Білім беру ҧйымдарында



бет174/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

«Ӛзін-ӛзі тану» оқу пәні


Біртұтас үдеріс ретіндегі ӛзін-ӛзі танудың нысаны болмыстың физикалық, психикалық және рухани аспектісі тұрғысынан қарастырылатын адам болып табылады. Адамның осы қырларының біртұтас болуы оның ӛзін-ӛзі анықтау, ӛз маңыздылығын арттыру, ӛзін іс жүзінде кӛрсете білу және ӛзін-ӛзі жетілдіру аспектілерінен тұратын үйлесімді дамуды қамтамасыз етеді. Бұл ӛзін-ӛзі танудың пәндік саласын анықтайды, сол сияқты оқу пәнінің танымдық, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін нақтылайды.
«Ӛзін-ӛзі тану» оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың руханиадамгершілік дамуы; олардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімді игеруі; оқушылардың сенімдерін, әлеуметтік маңызды тұлғалық қасиеттерін және ӛмірлік дағдыларын қалыптастыру.
Пәннің логикалық құрылымының мазмұны:

  1. сүйіспеншілік, денсаулық, еркіндік, бақыт, ар-ұждан, еңбек, тән мен рух үйлесімі, ӛмірдің мақсаты, адамның тағдыры, ой мен сӛз және істің бірлігі тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы ӛзін-ӛзі тануға;

  2. отбасы, достық, қарым-қатынас, сенім, сыйластық, теңдік, сұхбат, ӛзара түсіністік, ынтымақтастық тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы ӛзге адамдарды тануға;

  3. табиғат, Отан, ӛмір, қоршаған әлеммен үйлесімдік; сенім, үміт тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы әлемді тануға;

  4. ақиқат, шығармашылық, мәдениет, адамзаттың ортақ үйі ретіндегі жер, адамзаттың бірлігі тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі арқылы анықталады.

«Ӛзін-ӛзі тану» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:

  1. 10- сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

  2. 11- сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды

Ӛзін-ӛзі тану бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың маңызды шарты сабақта оқушының кӛңіл күйіне, ӛзін жақсы сезінуіне әсер ететін релаксация жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын, шаршағанды сейілтетін, ӛз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін әдістемелік тәсілдердің кӛмегімен дамытушы салауатты орта құру болып табылады.
«Таным жолында» атты бірінші тараудың тақырыптары оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтардың ерекшелігін саналы сезіну арқылы ӛзіндік бірегейлігін ұғыну мақсатын кӛздейді. Адамның ӛзімен-ӛзі және қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамытуға, ӛзінің эмоциялық күйін басқара алу білігін дамытуға, тұлғаны жетілдіру жолдарына, идеалды іздеу, мінез-құлықты тәрбиелеу, жауапкершілік, намыс пен абырой тәрізді қасиеттерін дамыту қажеттілігі туралы сӛз қозғалады. Бағдарламада оқушылардың адамның ішкі әлемі, тұлғалық қасиеттерінің жан-жақтылығы, ӛмірлік ұстанымы, ӛзіне сенімі, сезімі сияқты ұғымдардың мәнін түсінуіне мүмкіндік беріледі. Адамның шыдамдылығы, кӛңіл-күйін басқара білуі тәрізді жағымды жағынан кӛрінуі қарастырылады. Бағдарламада сонымен қатар адамның діни наным-сенімінің бостандығы және басқа адамдардың діни сезімдерін құрметтеп, тӛзімділік таныту мәселелеріне де назар аударылған.
«Тұлғаның қалыптасуы» тарауының тақырыптарында оқушылардың дүниетанымын олардың әлемге ашық бола білу, әлемді тану мен түсіну және әлемде жоғары адамгершілік ұстаныммен қатынас жасай алу қабілеттерін дамыту арқылы кеңейту кӛзделген. Бағдарламада адамның ішкі әлемі, оның шынайы бейнесі, тұлғаның рухани кемелденуі тәрізді мәселелердің тереңдігін ашу мүмкіндігі берілген.
«Қоғамдағы ӛмір» атты үшінші тараудың тақырыптық жоспары оқушылардың жағымды ойлау дағдылары мен адамдар арасындағы қарымқатынас барысында туындайтын этикалық ӛмірлік қайшылықтарға саналы түрде, байыппен қарау дағдыларын дамытуға бағытталған. Жоғары сынып оқушыларына есею кезеңіне қадам басқан және ӛз жақындары, сыныптастарының ғана емес, сонымен бірге болашақ курстастары мен жұмыстағы әріптестерінің ортасында да ғибратты жағдай қалыптастыруда жауапкершілік шегін сезінетін адам тұрғысынан отбасындағы, ұжымдағы және қоғамдағы рӛлі туралы ӛз кӛзқарасын реттеуіне тура келеді.
Тарауда бағдарлама бойынша оқушылардың қоғамға қызмет етуі, тең дәрежелілік пен әділдік туралы, ер адам мен әйел адамның әлеуметтік рӛлі туралы түсініктерін дамыту және тұлғаның ӛзіндік қалыптасуы, дүниетаным тәрізді ұғымдармен танысуы кӛзделген.
«Адамзат әлемі» атты тӛртінші тарауда оқушылардың адамзаттың мәдени мұраларына ізгілікті қатынасын дамытуға, ӛздерінің адамдық болмысы мен ақиқатқа жетудің ӛзіндік жолын ұғынуына алғышарттар жасалған. Аталған тараудың мазмұны мен оқыту әдістері маңызды адамдық ақиқатты оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы мәліметтерді, адамзаттың тарихи, мәдени және рухани жолын түсінуін, адамның бүгінгі және болашақтағы мұраттарын тереңірек түсініп қорытындылап, жүйелеу арқылы тұжырымдауын кӛздейді. Бұл тараудың бағдарламасын зерделеу жоғарғы сынып оқушыларының басты адами құндылықтарды адамзаттың тарихи, мәдени және рухани жолы туралы мәліметтерді жинақтау және жүйелеу жолымен, оның қазірі мен болашағы, адамның жоғары басымдықтарға ие екендігін терең ұғынуы арқылы жүзеге асырылатындығы пайымдалады. Бейбітшілікке және адамдар арасындағы келісімге қол жеткізудің қажетті шарты ретіндегі адамдарды біріктіретін ауызбіршілік туралы оқушылардың түсініктерін дамытуға ерекше кӛңіл бӛлінеді. Аталған тарау орта мектептегі ӛзін-ӛзі тану курсының қорытынды бӛлімі болып табылады және әр оқушының ұлан-байтақ ӛмірлік кеңістіктегі ӛз рӛлін, адамзаттың тұрмыстық міндеттерін атқарудағы алатын ӛзіндік орнын және әркімнің еңбегіне, дарынына және шығармашылығына сұраныс болатындай болашақты құруды ұғына алуларына бағытталған. Осының барлығы жоғары сынып оқушыларына адам үшін маңызды «бақыт» деген түсініктің мәнін ұғынуына кӛмегін тигізеді.
10-11 сыныптардың игеруіне ұсынылып отырған бағдарламаның ӛзгешелігі бұрын оқығандарын жинақтауға бағытталған, үлкен ӛмірге аяқ басқан орта мектеп түлегіне қажетті жиынтық болып табылатын құзыреттілігін одан әрі дамыту мен орнықтыруды мақсат ете отырып, оқушылардың басты жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдерін тереңдету болып табылады. Мұғалім сабақ барысында, оқытудың тӛмендегідей әртүрлі стратегияларын қолдану арқылы мұғалім мен оқушының арасында сенімділік атмосферасын құрады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет