Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие білім алушылардың бойында: еңбек ең жоғары құндылық ретінде; шығармашылық еңбек; еңбек мәдениеті; экономикалық сана-сезім; мамандық; мансап; функционалдық сауаттылық; компьютерлік сауаттылық; жаһандық экологиялық сана-сезім; экомәдениет құндылығы, экологиялық мәдениет; табиғатқа ерекше құндылық ретіндегі сүйіспеншілік сезімі; туған жерге және кіші Отанға деген сүйіспеншілік сезімі тәрізді құндылықтар қалыптастыруға кӛмектеседі.
Мектептегі еңбек тәрбиесі – бұл балаларды әртүрлі педагогикалық ұйымдастырылған қоғамдық пайдалы жұмыс түрлеріне тарту процесі. Ол практикалық тәжірибе, еңбек дағдылары, шығармашылық ойлау және еңбексүйгіштік қабілеттерін дамыту мақсатында болады. Білім алушылардың еңбек тәрбиесіне түрлі іс-шараларды: қолӛнер кӛрмесі, сыныпты тазалау, гуманитарлық кӛмек, кӛгалдандыру және мектепті абаттандыру, қолӛнершілер турнирі, қайырымдылық істер апталығы, кӛңілді шеберлер қаласы, мектепті косметикалық жӛндеу, еріктілер акциясы, шефтік кӛмек, қамқорлық алаңдары, еңбек десанты, мектептің жӛндеу бригадасы.
Білім беру ұйымдарында білім алушыларды мамандыққа бағдарлау жұмысы мектеп түлектерінің болашақ мамандығын таңдауға арналған тиімді шаралардың бірі болып табылады. Мектептерде бұл іс-шара білім алушылармен оқу-тәрбие процесінде, сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыс үлкен ӛмірге қадам басқалы отырған адамға кӛмек беретін жүйелі іс-шараларды қамтиды, ғылыми негізге сүйеніп кәсіптік таңдау жасау немесе мамандыққа бағыттауға арналған тәрбие жұмыстарының жүйесін дамыту мақсатында, білім алушының ӛз бетінше мамандық таңдау кезеңінде кӛмек кӛрсетуге бағытталуы тиіс.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру мақсатында:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 150 бҧйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының білім беру ҧйымдарындағы білім алушыларды кәсіптік бағдарлауды диагностикалау және анықтауды жҥргізу бойынша әдістемелік ҧсынымдамалар;
орта мектептердегі 7-11 класс білім алушыларына кәсіби диагностика жҥргізудің қҧралдарын қолдану бойынша әдістемелік ҧсынымдар;
ЕБҚ бар балалардың мамандық таңдауында отбасы, мектеп және жҧмыспен қамту мекемелерінің ӛзара іс-әрекеті бойынша әдістемелік ҧсынымдарды пайдалануға болады. (https://www.nao.kz)
Мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі олардың жеке мүмкіндіктерін ашуға бағытталған, атап айтқанда: үнемшілдік, іскерлік, қоршаған ортаға құрмет «Кӛркем еңбек», география, математика, физика, биология және химия, «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» сияқты оқу пәндерін оқу арқылы жүзеге асырылады.
Экономикалық тәрбиенің арқасында мектеп оқушылары экономика туралы, экономикалық қатынастардың дамуы туралы, нарықтық жағдайда бағыт-бағдар таба білуге және ӛз қызметін экономикалық тұрғыдан жүзеге асыру қабілетіне ие болады. Сыныптан тыс сабақтарда экономикалық сананы кӛтерудің негізгі құралдары мен формаларына тақырыптық сынып сағаттары, экскурсиялар, пікірталастар, рӛлдік ойындар және т.б. жатады. Мысалы бұған «Іскерлік қарым-қатынас этикасы», «Жарнама жасау ӛнері» сынып сағаттары, кәсіпорындарға экскурсиялар, «ХХІ ғасыр менеджері», «Жаңа басшы нені білуі және не істей алуы керек?» тақырыбындағы пікірталастар; «Кәсіпорындардағы даулы жағдайларды шешу» рӛлдік ойыны және т.б. жатады.
Экономикалық тәрбие экономикалық ойлаудың дамуын, экономикалық қызметте қалыптасатын адамгершілік және іскерлік қасиеттердің қалыптасуын, яғни: қоғамдық белсенділік, шешімталдық, бастамашылдық; қоғам игілігіне қамқорлық, адалдық; технологиялық процестер мен жабдықтарды жаңарту, жоғары сапа, жеке табыс және әл-ауқатты қамтамасыз етуі керек.
Экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны құрметтеу кешенді тәрбие ісшараларының жиынтығы арқылы жүзеге асырылуы керек. «Менің Экомектебім» жобасының аясында ӛсімдік түрлерінің әр түрлілігін және декоративті-ӛсетін ӛсімдіктерді (биоәртүрлілікті) кӛбейту; үйде және оқу орындарында энергияны тұтынудың құрылымы және оны азайту жолдары (энергияны үнемдеу); мектепте және үйде суды үнемдеп пайдалану мүмкіндіктері (суды үнемдеу); қоқыстардың пайда болу кӛздері, оны азайту жолдарын анықтау, қоқыстарды бӛлшектеп жинауды енгізу (қалдықтармен жұмыс) әдістерін зерттеу ұсынылады.
Сыныптан тыс жұмыстарда келесі ақпараттық-экологиялық, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды жандандыру маңызды, олар: іс-шаралар, кӛрмелер, мектеп пен айналаны кӛркейту, экологиялық бастамалар, жергілікті тұрғындарға экологиялық білім беру. Білім алушыларға экологиялық білім берудің ең тиімді нысаны – Эко-фестиваль ӛткізу: ғылыми жобалар, экоізденістер, кӛркемдік нысандарды қоқыстардан қорғау бойынша семинарлар, қоршаған ортаның ӛзекті мәселелері бойынша ғылыми жобаларды қорғау, театрландырылған қойылымдар, эко-материалдардан, мүмкін қайта ӛңделген материалдарды қолдану арқылы ӛнімдер шығару.
Экологиялық тәрбие негізіне білім алушылармен білім беру ұйымдары, аудан, қала аумағындағы жасыл алаңдарды кӛгалдандыру және абаттандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырудың; «Жасыл ел» қозғалысы аясында жас кӛшеттер отырғызу; табиғат аясын қоқыстан тазарту сияқты волонтерлік қозғалысқа қатысудың маңызы зор. Жалпы білім беру ҧйымдарының ісшараларына «Экочелендж», «Экоқалқан», «Эко-десант», «Гҥлді калейдоскоп», «Ең жасыл кабинет», «Жасыл» алтын», Плоггинг «Экожҥгіру» және т.б. осы тәрізді жобаларды ауқымды тҥрде енгізу ҧсынылады. 1-11 сыныптарға экология сынып сағаттарын ӛткізу үшін ұсыныстар әзірленді. Экология бойынша сынып сағаттары айына бір рет ӛткізіледі.