Білім беру ҧйымдарында



бет175/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

10-сыныпты бітірген соң білім алушы: адам ӛміріндегі жалпыадамзаттық, этномәдени және ұлттық құндылықтардың ӛзара байланысын және арақатынасын түсінеді; жағымды қарым-қатынас мәдениетін біледі және күнделікті ӛмірде іс жүзінде кӛрсете алады; ӛзінің және басқа адамдардың кӛзқарас, пікірлері мен қылықтарын талдап, сыни тұрғыдан бағалай алады; отбасындағы жағымды қарым-қатынас құндылығын, отбасын құру жауапкершілігін сезінеді; ӛмірдің мәнін түсінуге ұмтылады; ӛзінің жеке уақытын ӛзі және қоғам үшін тиімді ұйымдастыра алады; әртүрлі дереккӛздерінен алынған ақпараттарды салыстырып, талдап, сыни тұрғыдан бағалай алады; ӛз пікірі мен кӛзқарастарын еркін, дәйекті түрде жеткізіп, негіздей алады, ӛзінің пікірінен алшақ пікірлерге тӛзімділік таныта алады; қоғамға қызмет етудің практикалық дағдыларына ие болады; ӛзінің азаматтық ұстанымын қорғайды; басқа ұлттар мен конфессия ӛкілдеріне, адамның қоғамдағы орны мен оның жеке қасиеттеріне қатыссыз құрмет пен тӛзімділік танытады.
11-сыныпты бітірген соң білім алушы: адам үшін жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік құндылықтардың маңызын түсінеді; ӛзара адами қарым-қатынастарды тани алады және оны бағалай біледі; командада еңбектене біледі, топ пен ұжымда ӛз мәртебесін анықтай алады; адам ӛміріндегі отбасын құрудың маңызын саналы түсініп, есею ӛміріндегі болашағын сезіне алады; ӛзінің мінез-құлқын, эмоцияларын басқара алады; эстетикалық талғамға, жақсы әдеттерге ие,жақсы әдеттерін кӛрсете алады, күнделікті ӛмірде сұлулық заңдылықтарын пайдаланады; ӛз ойы мен сезімдерін еркін жеткізеді; қоршаған әлеммен үйлесімді қатынас құруға ұмтылады; ӛзінің ұстанымдары мен нанымдарын қорғай алады; қиянат жасау мен қатыгездікке қарсы тұрады; отбасында, ұжымда денсаулық сақтау ортасы жағдайларын жасау және қолдау үшін білімдері мен іскерліктерін қолданады; ӛзін-ӛзі жетілдіру үшін ӛмірлік жағдаяттарды шығармашылықпен және тиімді пайдалана алады; ӛзін-ӛзі қалыптастыруға ұмтылады; жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып, ӛмірлік әртүрлі жағдаяттарда жауапты шешімдер қабылдай алады «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні
Оқу пәні жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы инвариантты компоненттің стандартты деңгейіндегі таңдау пәні болып табылады. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарында оқыту Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асыралады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні кәсіпкерлік саласының негізгі ұғымдары мен заңдарын зерделеуге, білім алушылардың іскерлік ойлауын қалыптастыруға, белсенді ӛмірлік ұстанымды таңдауға, қазіргі жағдайда болашақта ӛз бетінше ӛмір сүруге арналған дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқу материалының мазмұны оқу процесінің геймификациясы (ойын техникасы) принциптеріне және кейстік жұмысқа негізделген.
Геймификацияны (ойын техникасын) кеңінен қолдану материалды түсінуді жеңілдетіп қана қоймай, сондай-ақ келешекте шынайы жағдайларға лайықтауға болатын алғашқы пайдалы дағдыларды қалыптастыруға бейімделген.
Кейстік (ситуациялық) оқыту әдісі бір жағдайға стандартты емес тәсілдемелерді қолданып, креативтілік танытуға шынайы мүмкіндік береді.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығы бойынша оқыту PBL
(Project Based Learning) әдістемесі негізінде де құрылған. Сӛзбе сӛз бұл термин
«жобалық оқыту» деп аударылады. PBL әдістемесі әр оқушының оқу үдерісіне белсенді қатысуын білдіреді. Бұл ретте мұғалім барлық үдерісті үйлестіреді, бірақ сонымен қатар оқушыларға шығармашылық пен дербес шешімдер қабылдау үшін еркіндік береді, оқушылар әр түрлі мәселелер бойынша сарапшылардың рӛлін ӛз мойнына алып, ӛздерін сынап кӛреді.
Әдістеменің негізгі ұғымы – «жоба». Оқушылар пәнді оқытудың 11сыныбының бірінші және екінші тоқсанында осындай «жобаны» дамытуы тиіс. Алдымен олар ӛз командасына мамандарды тартуға тырысатын стартаптың негізін қалаушысы рӛлінде ӛзін елестету керек. Содан кейін олар басшылар, маркетологтар, зерттеушілер сияқты ӛз стартаптарымен жұмыс істейтін болады. Оларға ӛз клиентін зерттеуге, ӛз ӛнімінің прототипін жасауға, серіктестерді табуға және т.б. кӛптеген әрекеттер жасауына тура келеді.
Оқушылар тапсырмаларды алып, оны орындау уақытын білетін болады. Басқа ешқандай шектеулер жоқ. Қандай ӛніммен айналысу керек, оны жылжыту үшін қандай әлеуметтік желіні таңдаса жақсы болады, олардың бизнесі үшін кім үздік серіктес болып табылады және т.б. осы секілді сұрақтарға алдын ала қайсысы «дұрыс» екеніне нақты жауап берілмейтіндіктен, мұндай тәсілде «дұрыс» - «дұрыс емес» позициясынан соңғы нәтиже емес, командалық жұмыс, команда мүшелерінің жобаға тартылу дәрежесі, олардың кӛрсеткен күш-жігері мен ынтасы, олардың іс-әрекеттерінің жалпы бағыты мен қисындылығы бағаланады.
Нақты мәселеге шоғырлану оқушыларға қысқа уақыт ішінде зерттелетін мәселенің кӛптеген қыр-сырын білуге мүмкіндік береді, осылайша, осы әдістеме бойынша егер нақты нұсқаулықтар, жұмысты бағалау критерийлері, шектеулі уақытты беріп, бірақ оны жұмыс стилінде және тәсілде шектемесе кез келген адамды белгілі бір жұмысқа дайындауға болады.
Жобалық жұмыс оқушыларға материалдың едәуір бӛлігін қамтуға, ӛз жобасын жасау арқылы жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Әдістің артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:

