Білім беру ҧйымдарында


«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»



бет179/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»
Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты жастарға ұйымдастыру және ӛткізу үшін негіз болып табылады:

  1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы;

  1. «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан

Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15725 болып тіркелген);

  1. «Кӛлік қҧралының сәйкестендіру нӛмірі бойынша кӛлік қҧралдарының жекелеген тҥрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық кӛлік қҧралдарын жҥргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жҥргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бҧйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген).

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні – білім алушыларды отаншылдық рухқа және Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге бағытталған пән. Ол білім алушылардың тӛтенше жағдайларда әскери іс негіздері мен адамның ӛмір қауіпсіздік әрекеті бойынша білім алуына және әскери қызметтің дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін орта мектептің 10-11сыныптарына арналған «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқыту ҚР БҒМ 2020 жылғы «21» сәуірдегі № 154 бұйрығына қосымша, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына
425-қосымшамен бекітілген жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыттағы, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы) арқылы жүзеге асырылады.
Пәннің мақсаты – білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің маңызын, Қазақстан Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және міндетін оқыту.
Пәннің міндеттері:

  1. әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру;

  2. әскери бӛлімдердің қару-жарағы мен әскери техникасы, жеке құрамның ӛмірі мен орналасуымен таныстыру;

  3. қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды ақпараттық технологияны пайдалана отырып робототехникада, дӛңгелекті машиналарды жүргізудің негіздері және тӛтенше жағдайда адам ӛмірі қауіпсіздігі негіздерінде қалыптастыру;

  4. жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін дарытуға тәрбиелеу;

  5. әскери істерге байланысты мамандық кәсібіне оң кӛз-қараста тәрбиелеу;

  6. жеке қауіпсіздік және қоршаған ортаның қауіпсіздігі мәселелеріне саналы және жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады: теориялық сабақтарды оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерін қолдана отырып, әңгімелесу және сұхбаттасу түрінде ӛткізіледі; практикалық сабақтар оқулықты, қару және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және ӛзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын игеруге бағытталады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін білім алушылар оқығанда:

  1. әр азамат ӛз Отанының қауіпсіздігін және оны қорғаудың қажеттілігі мен маңызын түсінуге;

  2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскери құралымдарында қызмет атқару үшін қажетті білім, білік және дағды алуға;

  3. алынған пәндік білім, білік және дағдыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қызмет еткенде қолдануға;

  4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы толық логикалық бір-бірімен байланысты ұғымдар туралы үйлесімді жүйені қалыптастыруға;

  5. ӛзінің дене бітімінің физикалық дамуының іс-әрекет құзыретін жақсарту қажеттілігін бағалауға;

  6. жеке адамгершілік қасиеттерін дамытуға және үздіксіз ӛзін-ӛзі дамыту қажеттілігін түсінуге;

  7. сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау, мәселелерді шешу және коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-
ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты міндеттерін шешеді.
Әрбір оқыту ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты оқытудың оқу жылына есептелген күнтізбелік-тақырыптық жоспары құрылады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің базалық мазмұны. 10-сынып.
«Кіріспе сабағы» бӛлімі:

  1. білім алушыларға «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәніне оқыту мақсат-міндеттері мен мазмұнын;

  2. «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғану», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15725 болып тіркелген), «Кӛлік құралының сәйкестендіру нӛмірі бойынша кӛлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық кӛлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген). Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды.

Кіріспе сабақты ӛткізу кезінде білім алушыны әскери қызметке даярлау және Қазақстан Республикасын қорғауға, алғашқы әскери және технологиялық дайындықтың оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін адамгершілікжігер, психологиялық және физикалық күшін жұмылдыра білу қажеттілігіне баса назар аударылады.
Бӛлімдер:

  1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің кепілі».

  2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары».

  3. «Тактикалық дайындық».

  4. «Атыс дайындығы».

  5. «Саптық дайындық».

  6. «Әскери топография».

  7. «Әскери роботты техникалардың негіздері».

  8. «Ӛмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері».

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-
ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты міндеттерін шешеді.
Әр сабақ сайын білім алушылар әскери анттың рӛлі мен маңызын түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлері мен әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын дамытып, білім алушылардың әскери білім алуларына деген ұмтылыстарын ынталандыру керек. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін заңдар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау – әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет