Сабақтың басы
|
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
– Балалар, сендер достық деген сөзге қалай түсінік бересіңдер?
1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Шын досты қалай білуге болады?
3. Өзіңнің досың туралы не айтасың?
4. Дос болу үшін адам қандай болуы қажет?
5. Сен ол туралы әңгімелеп бер бізге.
8. Достық тек адамдар арасында ғана бола ма?
9. Сендер мына мақалды қалай түсінесіңдер: «Көп ақшаң болғанша, көп досын болсын».
|
Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
|
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
|
Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер
|
Сабақтың ортасы
|
Екі дос ертегісін үнтаспадан тыңдау
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
– Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, – дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
– Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, – дейді.
– Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
– Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, – екі көзіңді ойып аламын.
– Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, – дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
1. Екі жауынгер қалай дос болыпты?
2. Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді?
3. Қолбасы оны қалай сынамақ болды?
4. Бұлар қалай достасты?
«Достық туралы мақал -мәтелдер
1. Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
2. Аққуды атпа,
Досыңда сатпа.
3. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
4. Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
5. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
6. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
7. Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
Балалар, бүгін біз: «Ренжістік, Достастық» ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін шын достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер:
«Ренжістік» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер.
«Тоқта» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңды беріп тұрасыңдар
«Достастық» деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп, өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.
|
Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
Дескриптор:
өзгерістерін жіктейді
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады.
|
|