  • Командалық жұмыс. Оқушылар болашақта университет пен жұмыста қажет болатын командада жұмыс істеуді үйренеді.

  • Коммуникативтік дағдылар. Оқушылар бірге жұмыс істейді, сондықтан оларға командада тиімді қарым-қатынас жасау ӛте маңызды.

  • Сӛздік қоры. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар ӛз тілдік қорын айтарлықтай толықтырып үлгереді, сонымен қатар жобамен тығыз жұмыс істеу кезінде зерделенген сӛздер қарапайым оқып жаттағанға қарағанда жақсы меңгеріледі.

  • Нәтижеге бағдарлану. Кӛптеген түлектерге жұмыс процесіне бейімделу қиын, ӛйткені онда жұмыстарды орындау мерзімі қатаң есепке алынады. Оқушылар күйзеліске, толқуға ұшырап, асыққаннан жұмыс сапасы зардап шегеді, ал жұмыс мерзімінде орындалмай қалуы мүмкін. PBL әдісі бойынша жұмыс уақытпен қатаң шектеледі, ал жұмысты бағалау кезінде командалық орындау есепке алынады. Сондықтан жобамен жұмыс кезінде оқушылар қатаң дедлайндарға үйреніп, жұмыс сәттерін еңсеріп, орындалатын жұмыстың сапасына нұқсан келтірмей, нәтижеге шоғырлануға үйренеді.

  • Міндеттерді бӛле білу, тапсырмаларды беру (делегирлеу) және сенім білдіру, кӛшбасшылық қасиеттер. Жобаны орындау кезінде оқушыларға команда мүшелері арасында міндеттерді дұрыс бӛлу қажет, ӛйткені олардың әрқайсысында әр түрлі күшті және әлсіз жақтары, түрлі интеллект, мотивация және темпераменттері бар. Біреулерге сандарға немесе ұсақ-түйек бӛлшектерге мән берілетін жұмысты сеніп тапсырған жақсы болады, біреулері монотонды жұмыспен айналыса алмайтын шығармашылық тұлға, кейбіреулері бір мезгілде бірнеше міндеттерді орындай алады, бірақ бір мәселеге шоғырлану кезінде қиындықтарға тап болады. Команда мүшелері рӛлдерді ӛзара бӛлуге, бір-біріне сенім білдіруге үйренеді. Сондай-ақ олар кімнің кӛшбасшы рӛлін атқара алатынын түсінеді және кӛшбасшылық қасиеттерге ие болуды үйренеді.

