Білім беру ҧйымдарында



бет93/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

Пәні

Сын ыбы

БЖБ саны







ТЖБ балдары




1тоқса н

2тоқса н

3тоқса н

4тоқса н

1тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан четверть

4тоқса н
четве рть
















5-сынып













1.

Қазақ
тілі

5

2

2

2

2

30

30

30

30
















6-сынып













2.

Қазақ
тілі

6

2

2

2

2

30

30

30

30
















7-сынып













3.

Қазақ
тілі

7

2

2

2

2

30

30

30

30
















8-сынып













4.

Қазақ
тілі

8

2

2

2

2

30

30

30

30
















9-сынып













5.

Қазақ
тілі

9

2

2

2

2

30

30

30

30

Ескертпе: Тілдік пәндерде бӛлім бойынша жиынтық бағалауда сӛйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)
«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде)
Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/Оқу бағдарламалары/Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ әдебиеті). Білім мазмҧнын ҧйымдастырудағы ерекшеліктер:
5-9-сыныптарда оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрі м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен» жүзеге асырылады.

Назар аударыңыз!
«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы бойынша 9-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында К.Гамсунның «Аштық» романының орнына Қажығали Мұхамбетқалиевтің «Тар кезең» романы енгізілді.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты – оқушыларды шығармашылық ойлауға бағыттау, олардың ӛз ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау кӛрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және талдау, бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Жалпы білім беретін мектептерде әдебиетті оқытуда қазақ әдебиетінің мазмұнын, стилін, идеяларын және жанрын бағалай білуге, талдау жасауға, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.
Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым кӛпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының кӛлемі кӛбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.
Әр сынып бойынша дағдыларды қалыптастырып, дамыту үшін оқу мақсаттарының жүйесі берілген.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша қамтылатын шығармалар, сағат саны, оқу мақсаттары нақты кӛрсетілді.
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; кӛркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде кӛркемдік тұтастық пен кӛркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті ӛнердің басқа салаларымен (кескін, театр, кино, музыка) салыстыра қарастырып, ӛз ойын еркін, дәлелді, сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады. Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География» пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып, жүзеге асыру кӛзделеді.
Негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жҥктемесінің кӛлемі:

  1. 5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

  2. 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

  3. 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68сағат;

  4. 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 5) 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.

«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады:

  1. түсіну және жауап беру;

  2. анализ және интерпретация; 3) бағалау және салыстыру.

«Тҥсіну және жауап беру» бӛлімі аясындағы бӛлімшелер білім алушылардың тӛмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

  • кӛркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау;

  • әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу;

  • кӛркем шығармадағы образды ашу және сипаттау;

  • шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

«Анализ және интерпретация» бойынша:

  • әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді

талдау;

  • шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рӛлін талдау;

  • кӛркем шығарманың тілін, кӛркемдегіш құралдардың қолданысын

талдау;

  • кӛркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазу.

«Бағалау және салыстыру» бойынша:

  • шығарманың тарихи және кӛркемдік құндылығына баға беру;

  • әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына

баға беру;

  • шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу;

  • әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу дағдыларын дамыту.

Қазақ әдебиеті туындылары жасӛспірімдердің рухани қажеттіліктері мен даму мүмкіндіктеріне сәйкестендіріле, қазақша ойлау және сӛйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, монолог, диалог, пікірталас жасау дағдыларын қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған.
Үлгілік бағдарламада кӛркем шығарма санының аз болуы ұлттық құндылықтарымыздың оқушы бойына сіңірілуіне еш кедергі келтірмейтінін, ғылыми таным мен түсінік, салт-дәстүр мен ұлттық сана әдеби туындыларды талдап, зерделеп және бағалап, зерттей оқу арқылы ғана кӛңілге тоқылатынын ескеру керек.
Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, ӛзінің кӛркем құндылығын жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда кӛрсетілген тізімге сай жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет