Білім беру ҧйымдарында


«Қазақ тілі» (Т1) оқу пәні



бет59/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

«Қазақ тілі» (Т1) оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)
«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы ӛзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сӛйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті ӛмірде қолдану.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру болып табылады.
Оқу жүктемесінің кӛлемі:

  1. 2-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты;

  2. 3-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты;

  3. 4-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты құрайды.

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда педагогикалық тәсілдемелер мен технологияларды қолдануға болады:

  1. оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі – әрекеттік тәсілдеме (сӛйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту);

  2. дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін игереді, ӛзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді);

  3. зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін?, нені білгім келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан ӛз әрекетін талдауға үйренеді);

  4. саралап оқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне, мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою);

  5. жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны ӛзі ӛндіруден, ӛз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады).

Пәннің мазмұны мәтін түрлері, кӛркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы білім алушылардың сӛздік қорын жаңа сӛздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты ӛз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, ӛзін-ӛзі бағалауды, мәтін бӛлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сӛйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.
Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және орфографиялық құбылыстары мен фактілері ӛзара байланыста оқытылады және олардың білім алушыларының сӛйлеу практикасында қолдануына бағытталған.
Оқу мақсаты бір тоқсан ішінде сӛйлеу әрекетінің түрлері бойынша үйлестіріледі. Сӛйлеу әрекетінің түрлері бойынша (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) оқу мақсаттарын біріктіре алады. Бір сабақта әртүрлі негізгі дағдылардың 2-3 оқу мақсатын біріктіруге болады. Білім алушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейіне қарай мұғалім сағат санын ӛзі бӛле алады.
Пән бойынша 2-4-сыныптардағы жазба жұмыстарының кӛлемі келесі кестеде кӛрсетілген (4-кесте).
4-кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және кӛлемі

Жазба жұмыстарының түрлері

2-сынып

3-сынып

4-сынып

Сӛздік диктант

5-7 сӛз

9-12 сӛз

12-15 сӛз

Диктант

25-30 сӛз

35-50 сӛз

55-70 сӛз

Кӛшіру

25-30 сӛз

35-50 сӛз

55-70 сӛз

Мазмұндама

40-60 сӛз

60-80 сӛз

80-100 сӛз

Шығарма

25-35 сӛз

35-55 сӛз

65-70 сӛз

Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмыстарды жүргізу мерзімділігі мен түрлерін мұғалім ӛзі анықтайды.
Мұғалім жазбаша жұмыстарды ӛткізуде дескрипторлары бар критерийлер құрастырады. Жазбаша жұмыстардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. Олар тапсырманы орындаудың қай кезеңінде білім алушы қиындыққа және оларды түзетуге тап болды дегенді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға конструктивті кері байланыс беруге мүмкіндік береді. Тӛменде критерийлермен жұмыс жасаудың үлгілері ұсыным сипатында берілген (5-кесте).
5-кесте. Жазба жұмыстарының критерийлері мен дескрипторлары



Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

1.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет