Білім беру жїйесіндегі јдістемелік ќызметтіѕ ролі, бїгінгі кїн талабына сјйкестігі


ІІІ. Әдістемелік бірлестіктің құрылымы



бет21/28
Дата08.02.2022
өлшемі310 Kb.
#122480
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
мектептегі әдістемелік жұмыс Полатова А

ІІІ. Әдістемелік бірлестіктің құрылымы.


Әдістемелік жұмыстарды мектептің ұжымдық басқару органы-педагогикалық кеңес жүзеге асырады.
Әдістемелік жұмыстар білім беру ұйымдарында ұжымдық және жеке нысандарда жүзеге асырылады.
Әдістемелік бірлестік. әдістемелік кеңес белгіленген пәндерден немесе ұқсас пәндерден үш және одан да көп мұғалімдер болғанда құрылады.
Білім беру ұйымында бір пәннен үщтен аса педагог болса бірнеше ұқсас (родственных) пәндерден пәндік циклдік және пәнаралық бірлестік құрылады.
Педагогтардың саны жеткіліксіз болған жағдайда әдістемелік комиссия ауданның, қаланың бірнеше оқу орындары педагогтарын сәйкес пәндер бойынша біріктіретін әдістемелік бірлестік (кустовые) комиссиясы болып құрылады. Нақты мәселелерге байланысты пәнаралық бірлестік қажет болған жағдайда құрылады. Сынып жетекшілері үшін мектептің әдістемелік бірлестігі құрылады. Әдістемелік бірлестіктің қызметі ұжымдық және жұмыс нысандарымен үйлеседі.
Әдістемелік бірлестік тәжірибелі және білікті педагогтардың ішінен сайланған төрағасы басқарады.
Әдістемелік кеңестің құрамын, оның төрағасын директор бекітеді де білім беру ұйымының бұйрығымен бекітіледі.
Білім беру ұйымының басшылары педагогикалық қызметіне сәйкес әдістемелік бірлестік мүшесі болады.
Әдістемелік кеңестің жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін оқу орнының нақты жағдайларына және педагогтардың дара қабілеттілігіне қарай әдістемелік бірлестік мүшелері ерікті таңдайды. Әдістемелік бірлестіктің басшысына ставка үлесі мөлшері бойынша 15℅ қосылады.
Бірлестік жұмысына ғылыми қызметкерлер, білім беру ұйымдарының жоғары және орта арнаулы оқу орындарының мамандары қатынастырылуы мүмкін.
Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары, әдеттегідей, бір жылға, оқу жылындағы педагогикалық ұжымның алдында тұрған міндеттерді шешуге және өткен оқу жылындағы педагогикалық оқу іс-әрекетінің нәтижелерін талдау негізінде жасалады.
Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары білім беру ұйымдарының әдістемелік жұмысының мәліметтік жоспарының құрамды бір бөлігі болып кіреді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет