Инклюзивті білім беру Инклюзивті білім беру жағдайында жоғары мектеп мұғалімдерінің алдында әлеуметтік-мәдени интеграциямен және бейімделумен байланысты мәселелерді шеше отырып, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту деңгейін арттыру, түлектердің кәсіби дайындығын, ӛмірлік ӛзін-ӛзі анықтауын қамтамасыз ету, мүдделерді іске асыру, әлеуметтік қауіпсіздік қажеттілігі және бүкіл қоғам шеңберінде әлеуметтік-мәдени үдерістерге қосу міндеті тұр.
Кӛру қабілетінің бұзылымдары (кӛрмейтін, нашар кӛретін) бар, тірекқозғалыс аппаратының бұзылымдары бар оқушылар арнайы мектептер жағдайында 11-12 сыныптарда жалпы орта білім алады.
Екі бағыт бойынша салалық оқыту жүзеге асырылады: қоғамдықгуманитарлық және жаратылыс тану-математикалық. Бір немесе екі бағытты таңдау оқушылардың қажеттілігі мен ата-аналарының сұрауы ескеріліп, жүзеге асырылады. Білім беру процесінің толықтыру-дамыту бағыттылығын жалпы білім беру пәндері бойынша сабақтарда, арнайы сабақтарда психологиялықпедагогикалық қолдау кӛрсету мамандары қамтамасыз етеді. Сабақтар топтық және жеке формаларда ӛткізіледі. Кӛру қабілетінің бұзылымдары бар оқушылар үшін:
әлеуметтік-тұрмыстық бағдар (ӘТБ);
кеңістіктік бағдар;
бет қимылы мен пантомимиканың дамуы.
Тірек-қозғалыс аппаратының бұзылымдары бар оқушылар үшін емдеу дене шынықтыру сабағы ӛткізіледі.