Ӛлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері: Ӛлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Ӛлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат кӛзінің бірі.Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
6-сыныпта «Менің туған ӛлкем ӛлеңдер мен прозада», «Ӛлкені сипаттау ӛнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған ӛлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған ӛлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның кӛркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен ӛлкетану сипаттамаларын талдауға үйрету ұсынылады.
7-сыныпта «Туған ӛлке публицистика беттерінде», «Менің туған ӛлкем» электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда ӛңірде шығатын газетжурналдарды білуге, туған ӛлке туралы, шындық кӛзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге, энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады.
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру ҥшін (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ҧсынылады: Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды бағалау;
сабақтастырудағы шеберлік;
Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру;
«Эссе жазу стратегиясы туралы»;
Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.
Негізгі білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім мазмұны мұғалімді де, оқушыны да оқу әрекетіне белсенді қатысуға, ӛз пікірін айтуға, ӛзінің сӛйлеген сӛзіне дәлел келтіруге, кейіпкерлер арқылы ӛмірлік ситуацияларды шешу жолдарын ізденуге, ең бастысы жаңаша ойлайтын тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жҧмыстар мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ҧйымдастыру кезінде 2020-2021 оқу жылында аталып ӛтілетін мерейтойлық кҥнтізбелік кҥндерге назар аударуды ҧсынамыз: 2019 жылғы 9 шілде – қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, жазушы, публицист, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл
(1889 - 1931);
15 қазан – қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл (1924-1991);
15 қазан – қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл (1894-
1939);
22 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан тұлға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 95 жыл
(1924);
15 қараша – қазақтың кӛрнекті жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл (1894-1938)
25 желтоқсан – халық жазушысы, қазақ ақыны, журналист, Қазақстан
Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Фариза Оңғарсынованың дүниеге келгеніне 80 жыл (1939 - 2014);
2020 жылғы 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл (1845 1904).
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар тӛмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:
базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;
оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар ӛткізу; - кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, ӛздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.