Білім беру ҧйымдарында



бет173/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ҧсынылатын сайттар:
http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
«Дҥниежҥзі тарихы» пәнінен ҧсынылатын сайттар: http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru;
http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
«Қҧқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу процесін ҧйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер
Оқу пәнінің білім мазмұны бес бӛлімді қамтиды: «Мемлекет және құқық», «Жария құқық», «Жеке құқық», «Іс жүргізу құқығының негіздері», «Халықаралық құқық».
Бұл бӛлімдер ӛз ішінде білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыруды кӛздейтін бӛлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бӛлімше ішінде мұғалім мен оқушыға келесі қадамдары жӛнінде ӛзара ой бӛлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты кӛрсетеді.
«Құқық негіздері» пәнін оқытуда келесі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану ұсынылады:

  • оқу тапсырмаларын шешу барысында нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесін қолдану (http://adilet.zan.kz/; http://online.zakon.kz/);

  • құқықтық нормалардың мазмұны мен мәнін түсіндіру және анықтау арқылы нормативтік құқықтық актілерді талдау;

  • оқушылар проблемаларды анықтауда ӛз ойларын, пікірлерін айту, дәлелдеу, болжамды ұсыну, зерттеуді жоспарлау қабілеттерін дамытатын ынталандырушы-проблемалық құқықтық ситуациялық жағдаяттарды (кейсстади) зерттеу.

«Құқық негіздері» пәнін оқыту процесінде оқушылардың ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдану дағдысын дамыту үшін жағдайлар жасалуы қажет, соның ішінде ақпаратты табу, құрастыру және басқару, мәліметтер және идеялармен бӛлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы ӛз жұмысын бағалау және жетілдіру.
Құқық негіздері» пәнін оқыту барысында АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері:

  • құқықтық деректермен жұмыс жасау: оларды іздеу, сұрыптау және интерпретациялауға байланысты ӛзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту;

  • оқушылардың білімдерін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды пайдалану;

  • белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдау үшін интерактивті тақталарды пайдалану;

  • оқушылардың электронды оқулықтарды пайдалануы;

  • компьютерлік презентациялардың түрлерін пайдалана отырып, таңдалған тақырыптар бойынша шығармашылық жобаларды жасау;

  • оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуы үшін (пікір-талас ӛткізу және құқықтық мәселелерді талқылау) компьютерлік коммуникация құралдарын пайдалану (мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар).

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда әр оқу тоқсанының соңында «Зерттеу жұмысы» сабағын ӛткізу қарастырылған. Зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаты: теориялық материалды зерттеу тақырыптарының жеке аспектілері бойынша жүйелеу, терең талдау жасау және жалпылау.
Осы сабақтар барысында оқушылар жеке, жұпта немесе топтарда тақырыптық бӛлімнің тоқсанда зерттелген аспектілердің бірі бойынша кішізерттеу жүргізеді. Зерттеу тақырыбын оқушылар тоқсан бойы таңдай алады. Әр тоқсан соңында оқушылар ӛз зерттеулерін аяқтап, әр түрлі формада сынып алдында таныстырады. Бұл баяндамалар, презентациялар, рефераттар, шағын жобалар, мақалалар, эссе және т.б. болуы мүмкін. Зерттеу жҧмысы бойынша формативті бағалау қарастырылған. Сонымен, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарында оқитын оқушылар ӛздерінің зерттеу, креативті және сыни ойлау дағдыларын, қарым-қатынас, ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік дағдыларын жетілдіру үшін кӛп мүмкіндіктерге ие. Осы материалдарды әзірлеу кезінде әрбір тоқсанның соңында берілетін зерттеу жұмысы бұл жобалық жұмыс емес. Ол теориялық-практикалық зерттеу, онда оқушылар келесі зерттеу іскерліктері мен дағдыларын кӛрсетуі тиіс:

  • зерттеу мәселесін (тақырыбын) анықтау және тұжырымдау;

  • зерттеу жүргізу жоспарын (оның кезеңдері)құру;

  • зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, болжам жасау,

  • зерттеу әдістерін таңдау және пайдалану;

  • алынған ақпарат кӛздерін кӛрсете отырып, зерттеу тақырыбы бойынша теориялық (сандық және сапалық) материалды (әдебиетке сілтеме, электрондық дерек кӛздері)таңдау және жүйелеу;

– ақпаратты бір түрден екінші түрге түрлендіру: сӛздік – кестелік, кестелік-сызбалық немесе графикалық және т. б.;

  • зерттеудің басында ұсынылған болжамды растайтын немесе жоққа шығаратын қорытынды жасау.

  • жүргізілген зерттеу жұмыстарын жетілдіру жолдарын немесе алынған теориялық қорытындыларды практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау.

Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет. Материал мазмұны «Рухани жаңғыру» идеясына және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасына сай болуы қажет. Тарих және құқық негіздері пәндері бойынша рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады.
Рухани жаңғыру бағдарламасы материалдарын оқу тәрбие процесіне қолдануға арналған әдістемелік ұсынымдар академия сайтында орналастырылған: (https://www.nao.kz/Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету/ Қазақстан Республикасының Тҧңғыш Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған интерактивті сабақты ӛткізу бойынша әдістемелік ҧсыным./
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық ӛмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарымқатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бӛлігі болып табылады.
Тарих пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2020-2021 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады:
Ұшқыш-шабуылдаушы, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқыш, екі мәрте
Кеңес Одағының Батыры, «Ленин», т рт мәрте «Қызыл Ту», «Александр Невский», I дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Леонид Игнатьевич Беданың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.16 тамыз);
- Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Т леген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.19 желтоқсан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет