Тактикалық дайындық алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша оқу материалын кешенді оқытуды қамтамасыз етеді.
Атыс дайындығы бойынша сабақ ӛткізу кезінде қару және оқ-дәрілерді қолданудың қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударған дұрыс.
Саптық дайындық бойынша сабақтар саптық алаңда ӛткізіледі.
10-сыныпта әскери топография сабақтарын білім алушыларға оқытқанда таныс емес аймақтарда картасыз және картамен бағдарлау, сол ауданда ӛзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың кӛмегімен және компассыз табуды, сонымен қатар ұшқышсыз қашықтықта ұшатын аспаптардан алынған ақпараттарды қолдануын үйретуді қарастырады.
«Әскери роботты техникалардың негіздері» бӛлімі: Әскери роботты техникалардың негіздері – Роботтар туралы жалпы мәліметтер. Роботтарды әскери істе пайдалануды. Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу траекториясын жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және алгоритмдерін. Роботтарға арналған тапсырмалар – Роботтардың атқара алатын қызметтері. Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерде бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету тәртібін қамтиды.
«Ӛмір қауіпсіздігінің және ақпараттық технологиялар негіздері» оқу курсының мазмұны 10-сыныпта «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Ӛмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.
10-сыныпта ӛмір қауіпсіздігі және ақпараттық технология негіздері бӛлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-шаралармен таныстырады.
Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттыққорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бӛлім базаларында (әскери бӛлім басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат кӛлеміндегі бес кҥндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны ӛткізіледі.
Далалық-оқу жиынындағы (лагерьлік) оқу материалдарын тақырыптар бойынша жоспарлау үлгісі (ұлдарға арналған). 10-сынып.
Бӛлімдер:
«Тактикалық дайындық».
«Атыс дайындығы».
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары».
«Саптық дайындық».
«Әскери топография».
Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу сағаттарымен қамтамасыз етіледі.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу нәтижелерін бағалау үшін ауызша сұрақ қою, жазба жұмыстың және практикалық жаттығулар бақылауын қолдану арқылы жүзеге асырады.
5. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны. 11-сынып. Бӛлімдер:
«Әскери қызметтің құқықтық негіздері».
«Атыс дайындығы».
«Саптық дайындық».
«Технологиялық дайындық».
«Ӛмір қауіпсіздігінің негіздері».
11-сыныпта технологиялық дайындыққа арналған бӛлім жол қозғалысы ережесін және автокӛлік құралдарын қауіпсіз жүргізуді зерделеу қарастырылады.
«Технологиялық дайындық» бӛлімі: Дӛңгелекті машиналарды жүргізу негіздері мен ережелері – Қазақстан Республикасының жол жүру саласындағы заңдары мен ӛзге де құқықтық актілері. Кӛлік құралдарының санаттары. Жүргізушінің жұмыс орны; Жол қозғалысына қатысушылардың міндеттері – Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінде қамтылған негізгі ұғымдар мен терминдер. Жүргізушілердің, жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың міндеттері. Жүргізушінің ӛзімен бірге болуы тиіс құжаттары; Бағдаршамдарменреттеушініңсигналдары– Бағдаршам мен реттеушінің сигналдары. Арнайы сигналдарды қолдану. Авариялық сигнал беру және авариялық тоқтату белгісін қолдану. Маневрлеу. Кӛлік құралдарын жолдың жүру бӛлігіне қою; Жол белгілері – Ескерту белгілері. Басымдық белгілері. Тыйым салу белгілері. Алдын ала жазылатын белгілер. Ақпараттық-кӛрсеткіш белгілері. Сервис белгілері. Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар); Жол таңбалары және олардың сипаттамалары – Таңбалардың жіктелуі. Кӛлденең және тік таңбалардың талаптарына сәйкес жүргізушілердің іс-әрекеті. Кӛлік құралдарын пайдалануға жіберу жӛніндегі негізгі ережелері; Қозғалыс жылдамдығы – Қозғалыс жылдамдығы. Басып озу, алда кездескен жол айрығы. Аялдама және тұрақ. Қиылыстардан ӛту. Жаяу жүргіншілер ӛтпелері және маршруттық кӛлік құралдарының аялдамалары; Әртүрлі жағдайдағы қозғалыстар – Теміржол жолдары арқылы қозғалыс. Автомагистральдар бойынша қозғалыс. Тұрғын аймақтардағы қозғалыс. Маршруттық кӛлік құралдарының басымдығы. Сыртқы жарық құралдарын және дыбыс сигналдарын пайдалану; Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау – Механикалық кӛлік құралдарын тіркеп сүйреу. Оқу жүргізулері. Жолаушыларды тасымалдау. Жүктерді тасымалдау. Велосипедтер, мопедтер, кӛлік-арбалардың (шаналардың) қозғалысына, сондай-ақ жануарларды жолдан айдап ӛтуге қойылатын қосымша талаптар. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз етуді қамтиды.