  • Жауапкершілік. Әр команда мүшесінің ӛз жауапкершілік аймағы болғандықтан, ӛз міндеттерін орындамау команданың барлық жұмысына теріс әсер етуі мүмкін. Жұмыстың бағасы командалық болғандықтан, жұмыстың ӛз бӛлігін жақсы жасау әр адамның мүддесі.

Тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, PBL әдістемесін енгізгеннен кейін оқушылардың оқу процесіне қатысуы ұлғайып, сабаққа қатысуы артады. Мұғалім оқушыларға тек қана кӛмектеседі, тәлім мен кері байланыс береді, бұл ретте оқушылардың шешім қабылдау процесіне араласпау, олардың ӛздері қандай шешім дұрыс болатынын анықтауға ынталандырады, яғни білім беру процесіне жауапкершілік оқушылардың ӛзіне жүктеледі.
PBL әдісі қандай да бір қосымша құралдарды немесе техникалық жабдықтарды талап етпейді. Бірақ мұғалімнен ынта-ықыласты, шығармашылық кӛзқарасты, стандартты емес ойлауды және оқушыларға қатысты кеңесшітәлімгер позициясын алуды талап етеді.
Нәтижесінде оқушылар нақты міндеттерді, ӛмір мен бизнестен алынған кейстерді шешуді үйренеді. PBL оқушыларға олардың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді және оқушыларға ӛзінің шынайы жобаларымен командада нақты жұмыс жасау туралы түсінік береді.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері:

  • пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі тәжірибесі мен ерекшеліктерінің, даму тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру;

  • ӛмірлік саналы ұстанымдарды және ӛз әрекеті бойынша жасаған таңдауына жауапкершілікпен қарау ұстанымын қалыптастыру үшін коучингтік тәсілдемелерді қолдану;

  • Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

  • оқушылардың кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін қалыптастыру;

  • оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі;

  • оқушыларда ӛз жетістіктері мен ӛмірлік ұстанымдарына қатысты жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

  • оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және ӛз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін кӛре білу біліктілігін қалыптастыру;

  • бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және

оларды кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту;  бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту және бизнестің
ӛміршеңдігін арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы
жағдайларына бейімделе білу;

  • зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.

Оқу пәнінің мазмұнындағы 10-сыныптың 4 бӛлімі тоқсанға сәйкес бӛлінген.
«Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік» атты 1-бӛлім білім алушыларды «Кәсіпкерлік және бизнес» пәнімен, қажетті терминологиямен таныстырады, экономика және тұлға құзыреттілігі призмасы арқылы кәсіпкерлік мәнін қарастырады, кәсіпкерлікті бизнес терминінен ажыратуды үйретеді.
«Замануи жағдайлардағы кәсіпкерлік» атты 2-бӛлім білім алушыларды кәсіпкерліктің әр түрлі формаларымен таныстырып, заманауи кәсіпкерлікте қандай инновациялар мен трендтер бар екенін және ӛз ісін ашу үшін қандай қадамдар жасау керектігін біледі, стартап ұғымдарымен, бизнес-модельдерімен және стартап идеологиясымен танысады. Бұл бӛлімде білім алушылар бәсекелестіктің не екенін және бәсекелестік стратегияларының түрлерін, баға қалыптастыру құрылымын сипаттауды, баға саясатының мәнін түсінуді және баға стратегияларын ажыратуды үйренеді.
«Әрекеттегі маркетинг» атты 3-бӛлім FMCG секторының нақты жұмыс істеп тұрған отандық тауар ӛндірушілері негізінде тауарларды жылжыту маркетингін зерделеуді қарастырады. Оқушылардың біріккен топтары нақты ӛндірушіні және оның ұсынатын ӛнімдері ішінен біреуін таңдайды. Алынған білім мен дағдыларды қолдана отырып, оқушылар жаңа тауарларды игеру немесе кӛлемін арттыру мақсатында ӛнімді баламалы жылжыту бойынша креативті идеяларды қалыптастырады.
«Ойлау дизайны» атты 4-бӛлім бизнес-шешімдерді іздеуге клиентке бағытталған дизайн-ойлау сияқты тәсілдің ерекшеліктерін қарастырады. Тоқсанның басында мұғалім ұсынған тізімнен бизнес-мәселені таңдап, оқушы дизайн-ойлау әдіснамасын: эмпатияны, талдау мен синтезді, идеяларды ойлап табуды, прототип жасау мен тестілеуді қолдана отырып бүкіл тоқсан бойы жұмыс жасайды. Оқушылар ӛндірушілермен ӛзара іс-әрекет жасауда және жобалау жұмыстарын орындауда нақты тәжірибе алады. Ӛндіруші үшін бұл тиімді, себебі кӛктемнің үш айында компаниясы туралы ақпараттың жариялануы және ӛнімдерінің бүкіл Қазақстан бойынша тегін жарнамалануына мүмкіндік алады. Ал мемлекет экономикасы үшін – бұл отандық ӛндірушіні қолдау.
Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбына арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні басқа бағыттарға басымдықтар бере отырып, оқыту процесіне арналған әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Академиялық білімнің орнына практикалық дағдыларды алуға үлкен назар аударылады, бұл оқушылармен ӛзара іс-әрекеттің белсенді түрлерінің басым екенін кӛрсетеді. Оқыту процесінің ӛзі Life-long learning (ӛмір бойы үздіксіз оқыту) тұжырымдамасына жауап беретін тұрақты және тиімді мінез-құлық үлгісін қалыптастыра алатын табиғи және үздіксіз құбылыс болып табылады.
Оқу пәнінің 11-сыныптағы білім мазмұны 4 бӛлімді құрайды:
«Стартап акселератор-1» және «Стартап акселератор-2» атты алғашқы екі бӛлімі бизнес-моделдеумен таныстырады, сондай-ақ стартап жобаның құрылуы кезінде қажетті болатын әлеуметтік дағдыларды қалыптастырады. Білім алушы белгілі бір білімдерге ие бола отырып, ӛз бизнес-идеясын қалыптастырады және оны бизнес-акселератор принципі бойынша нақты бизнеске айналдыру үшін қажетті құралдарды меңгереді.
«Кәсіпкердің ӛзін-ӛзі жетілдіруі» атты 3-бӛлімі оқушыларда қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастыратын әлеуметтік дағдыларды дамытуды жалғастырып, отбасының жеке қаржылық жоспарын тиімді үйлестіре білу жолдарын үйретеді, банк жүйесімен және халықаралық нарықпен таныстырады. Бӛлімнің негізгі ерекшелігі — оқушылар демо-шотты пайдалана отырып,
Қазақстанның қор биржасының (KASE) нақты мәліметтері негізінде ойын платформасы арқылы инвестициялау дағдыларын меңгереді. Сол арқылы талдай білу қабілеті артып, оқиғалардың мәнін, олардың экономикалық кӛрсеткіштерге ықпалын түсінеді.
«Даму стратегиясы» атты 4-бӛлімі білім алушылардың назарын нарықтың
даму болжамдарына аударады. Мақсат қою дағдыларын, бизнестің ауқымымен, халықаралық бизнеспен, жеке стратегиямен танысуды үйретеді. Қазақстан ӛнімінің халықаралық нарықтарға шығу стратегиясының жеке пайымын қалыптастырады. Бұл бӛлім тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған мемлекет және қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын шаралар кешенімен таныстырады.

  1. 11-сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі әр бағыт бойынша аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Тоқсандағы бӛлімдер бойынша және бӛлімдер ішінде сағаттарды бӛлуді мұғалімнің қалауына қарай ӛзгертуге болады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Формативті бағалау пәнді оқу барысында білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу және оқу үдерісінде оларға қолдау кӛрсету мақсатында жүргізіледі. Тоқсан мен оқу жылының соңында «есептелді» («есептелген жоқ») қойылады.
10-11 сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша сынақ қою талаптары «Дене шынықтыру», «Музыка», «Кӛркем еңбек», «Ӛзінӛзі тану», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу пәндері бойынша сынақ қою талаптары әдістемелік ұсынымдарында келтірілген. Әдістемелік ұсыныстар www.nao.kz сайтта қолжетімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет