Білім беру ҧйымдарында



бет181/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

«Ӛмір қауіпсіздігінің негіздері» бӛлімі: Қауіпсіздік негіздері және қауіптерді жіктеу – Қауіптердің негізгі ұғымдары мен жіктелуі. Техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі; Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі – Физикалық, химиялық және биологиялық факторлар арқылы адам денсаулығына әсер ету; Әртүрлі тұрмыстық жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Электрлік және тұрмыстық газбен қауіпсіз жұмыс жүргізу. Тұрмыстық химия құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Компьютерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары; Техногендік сипаттағы қауіптілік – Ӛнеркәсіптік апаттар (авариялар), олардың қысқаша сипаттамасы және ықтимал салдары. Жарылыстық-ӛрт қаупі бар нысандардағы апаттар (авариялар). Гидродинамикалық апаттар; Экологиялық қауіпсіздік – Ауа және су құрамының ластануы. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану. Топырақтың ластануы; Табиғи жағдайда автономды ӛмір сүруерікті және мәжбүрлі автономия. Ӛмір сүру тәсілдері. Қажетті авариялық қор; Криминогендік жағдайларда ӛзін-ӛзі қауіпсіз ұстау негіздері – Кӛшедегі қауіпсіздік. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік. Адамдар кӛп жиналатын жерлердегі қауіпсіздік; Террористік акт қаупі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Жарылыс қаупі пайда болған жағдайдағы тәртіп ережелері. Кепілдікке алынған жағдайда; Ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздік негіздері – Киберқауіпсіздіктің негізгі ұғымдары. Әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелері. Ашық қол жетімді Wi-fi желілерін қауіпсіз пайдалану ережелері; Жаппай зақымдану кезіндегі алғашқы кӛмек кӛрсету – Алғашқы кӛмек кӛрсету ерекшеліктері. Кӛмектің түрлері. Зардап шеккендерді зақымдану ошақтарынан эвакуациялау тәртібі; Негізгі жұқпалы аурулар. Уланулар, интоксикация және олардың алдын алу – Жұқпалы аурулардың жіктелуі және оның алдын алу. Уланудың негізгі түрлері. Уланудың жалпы алгоритмі. Уланудың негізгі түрлері. Интоксикация кезіндегі кӛмек; Жол-кӛлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы кӛмек кӛрсету – Автомобильдегі дәрі қобдишасында болатын дәрілік препараттардың тізбесі мен мақсаты. Әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы кӛмек кӛрсету ережелері. Жүрек қызметі мен тыныс алудың кенеттен тоқтаған кездегі алғашқы кӛмек кӛрсету. Оқытудың негізгі нысандары теориялық, зертханалық-практикалық, практикалық және бақылау сабақтары болып табылады.
«Ӛмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмҧны 11-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 16 сағаттық жылдық оқу жҥктемесімен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ҧйымдастырушысы жҥзеге асырады. Ӛмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жҥргізіледі.
Теориялық және зертханалық-практикалық оқу сабақтарының ұзақтығы – 40 минут, ал міндеттерді белгілеу, қорытынды шығару, құжаттама ресімдеу және білім алушыларды ауыстыру уақытын қоса алғанда, автомобиль жүргізу бойынша практикалық сабақтардың ұзақтығы – 60 минут.
Зертханалық-практикалық сабақтарды үзіліссіз 80 минут ішінде ӛткізуге рұқсат етіледі.
Теориялық және зертханалық-практикалық сабақтарды оқытушы ӛткізеді, автомобиль жүргізу бойынша практикалық сабақтарды кӛлік жүргізуге үйрету шебері білім алушылармен жеке жүргізеді.
Зертханалық-практикалық сабақтар бір немесе бірнеше тақырып бойынша тиісті теориялық материалды зерделегеннен кейін иллюстрациялық және зерттеушілік жоспарда жүргізіледі.
Практикалық сабақ басталғанға дейін білім алушылар негізгі ережелерді орындау мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндетті нұсқаулықтан ӛтеді.
Практикалық жүргізу сабақтары әрбір білім алушылармен жеке автотренажерлерде, автодромдарда (жүргізіп үйренуге арналған алаңдарда) және 3 жылда кемінде 1 рет жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жӛніндегі аумақтық уәкілетті органда келісуден ӛткен үйрету бағыттарында ӛткізіледі. Білім алушылардың деңгейін анықтау және оның білімін бағалау үшін қорытынды сабақтар ӛткізіледі.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 20202021 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады.
Ҥлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 2020 жылғы 21сәуірдегі №154 бҧйрығы) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» (АӘТД) оқу пәні бойынша оқу жҥктемесінің кӛлемі:

  1. 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат, сондай-ақ далалық оқу жиынына (лагерьлік) вариативті бӛлімнен 30 сағат қарастырылған;

  2. 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет