысуды жүргізу, түйіндеме, мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін тигізеді.
Сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың деңгейі мен қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған дұрыс. Тілдік бірліктер мен құрылымдарды, яғни грамматиканы оқыту коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім тіл туралы білім қалыптастырудан гӛрі тілдік қолданыс, грамматиканың функционалдығына назар аударуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет