PISA деген-бұл оқушылардың білім жетістігін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама (Programme of International Student Assessment).
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлама АҚШ, Нидерланды, Австралия, Жапония және басқа елдердің педагогикалық өлшемдер саласындағы жетекші ғылыми ұйымдармен бірлесіп атқарылады.
PISA құжатында атап көрсетілгендей, зерттеулердің мақсаты-жалпы міндетті білім алған оқушының қазіргі технологиялық, ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүруі үшін қажетті білім мен дағдысын, мектепте алған білімін өмірде қолдана білу, өз бетінше оқу қабілетін бағалау.(«Білім және қоғам» Егемен қазақстан газеті)
2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші рет қатысты. Нәтижелер мыналарды дәлелдейді:
Біріншіден күнделікті жағдайларда қазақстандық оқушылар бағдар алуға әзір емес болып шықты.
Екіншіден математикалық сауаттылық өте төмен деңгейде.
Үшіншіден жаратылыстану –ғылымы бойынша білімді пайдалануда қайтадан зерделеуді
талап етеді .
Сонда сараптаулар бойынша Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің мықты пәндік білім беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін көрсетеді.Себебі қай бөлімде болса да пайыздық көрсеткіш төмен.
Мәліметтер [http:\\www.atyran-business.com. ][3 ] сайтынан алынды.
Ал Шығыс елдерінің оқушыларының халықаралық зерттеулерде( PIZA халықаралық ассоцияциямен жүзеге асырылатын (IEA) TIMSS (Trends in International Mathematics and Science Study) математикалық және жаратылыстану-ғылыми білім беру сапасының салыстырмалы зерттеуі) жоғары білімділігін көрсетіп жүргені себептерінің бірі ретінде мұғалімдердің өз біліктілігін екі жылда бір рет көтеріп отырғандығы көрсетілген.
Қазіргі уақытта зерттеулерден, салыстырулардан көрінгендей озық, дамыған елдердің білім беру жүйесі бірқалыпты құрылымдары бар екенін дәлелдейді. (PISA, TIMES- зерттеулерінің алғашқы орындарында тұрған елдер). [4]
Сондықтан әлемдегі дамыған елдердің қатарынан қалмау үшін өз еліміздің білім жүйесіне реформа қажет. Дүние жүзінің дамыған елдерінде Германияда, Канада елдерінде де жалпы білім беру ұзақтығы 12-13 жыл, Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда – 12 жыл. [1].
Бұл білім реформалары біздің мемелекет үшін де аса қажетті.
Жапония елінің ұлттық рухта тәрбиелеу әдіс-тәсілдері бізге өте қонымды. Себебі біздің менталитетімізге лайықты деп ойлаймын. Сингапур елінің білім беру үдерісіндегі оқушылар үшін жасалған үздіксіз білім беру тәсілі де орынды қолданылса деймін.
Сонымен қатар оқушылардың білімге деген ынтасы мен пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында – жобалау(Финляндия еліндегі) тәсілі болып есептеледі. Жобалау әдісі – зерттеу шығармаларының жұмыстары, ойын және ғылыми түрде практикаға бағытталған.
Сонымен бірге мемлекетіміздің іргетасын қалайтын болашақта текке білімді ұрпақ болып есептеледі. Ал сол білімді ұрпақты тәрбиелейтін, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістететін негізгі тұлға – мұғалім. (Strong, 2011).
Қорыта келе Қазақстанда 2012-2013 жылдан бастап:
-1-сыныптан бастап, «Ағылшын тілі» пәнін оқуға көшті
- Информатика пәні 5 сыныптан бастап оқытылуда
-2015 жылдан бастап, 12 жылдық білімге көшеді
-Кембридж университеті оқытушыларының басшылығымен Педагогикалық шеберлік орталықтары жұмыс жасауда.
-Коучерлер мен тәлімгерлер дайындалуда.
-Оқытудың жаңа тәсілдері енгізілуде
-Сыни тұрғыдан ойлайтын қарапайым мұғалімдерден көшбасшылар моделі дайындалуда.
Яғни біліктілікті арттыру жүйесі қолдау тапты. Қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін, сындарлы оқытудың тиімді тәсілдеріне тартылулары қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күн санап өсуде, ал оқушылардың топтарына инклюзивті және сезімталдықпен білім алуға мүмкіндік береді. [4]. Осындай түбегейлі өзгерістерді енгізу үшін мұғалімнің рөлі өзгеше болады. [Саймон Синектің 2009- алтын шеңберінде неге – мектепке өзгеріс енгізу қажеттігін дәйектеп, оны басқару үдерісін білдіреді. Мектеп көшбасшылары өзгерістерді не үшін енгізіп отырғанын жетік біліп, оны өз командасының барлық мүшелеріне жеткізуі тиіс.( Коучинг,тәлімгерлік)Ал неге деген сұраққа жауап беру үшін оқыту және оқушылар туралы жан-жақты, терең білімнің болуын қамтамасыз етеді. Әрбір көшбасшы бұл тәсілдерді енгізу үшін қалай жасау керек екенін түсінеді. Ал бұл сұраққа жауап беріп қана қоймай мектепке нені енгізу қажет, қалай жасаймыз, не істеу керек деген сұрақтар көлемінде ойлансам ,төмендегідей .
Ең бірінші қазіргі кезеңде мектептегі басқарушы әкімшілік мүшелері «Кембридж тәсілінің, теориялық негіздері» курстарынан өтсе. Себебі, иерархиялық басқару жағдайы тамыры тереңге жайылып кеткен. Ал көшбасшы директор немесе әкімшілік мүшелерінен басқа, қарапайым мұғалімдер де бола алады. Яғни зерттеулер, салыстырулар көрсеткендей, мемлекетаралық өзара тәжірибе алмасу дәлелдегендей өз мемлекетімізге өзгертулер аса қажет ол адамның, құзырлылығына және оқушының, мұғалімнің қабілетін дамытып; оқушылардың функционалдық сауаттылығын, есептеу дағдыларын арттыу үшін әдістемелер өте керек. Ал басты тәсілдің негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне назар аудару болып табылады. [4]
Әлемдік тәжірибеде зерттеулер көрсеткендей – білім беруді жаңарту үнемі алға қарай жүру; ал алға қарай дамып, өзгерту үшін, яғни реформа жүргізу үшін кезең-кезеңімен болатын мектеп құрылымындағы түрлі дамуды зерделеу, зерттеу болып табылады. Мұғалімдер өздері түсініп барып, өзгеріс енгізеді. Өзі түсінбей ештеңеге қол жеткізе алмайды. (Саймон Синек алтын шеңбері). Ағайынды Райттардың қалай жетістікке жеткенін өз теориясында дәлелдеп берді. Сұрақтарды өзіне дұрыс қойып, дұрыс жауап алған адам үлкен жетістікке жетеді.
Бұл жағынан мұғалім өзі дамымаса өзгеріс әкелуі мүмкін емес. Ал бұған мектептің психологиялық және әлеуметтік жағдайлары бірден-бір кедергі болып табылады. Енді осы өзгерістерді мектепке енгізу үшін алдыма қандай мақсат қойдым дегенге келсек. Ол ең алдымен мектептен басталатын оң үдерістер.
«Өзім үйрете жүріп үйренем» (Сенека) дегендей-мұғалім өзіне қажетті жұмыс көздерінің «ресурсы» ретінде өз бойындағы жақсы дағдыларын жетілдіру керек. Ол адами
қасиеттен бастап,білім-білік үдерісі болып есептеледі.
Мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber 2007 Mourshael).
Мектептегі көшбасшылар оқушылардың нәтижелеріне тікелей ықпал етеді деген көзқарас пен пікір халықаралық педагогикалық қоғамды елең еткізіп отыр.
Қазіргі дамыған өзгермелі қоғамда мұғалімдер сол ағымға дайын болуы керек. Себебі біз тәуелсіз халықаралық қоғамдастықта өмір сүрудеміз, олай болса бір елдің жетістігі немесе күйреуі өзге елдерге ықпал етуі мүмкін. Ал біздің мұғалімдер мен
оқушылар осы күрделі мәселелерге күрделі шешім таба ала ма, оған дайын ба? Әрине бұл күмәнді, нақты жауап жоқ. Бүгінгі таңда мектеп көшбасшыларының анықтамасы түрленуде, себебі мектеп көшбасшыларынан күтілетін жетістіктер өзгеруде. Жетістік деп отырғанымыз ең бірінші ол - оқушылардың нәтижелері. Көптеген өзге ердерде жүргізілген зерттеулерге тоқталып болсақ Жаңа Зеландияда, мектеп көшбасшылары мектепті басқаруда, өнімдеуде маңызды роль атқарғанын көрсеткенімен, оқушылардың оқу үлгеріміне мұғалімдердің сабақ барысында орнататын сыныптағы ахуал басты ықпал ететіні анықталған. Сондықтан мектеп басшылығы сабақты қалай тиімді оқыту керектігін, ол үшін мұғалімге қандай көмек керек екенін білуі керек болады. Жаңа Зеландияны зерттегендегі үздік айғақтарға
сүйенсек мектеп басшылығы мұғалімдердің білім алып, демалуына ықпал етуі және бұл үдеріске тікелей қатысу үлкен ықпал еткендігін көрсеткен.
Сондай – ақ Канадада (Levin 2012), Сингапурде (Schteicher 2012), Финландияда (Ministry or Edvedion 2007) өткізілген зерттеулер мен талдауда (Pobinson 2009) жастар мен оқушылардың жетістікке жетудің басты кепілі –ол – мектеп басшылығы мен мұғалімдер үшін басты мәселе оқыту мен оқу болуы тиіс екенін делелдеген.
Бұдан шығатын қорытынды, оқушылардың оқуының нәтижелілігі– мұғалімдердің оқу үдерісінде тиімді әдіс-әсілдерді пайдалана отырып, сыныптағы ахуалға ынтымақтастық атмосферасын орнату арқылы оқушыны жетістікке жетелеу болып табылады.
Әрине бұл тек мұғалімнің ғана жауапты ісі емес, ол үшін мектеп әкімшілігі, басшы, әріптестер қолдау көрсетіп бірге атсалысуы қажет. Ол үшін, мұғалімдердің кәсіби өсуін жолға қою керек. Көшбасшылар бойынан бастамашылдық, өз қызметін ұсынатын,көмек қолын әр қашан беретін, өзгелерге ықпал ететін, оқушылардың мінез-құлқын модельдей алатын, жаңалыққа бейім, білімділік қасиеттерді жеке алуымыз керек. Ондай көшбасшы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру үшін деңгейлі оқытуға курстарға көптеп жіберу қажет. Сондай- ақ курсты меңгеріп келген мұғалімдерге мектеп басшылығы талабынан қолдау көрсету керек.Егер әрбір мұғалім алдына жақсы мақсат қойып ,сол мақсатқа жету үшін педагогикалық ұстаным , шеберліктерін пайдаланып, іс-әрекеттер жасаса ,
өзгеріс болады.Мен әзірше теориялық тұрғыдан қаруланған мұғаліммін ,енді оны практикада іске асырамын.
Пайдаланылған әдебиеттер мен қолданылған сайттар:
[Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы жолдауы].